Дәріс мақсаты: XVIII ғасырдағы ағылшын әдебиетінің даму барысымен мәлім ету.
Дәріс мазмұны: Елдегі тарихи ахуал. Француз ағартушылығы. Шарль Можтескье (1689-1755(. “Пареп хаттары” философиялық роман. “Заңдар өзені” еңбегі – автордың жалпы заң ұғымына к-өзқарасы. Вольтер (1694-1778)-шығармашылығы. Франсуа – Мари Аруэ –Вольтердің шын аты. Өмір жолы. Еңбектері. Вольтер эстетикасы. “Генриада” поэмасы. Философиялық көзқарастары. Дени Дидро шығармашылығы. Еңбектері. “ Актер туралы парадокс”, “Племянник Рамо”, “Монахиня”, “Жак-фаталист”. Жан Жак Руссо. Шығармалары. Философиялық көзқарастары. “Жаңа Элоиза” романы. “Эмиль” – философиялық роман. “Исповедь”. Бомарше шығармашылығы. Комедиялар. “Севиль шаштаразы”, “Фигароның үйленуі”. Ағартушылар және рококо өнері. Француз сентиментализмі. Неміс әдебиеті. Тарихи жағдай. Лессинг және Шиллер шығармашылығы. Гете творчествосы. Эстетикалық, философиялық көзқарастары. Еңбектері. Тарихи жағдай. Жалпы шолу. Француз революциясы. Ағартушылық. Ағартушылар әдебиетінің эстетикалық принциптері. Сентиментализм. Пайда болуы және дамуы.
Ағылшын әдебиеті. Даниель Дефо ”Робинзон Крузо”. Джонатан Свифт “Гуливердің хикаялары”. Ричардсон “Памела” немесе “Кларисса Гарлоу, немесе жас ледидің өмірі”.
ХҮІІІ ғасырдағы ағылшын драмасы. Ағылшын театры. Джозеф Аддисон (1672-1719), Джордан Милло (1693-1739), Ричард Бринсли Шеридан (1751-1816). Стерн (1713-1768) шығармашылығы. “Тристрам Шендидің өмірі мен пікірлері”, “Сентиментальдік саяхат”. Роберт Бернс (1759-1796) шығармашылығы. Өмір жолы. Шығармалары. Жан Жак Руссо Женева қаласында 28 маусым 1712 жылы дүниеге келген. Ата – анасы француздықтар. Руссоның әкесі мамандығы бойынша часовщик болып істейді. Дүниеге болашақ жазушыны әкелу үстінде анасы қайтыс болады. Алғашқы өмірге басқан қадамы сәтсіз аяқталады. Ал 10 жасында Руссоны әкесі тастап, Женева қаласынан қашып кетеді. Ол бірінші шіркеуге латын тілін оқу үшін жіберіледі. Көп қиындықтарға тап болып, өмір тауқыметін көп көреді. 16 жасқа толған Руссо өзінің болашағына сеніп, үлкен таңғажайып, құпиясы көп өмірге қадам жасайды. Кейін бұл қиындықтарының бәрін өзінің “Исповеди” кітабында жазады. Онда Руссо былай дейді: “Мен біреуге тәуелді емеспін, өз өзіме қожамын, маған тек алға сенімділікпен батыл қадам жасау керек. Мен батыл қадам жасай алдым.”Кейін ол шіркеу адамдарын қызықтырмайды. Сосын оны олар шіркеуден 20 франк беріп босатады.
Руссо өзін музыка сабағының мұғалімі етіпте жариялайды. Тіпті музыкалық пьеса да жазады. 1741 жылы Париж қаласына барады. Ол кезде Руссо 29 жаста болады. Өзінің “Галантные музы”, “Нарцисс” атты екі поэмасын жазады. Бірақ та, екеуі де сәтсіз аяқталады.
Көп жылдар өтеді. Ал 1745 жылы ақпан айында Версале қаласында “Принцесса Новарская” опера – балеті өтеді. Соған Вольтер пьеса жазып жүреді. Опера барлық сарайды қызықтыра түседі. Бұл уақытта Жан Жак Руссо Париж қаласында болады. Герцог Ришелье Вольтерге Руссомен бірге жұмыс жасауды ұсынады. Міне, сол себепті Жан Жак Руссо Вольтерден хат алады.Онда былай делінген: “Сіздің бойыңызда екі талант бар. Бұндай қасиет бұрын да, қазір де еш адамның бойынан табыла қойған жоқ. Мен сол үшін де сізді құрметтеймін. Бірақ, маған ең өкініштісі сіздің талантыңыздың бағаланбауы”.
