Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет12/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

 
Ал қазақ әдеби тілінің функционалдық 
(мақсаттық) стильдерін зер ттеушілер үлкен екі салаға біріктіріп 
қарастырады. Яғни сөйлеу өтілі (сөйлеу стилі) және жазба тіл 
(публицистикалық, ғылыми, ресми іс-қағаздар, көркем әдебиет 
стильдері). Осыған байланысты стильдік қолданылу аясына 
қарай қазақ тілінің фразеологиясын екі ірі топқа бөлуге болады. 
1.Сөйлеу тілінің фразеологиясы:
а) фольклорлық ФЕ;
ә) ауызекі сөйлеу тілі ФЕ-сі; б) қарапайым ФЕ жатқызылады
сондай-ақ кәсіби, диалектілік фразеологизмдер де жатады. 
2. Жазба тіл фразеологиясы.
Бұл топқа көбіне жазу тіліне 
тән ФЕ кіреді. 
Фразеологизмдердің стилистикалық 
ерекшеліктерін 
қарастырғанда, «бейтарап фразеология» ұғымы қолданылады. 
Бейтарап сөзі жалпылама деген мағынаны білдіреді. Бейтарап 
фразеологизмдер дегеніміз – сөйлеу стилінде болсын, кітаби-
жазба стильдерінде болсын жалпылама қолданылатын тұрақты 
сөз 
тіркестері. 
Олардың 
ішіндегі 
этнографиялық 
фразеологизмдер
халықтың болмысына, әдет-ғұрпына тікелей 
қатысы 
болады. 
Фразеологизмдердің 
стилистикалық 
ерекшеліктерін айыра білудің маңызы зор. Бұл сөйлеу тілінде
экспрессивті бояуы әртүрлі фразеологизмдерді орынды 
жұмсауға, керекті жерінде қолдануға мүмкіндік береді. 
Сөз таптарының экспрессивтік-стилистикалық ерекшелігін 
зерттеуде олардың түрлі стильдердегі қолданысы басты назарда 
тұрады да, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, еліктеу 
сөздердің 
т.б. 
лексика-грамматикалық 
категориялардың 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


33 
стилистикалық белсенділігі мен мүмкіншілігін анықтау 
көзделеді.
Сөз таптарының экспрессивтік-стилистикалық ерекшелігін 
зерттеудің тағы бір маңызды тұсы – сөз таптары мен түрлі 
морфологиялық формалардың экспрессивтік қызметін талдау. 
Грамматиканың көркемдегіш-мәнерлегіштік қасиет-сапасы мен 
мүмкіндіктерін, 
олардың 
көркем, 
публицистикалық 
шығармалардағы шығармашылық тұрғыдан игерілу тетіктерін 
анықтау экспрессивтік стилистиканың міндеті болып табылады.
Сөз таптарының стилистикасы сөз таптарын және сөз 
семантикасын зерттеу аясында да кеңінен дамыды. Ш.Сарыбаев 
еліктеуіш сөздердің лексика-грамматикалық сипатын талдай 
келе, оның стилистикалық мүмкіншілігі жоғары екенін айтады. 
Ә.Болғанбаев, Б.Сағындықұлы, Ф.Оразбаеваның еңбектерінде 
сын есімдердің стилистикалық вариациясы мен синонимиясы 
зерттелді.
Сөз таптарының ішінде функционалдық және экспрессивтік 
тұрғыдан өзгермелі, қолданылу белсенділігімен танылатын 
сөздердің бір тобын зат есімдер мен етістіктер құрайды. Ғылыми 
зерттеулерде айтылып жүргендей, зат есімдердің стилистикалық 
қасиеті әсіресе кітаби стильдерде ерекше көрінеді, тек 
публицистиканың кейбір жанрларында және ресми іс-қағаздар 
стилінде ғана зат есімге қарағанда етістіктер көп қолданылып 
жатады. Сөз таптарының стилистикалық тұрғыдан кітаби 
тілдерде қолданысын анықтау арнайы статистикалық талдаулар 
жүргізіп, терең зерттеуді қажет ететін мәселе. Зерттеулерден 
байқалғандай, зат есімдер метафора, метонимия, антономазия, 
синекдоха, теңеу болу мүмкіндігі өте жоғары сөз табы болып 
табылады.
Сөз таптарының ішінде зат есімнің стилистикалық 
ресурстары ерекше айқын сезіледі. Көптік, жекешілік 
варианттары, 
септелу 
түрлері 
зат 
есімнің 
көпфункционалдығының көрінісі болып табылады. Сын есімнің 
стилистикалық ресурстары көп ретте оның варианттық 
түрлеріне байланысты болады. Тілдік ярустар тұрғысынан 
алғанда, сын есім сөздер синонимдердің барлық түрлеріне 
қатынасты болады. Сан есімдер де жалпыхалықтық тілде жиі 
қолданылады. Олар, көбінесе, мақал-мәтелдерде ұшырасады. Бір 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


34 
ретте мәтел ішіндегі сан есімдер қарсылықты қатынасқа түседі. 
Енді бір ретте сан есімдер параллель қолданылып, сол мақалдың 
не мәтелдің поэтикалық қуатын арттыру мақсатында 
пайдаланылады.
Есімдіктердің қай түрінің болмасын жұмсалу аясы барынша 
кең. Олар функционалдық стильдердің барлығында да белсенді 
қолданылады. Етістіктер – сөз таптарының ішінде мол 
қолданылатыны. 
Жиі 
жұмсалуына 
байланысты 
өзара 
сининимдік қатынасқа түседі. Ол синонимдердің біразы 
қалыпты сөз қолданысы жағдайындағы құбылыс деп қаралса
енді біразы автордың сөз саптауындағы ерекшеліктерін 
көрсетеді.
 
Тіл деңгейлері немесе тіл ярустары стилистикасының үлкен 
бір саласы – синтаксистік стилистика немесе стилистикалық 
синтаксис болып табылады. Бұл салада сөз тіркестері және 
олардың түрлерінің, жай сөйлем мен бір құрамды және 
толымсыз сөйлемдердің стилистикалық қолданыстары сөз 
болады. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі де стилистикалық 
тұрғыдан ерекше назар аударатын құбылыстардың біріне 
жатады. Күрделенген сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің 
стильдік мақсатта қолданылуы автордың даралығын көрсететін 
басты белгілердің бірі ретінде саналады. Синтаксистік 
синонимдер мен паралелль құрылымдардың стилистикалық 
мүмкіндіктері шексіз. Олардың көркем әдебиеттегі қолданысы 
ерекше назар аударарлық мәселе. Күрделі синтаксистік тұтастық 
құрамындағы сөйлемдер мен сөйлемаралық байланыстардың да 
тіліміздегі стилистикалық мүмкіндіктерін өлшеу мүмкін емес. 
Төл сөз, бөгде сөздің ешбір өзгеріссіз берілуін қамтамасыз ете 
отырып, 
сөйлеушінің 
психологиясын, 
интеллектуалдық 
жағдайын, қоршаған ортаға көзқарасын танытады. Ортақ төл 
сөзді авторлық баяндаудан да ажырата білу қажет. Ортақ төл 
сөздің құрамында сол кейіпкер аузынан айтылуға тиіс сөз 
қолданысына назар аударудың мәні зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет