ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚР Білім және ғылым министрлігінің
04.08.2003 жылғы № 528
бұйрығымен бекітілген
ТИПТІК ОҚУ БАРДАРЛАМАСЫ
(жоғары кәсіптік білім)
Шетел әдебиетінің тарихы
Қазақ тілі мен әдебиеті
мамандығы үшін
(30 сағат)
Алматы, 2003
1. Пәннің типтік оқу жоспары (егер де міндетті компонент болса) немесе жоғары оқу орнымен бекітілген оқу жоспары.
1.1.. Мұханбетқалиев Әскен Самұратұлы - қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы
Қазақ филологиясы кафедрасы №4 ғимараттың 4-қабаты, 409-бөлме
1.2. «Шетел әдебиетінің тарихы»
Семестр 15 оқу аптасынан және 2 апта сессиядан тұрады. Бір аптада 4 кредит сағат саны, әр кредит сағат саны (дәріс, практика) төрт байланыс сағаттан және 4 ОЖСӨЖ тұрады.
Аптаға кредит –сағат санының бөлінуі
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Сабақ
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты
4
(2 дәріс, 2 семинар)
|
50+50 минут
50+50 минут
|
ОЖСӨЖ
|
50+50 минут
50+50 минут
|
Оқу жоспарынан көшірме
Курс
|
Семестр
|
Кредит
|
Дәріс
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
Барлы
ғы
|
Бақы
лау түрі
|
ІІІ
|
Ү
|
4
|
30 сағ.
|
30 сағ.
|
28 сағ.
|
88 сағ.
|
емтихан
|
1.3. Курсқа қысқаша сипаттама: «Шетел әдебиеті тарихы» пәні – жоғары оқу орындарында
соңғы кездерде оқытылып жүрген пән. Бұл курста Шетел әдебиеті тарихының кезеңдері, қалыптасуы, Шетел әдебиетіндегі ақын-жазушылардың шығармалары жөнінде мәселелер кеңінен қарастырылады.
Курстың мақсаты: Шетел әдебиетінен іздейтініміз - өзіміздің еліміздің руханиятына ұқсас жағы, тарихи байланыс, көрнекі ойлау жүйесі, мақсат-мүддеміз.
Курстың міндеті: 1. Шетел әдебиетінің ақын-жазушыларымен танысу;
2. Шетел әдебиеті шығармашылығының қыр-сырымен танысу;
3. Шетел әдебиетін ұлттық әдебиетімізбен салыстыру;
Курс мазмұны: Шетел әдебиетінің қалыптасу тарихы, кезеңдері туралы, антикалық әдебиеті жөнінде, Батыс Еуропа, Орта Азия елдерінің әдебиетімен таныстыру.
Пререквизиттер: Орта білім беретін мектепте оқылған әдебиет пәні.
Постреквизиттер: Курс соңында студент шетел әдебиетінің бай әдеби мұраларымен жан-жақты танысып, олардың тақырыптық, жанрлық, көркемдік сипаттарын талдай білуі қажет. Әдебиетті зерттеген ғалымдардың ғылыми еңбектерімен танысып, теориялық білімін практикада қолдана білуі тиіс.
Оқыту әдістемесі:
Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. Студенттердің білімін тексеру ауызша және жазбаша жаттығулар, тест жұмыстары және жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала белгіленген кесте бойынша әр апта сайын кеңестер жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |