Ж. Қазақ филологиясы кафедрасы



бет126/171
Дата06.02.2022
өлшемі3,41 Mb.
#35658
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   171
Тексеру сұрақтары:
1.Феодалдық қүрылысқа жан-тәнімен қарсы келесі ұрпақтың өкілдері — Д. Дидро (1713—1784). К. Гельвеций (1715—1771), П. Гольбах (1723—1789) басқаша көңіл-күйде болды. Олардың помещиктік меншік пен сословиелік артықшылықтарды мүлде жойып, деспоттық өкіметті құлатуға шақырды. Себеебін анықтаңыз.
2.Петрарка мен Бокачоның ықпалы Чосердің қай шығармасында анық байқалады? Әңгімелеңіз.
Әдебиет : 3 бөлімде (Сабақ мазмұны мен кестесі) көрсетілген.

21 Дәріс. Тақырыбы: XVIII ҒАСЫРДАҒЫ АҒЫЛШЫН ӘДЕБИЕТІ


Қарастырылатын сұрақтар:
1. Эфвуэстің хаттары мен ғылыми трактаттары.
2. Джон Лили (1554-1606) романдарының маңызы, посторальдық роман жазушылар Томас Лодж, Роберт Грим, Филипп Сидней шығармашылықтары.
Дәріс мақсаты: XVIII ғасырдағы ағылшын әдебиетінің даму барысымен мәлім ету.
Дәріс мазмұны:
ХVІІІ ғасырда поэзиямен қатар ағылшын романы да әртүрлі формада дамыды. Ағылшында сарай ақсүйектерінің арасында дамыса посторальды романдар болып есептеледі. Кейіннен жалпы көпестерге, өндіріс иелеріне, еңбек адамдарына арналып жазылып жүрді. Ренессанс дәуіріндегі бірінші роман Джон Лилидің “Эвфуэс” романы.
Джон Лили (1554-1606) Оксфард университетінде классикалық білім алған, романист болумен қатар драматургия саласында да қалам терген. “Александр және Компаспа”, “Сафо”, “Фаон”, “Эндимион” пьесалары бар. Сюжеті жағынан біріне-бірі байланысын таппайтын эпизодтар көп кездеседі. Эфвуэстің хаттары көп жағдайда ғылыми трактаттар сияқты. Мысалы, Эфвуэс пен атейстің арасындағы діни сұхбат. Романның қоғамда қызығушылық туғызу себебі стилінде. Осыған байланысты XVIІІ ғасырда эфвуизм стилі пайда болды. Эфвуизм астарында үйіп-төгіліп, риторикалық амал-тәсілді пайдаланған метафора, аллитерация, ассонанс, теңеу, түрлі-түсті ерекше бояу сөздер. Бұл стиль сол кездегі ағылшын қоғамында үлкен жаңалық еді. Сол себепті жаппай бұл стильде сөйлемек әуреге түсті. Француз тілінде сөйлей білмеген ақсүйек қандай болса, эфвуизм стилін қолданбаған ағылшын сондай дәрежеде еді. Шекспир өзінің “Алғашқы жылдар” туындысында жеміссіз махаббат әрекетін суреттеген. Шекспир мұндай мәнерді Армадо образында эфвуизмді карикатура деңгейіне жеткізеді, қатты сынға алады.
Сол секілді роман жазуда ғылыми голландтық, посторальдық роман жазушылар Томас Лодж, Роберт Грим, Филипп Сиднейді атауға болады. Филипп Сидней “Аркадий” романын “Эфвуизм” романымен қатарлас деп әкелген. Бұл роман сарайдың және Грецияның табиғат аясындағы өмірін идилия арқылы суреттейді. Роман сюжеті жағынан авантюралық рольдер қатарына жақын. Лодж небары үш роман жазды. Ең үздігі “Розалинда”. Кейіннен бұл роман Шекспирдің “Бұл сізге қалай ұнайды?” комедиясында жалғасын тапты.
Ағылшын романы негізінен қоғамдағы өндіріс, еңбек, шаруашылық адамдарды суреттеуге бағытталған комедиялар көп жазылды. Ондай шығармалар Томас Дилонның, Томас Нештің шығармасынан табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   171




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет