Ал енді мыналар біз үшін қосымша нәрселер болып табылады. Үй, машина, жер алуымыз – қосымша! Телефон, компьютер, үй жиһаздарын алуымыз – қосымша! Киім, тамақ, жұмыстарымыз – қосымша! Мақсат еткен нәрселеріміздің орындалмауы бізді уайым-қайғыға салады, ал қосымшалар да болса - олар бізді қайғыртпайды, болса жақсы болар еді деумен ғана шектелеміз деген болатынбыз. Бұдан былай жоғарыда айтылғандардан, бір мұсылман баласын қайғырту керек болған нәрселер мен қайғыртпау керек болған дүниелер белгілі болады.