Бұл хатты Жан Жак Руссо құдайының берген сыйындай қуана қарсы алып, құлшына іске кіріседі. Руссо өзінің есімі ендігі жерде Вольтер, Рамо сынды белгілі жандардың қатарында болатынына қуанады. Көптеген ұйқысыз түндер мен күндер пьеса жазуға кетеді.
Руссо да Вольтерге өзінің тамаша жүрек жарды сөздерімен хат жолдайды. Бірақ, бұл тамаша хаттардың соңы сәтсіздікпен аяқталатынын Руссо білген жоқ. Пьеса жазылып, сарайда қойылады. Бірақ онда Руссо есімі аталмайды. Оның кім екенін ешкім білмейді. Руссо үшін бұл үлкен соққы. Алдан үлкен үміт күткен Руссо түңіліп кетіп, корольдік баллдың бағдарламасын жыртып тастайды. Бұл жайттар жайлы да кейін өзінің ”Исповедь” кітабында жазады.Руссоға атақ бес жылдан кейін келеді. Ал философиялық романы “Эмиль” Руссо үшін ең сәтсіз болады.Париждік парламент 9 маусым 1762 жылы кітапты жыртып, оның авторын ұстауға үкім шығарылады. Жазушыға Франциядан да, Женевадан да қашуға тура келеді. Қайда бармасын, қайда болмасын оны ешкім қарсы алмады. Тамыз айында 1762 жылы париждік Хрестофор Бэмон барлық шіркеулерге “Руссо құдай және адам жауы” деген лақап таратады. Шіркеу адамдарын бұл өтірік аяқтарынан тік тұрғызады. Өмірінің соңғы 10 жылын Париж қаласында қайыршылықпен өткізеді. Руссо Вольтермен бір жылда өледі. Ол 1778 жылы 2 шілдеде өмірден өтеді. Руссо сүйегі революция кезінде Париж қаласына әкелінеді. Дидро 1713 жылы Лангр деп аталады ежелгі француздық қалада дүниеге келген.Дидроның әкесі –ұрпақтан –ұрпаққа жалғанып тұратын пышақпен жонып әр түрлі бұйымдар жасаудың шебері қолөнерші еді.Жанұясы ауқатты ,тұрмыс жағдайы жақсы Дидро астананың ең жақсы оқу орындарының бірі Гаркур деп аталатын париждік колледжде білім алады . Колледжде Дени Дидро үлкен қызығушылықпен ежелгі және жаңа тілдерді оқып үйрнеді , ақырында оны философия, қолонер ,өнер туралы білімдер қызықтырады .Әкесі ұлының священник болуын қалайды. Бірақ Дидроның священник болу ойында да жоқ екендігін біліп,оған материалдық көмек беруден бас тартады.1733 жылдан бастап Дидро өзінің әдеби жұмыстарына аз ғана ақша алып сонымен күн көретін интеллегенттер қатарына қосылады.
Дидро көптеген шығармалар жазды, солардың тек бір бөлігі ғана басылымға берілген. 1746 жылы «Философиялық ойлар” атты еңбегі Париж сотының бұйрығымен өртелінеді.Оған себеп ,ол осы еңбегінде християн құдайына сенуден бас тартуға шақырады.Бұл шығармаға қарсы болған Париж парламенті "Философиялық ойлар" туралы, олар Мұнда барлық діндер бір деңгейде қойылған. Оның түпкі мақсаты- бір дінді де қабыдамау деген болатын. 1749 жылы жазылған “Письмо о слепых в назидание зрячим " атты атеистік шығармасы үшін Венгер қамалы деп аталатын түрмеге 100 күнге қамалады,өйткені "Зағиптар туралы көзі ашықтарға хат "шығармасында Дидро дінді жоққа шығаратын нақты-нақты материализм принциптерін атап көрсетеді. 1750жылы Лебретон Дидроны “энциклопедияның” редақторы болуға шақырады.1750 жылы бастап өмірінің соқына дейін Дидро осы жұмыспен шұғылданады.Осы “энциклопедияда” өзінің мыңдаған статьяларын жариялаған.1760жылы Дидро өзінің “Монахиня” деп аталған романын жазады.
1773 жылы Дидро өмірінде ең маңызды оқиға болды ол Екатерина ІІ ұсынысы бойынша Ресейге келеді.Дидро Ресейге келіп оның тілін және әдебиетін меңгеріп өзімен бірге еліне көптеген орысша кітаптарды алып келеді. Францияға оралғаннан соң Дидро 1784 жылы қайтыс болады.