Ортасы
|
— Балалар, бүгінгі оқитын әңгімеміз ағаш отырғызуға байланысты «Ағаш неге ашуланды?»
Автор туралы қысқаша түсінік. Әңгімені жазған балалар жазушы – Бердібек Соқпақбаев.
Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. 1949 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітіреді. «Жұлдыз», «Балдырған» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағының аппаратында қызмет атқарады. Б.Соқпақбаев – балалар жазушысы. 1951 жылы ең алғашқы «Он алты жасар чемпион» деген кітабы шығады. Оның «Менің атым Қожа», «Жексен», «Жекпе — жек» кітаптарын балалар сүйіп оқиды.
1963 жылы «Менің атым Қожа» кітабы бойынша фильм түсіріледі. Ол халықаралық фестивальде арнаулы сыйлыққа ие болды.
— Әңгімені оқымас бұрын, сендер ағаш туралы не білесіңдер? («Ағаш» сөзіне ассоцияция құрату)
таза ауа
сая қорғаныш
оқу құралы көрік
дәрі — дәрмек
жиһаз
оттегі тірі табиғат
2.Ассоцияция әдісі. (Ағаш деген сөзді естігінде ойларыңа не келеді, соның бәрін жазыңдар)
Әр топтан бір оқушы орындаған жұмыстарымен таныстырады. Кейбір сөздердің неге жазылғаны сұралады. Оқушылар жауабын толықтырып, қорытындылау.
Ағаш – өмір. Ағаш – байлық. Ағаш – тіршілік.
Мағынаны тану кезеңі.Топтық жұмыс.
— Ағаштар ашулана ма? (топта пікірлеседі, айтады)
— Ағаштарды орынсыз кессе, шапса, бұтағын сындырса, күтпесе ашуланады.
Дәлірек. «Ағаштардың неге ашуланғанын» білу үшін не істейміз? (Әңгімені оқимыз)
— Оқимыз, түсінеміз, талдаймыз, білеміз, үйренеміз!
Семантикалық кестемен жұмыс. «Ағаштар сыры»
Ағаштар аттары
|
|
Қайың
|
Емен
|
Бәйтерек
|
Терек— Жарықты жақсы көретін, тез өсетін, гүл шоғы сырға тәрізді, қабығы ақ, көрікті ағаш. Оның діңін құрылысқа, үй жиһаздарын жасауға пайдаланады
|
|
|
|
|
1000 жылдан астам өмір сүре алады. Ағашы өте мықты. Сондықтан оларды үйлер мен кемелер салу үшін пайдаланған.
|
|
|
|
|
— Әделейіп адам қолымен отырғызғандай түп – түзу болып биікке бойлап өседі
|
|
|
|
|
Суды тамыры арқылы сіңіріп, бір өзі, бір жазда 2000 литрге жуық суды жапырағы арқылы буландырады
|
|
|
|
|
|
|