Мен мұсылманмын деген адамды мына нәрселер қайғыртуы керек: Намаз оқи алмай қалса – қайғыруы керек. Неге? Өйткені намаз оқуы –мақсат. Ораза ұстай алмаса – қайғыруы керек. Неге? Өйткені ораза ұстауы –мақсат. Біреуге жәрдем бере алмай қалса – қайғыруы керек. Неге? Өйткені өзгелерге жәрдем беруі – мақсат. Ар-намыс тапталып, ұят кетсе – қайғыруы керек. Неге? Өйткені ар-намысты қорғау мен ұятты болуы – мақсат. Өсек-өтірік айтып, харам жесе – қайғыруы керек. Неге? Өйткені өсек-өтірік айтпау мен харам жемеу – мақсат. Қысқасы, Алла Тағаланы қаһарландыратың амалдарды тәрк етуі – мақсат.