Алла Тағаланың әрбір бұйырған бұйрықтарын орындап, тыйыл дегенінең тыйылу өмірдегі мақсатымыз. Яғни, намаз оқы десе – намаз оқу мақсат! Ораза ұста десе – ораза ұстау мақсат! Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тый десе – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю мақсат! Харам жеме десе – харам жемеу мақсат! Пара- пайыз алма да, берме де десе – пара-пайыз алмау және бермеу мақсат! Өсек-өтірік айтпа десе – өсек-өтірік айтпау мақсат! Сөздеріңде тұрыңдар десе – сөзімізде тұру мақсат! Ар-намыс пен ұяттарыңды сақтаңдар десе – ар-намыс пен ұяттарымызды сақтау мақсат! Әке-шеше, ағайың-туыс, жоқ-жітікке жәрдемдесіңдер десе – жәрдемдесуіміз мақсат! Қысқасы бүкіл өмірімізді Алла Тағаланың қалауымен өткізуіміз – біздің негізгі мақсатымыз.