27
бойынша – «қалыптанған») сөйленіс типіне ұмтылу тән. Ғылыми
стиль арқылы белгілі бір ғылым саласында ашылған жаңалықтар
тіл арқылы ресімделіп осы жаңалыққа мүдделі адамдардың
арасына таратылады.
Стилистиканың зерттеу әдістеріне стилистикалық талдау
жатады. Оның нақтылы әдіс-тәсілдері: сөздіктер мен
анықтамалықтардағы стилистикалық белгілерді талдау, бейтарап
не стилистикалық бояуы бар тілдік құралдарды табу, бақылау,
мәтінді стилистикалық талқылау, стилистикалық эксперимент
жасау және жалпы тілдік әдістерді, нақтырақ айтқанда
сипаттама және салыстырмалы әдістерді пайдалану болып
табылады.
Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл
атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас
құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі
және олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым
болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып
немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің
қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті
қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады.
Стилистиканы ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеудің
перспективасы тілдегі дара стиль категориясын, көркем
шығарма тілін, функционалды стилистика, стилистикалық
ресурстар, ортология, сөз мәдениеті т.б. мәселелерді әр қырынан
және тереңірек зерттеуге ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: