Abstract This article analyzes the self-esteem of children with behavioral disorders and the work of scientists who have studied this problem.
It describes the types of deviant behaviors, the causes and factors of deviant behavioral disorders, the self-esteem of children with deviant behavior, as well as descriptive therapies, correction methods, and training.
Key words: self-esteem, behavior, deviation, deviant, aggression, psychotherapy, music therapy, training, therapy
Көптеген ғылыми әдебиеттерді мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың тұлғалық сипаттамалары бейнеленген. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша, адамның тұлғасы өзінің қарым-қатынасы, мінез-құлқының т.б. әсерінің нәтижесінде дамиды. Кейбір зерттеушілердің эксперименттік зерттеулерінде мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың даму ерекшеліктерінің кейбір жақтары қамтылған.
Жеткіншектік кезең, баланың психикалық сферасының барлық жағын өзгертетін кезең. Ерекше өзгерістер интеллектуалдық әрекетінің дамуында болып жатады. Жеткіншектік кезеңге әсіресе, танымды-лыққа ұмтылу, өз пікірінің қалыптасуы, инттелектуалдық мәселелерге шығармашылық көзқараспен қарау, тән болып келеді. Сонымен қатар, жеткіншектік жаста өзіндік дамуына байланысты дене бітімі өзгеріп, психологиялық дисгармония пайда болады.
Мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың қалыпты тұрғыда қалыптасуы, болашақта олардың шыншыл, иманды, арлы, парасатты, ізетті, әдепті, сыпайы, қайырымды болып, мемлекетіміздің саналы азаматы болуына әсер ететіні белгілі. Сондықтан да, біздің ғылыми зерттеуімізде жас ұрпақтың, әсіресе мiнез-құлықтарында ауытқушылығы бар балалардың теріс жолға түспеуін, адемгершіліктік-өнегелі қасиеттерінің жоғары және ізгі ниетті азамат болуына, олардың тұлғасының дұрыс қалыптасуы, яғни өмір талабына бейімделуі мен талаптану деңгейі үлкен ықпалын тигізетін жүйелі тұрғыда қарастыру маңызды болып табылады.
Психологиялық зерттеулер көрсеткендей мінез-құлқында ауытқушылығы бар тұлғаның өзі туралы пікірі, оның өз іс-әрекетін реттеудің маңызды тірегі болады. Адекватты өзіндік бағалау арқылы адамның өз жетістіктерін шынайы бағалауы негізінде өнегелік жайлы сұрақтар теориялық-эмпирикалық деңгейде зерттелген.
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалар жайлы зерттеулер бірнеше бағытта жүргізілді. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалар туралы А.Е. Личко, Л.В. Бороздина және басқалардың еңбек-терінде талданады [1,2]. Олардың пікірінше, адам іс-әрекет пен қарым-қатынас процесінде қоғамның басқа мүшелерімен өзара әрекеттесе отырып, алғашқыда өзінің қандай да бір қоғамдағы «Біз» ұғымының мүшесі ретінде сананы ұғынады және сананың ұжымдық формасын меңгереді. Адам эволюция процесін-де оның жеке басты мәні «ішкі менде» немесе ішкі жан дүниеге өтеді, тек осы деңгейде ғана тұлғаның өзіне-өзі ұқсастығы, яғни шынайы «мені» қалыптасады.
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың өзіндік бағалауы, яғни қоршағандарды ғана емес өзін де ұғыну, өзін «Мен» ретінде ұғыну – «іс-әрекетті саналы өздігінен тәуелсіз жүзеге асыру болып табылады және жеткіншектердің өзіндік бағалаудың қалыптасу процесіне оқу іс-әрекетіне берілген бағалау, жеке бастық сапалар, мінез-құлық шешуші рөл атқарады.
Өзіндік бағалау - өзіндік сана сезімдердің бірлігі, тұлғаның қасиеттеріне, сапасына деген қатынасы. Өзіндік бағалауға икемділік, орнықтылық, адекваттылық (жағымды, теріс) сияқты сипаттамалар тән болады. Өзіндік сана сезімдердің қалыптасуы жайлы шет елдік зерттеулерде К.Роджерстің жұмыстары мәнді. Өмір-лік тәжірибелерде қалыптасқан «Мен» бейнесі әлемді, басқа адамдарды қабылдауға, оларды бағалауға әсер етіп, соның негізінде адам өзінің мінез-құлқын өзіндік бағалайды. «Мен» концепциясы оң, амбивалентті және теріс болуы мүмкін. «Мен» концепциясы оң болатын индивид басқаларына қарағанда әлемді, адам-дарды бағалауы өзгеше болады. Оған келісімге келмейтіндер адам санасынан ығыстырылады [3].
Психоанализдің негізін салушы З. Фрейд өзіндік сананың дамуын анықтайтын факторларға туа пайда болатын биологиялық инстинкттер мен санасыз күштерді жатқызады. З. Фрейд санасыздықтың рөлін асыра көрсетіп, өзіндік сананың қалыптасуындағы тұлғаның практикалық іс-әрекетін, қоғамдық тарихи жағдайлардың мәнін терең бағалай алмады [4].
З. Фрейд идеяларын қарастыра келе неофрейдистер (Э.Фромм, К.Хорни және т.б.) өзіндік санаға әлеуметтік қажеттілікті де жатқызады. Неофрейдистер өзіндік сананың өмір жағдайларындағы және өзара тұлға аралық қатынастарға тәуелділігін мойындайды, алайда тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтік ортаның әсерін қарастырмайды. Дегенмен де, адамның дамуындағы ішкі психологиялық факторларға біршама тоқталып кетеді. Мысалы: ішкі факторларға бастапқы қорқыныш және тынышсыздық (К.Хорни, 1954), «Еркіндіктен қашуға» тырысу (Э.Фромм, 1941), және нәзіктілікті қажетсіну (Т.Саливан, 1965) сияқты құбылыстарды жатқызады.
А.Адлер айтуы бойынша: адамзат іс-әрекетін мотивтендіретін күшке - өктемділік пен жетекшілік жасауға тырысушылық жатады. Ол уайымшылдықтан құтылудың бірінші кезегінде бастапқы құмар-лықты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін мойындаумен байланысты қажеттілікте көрінеді. А.Адлер өзінің концепциясын дамыта отырып, бастапқы қажеттілік жақсы көру деп санайды. Өзінің соңғы еңбектерінде А.Адлер өзін толық жетілген деп сезіне алмайтын невротикалық тұлғаға тән өктемділікті және басымдылыққа тырысушылықты бағалады [5].
Өзіндік сананы көптеген терең зерттеулерге А.Маслоу, К.Роджерс және тағы басқалар жасаған зерттеулерді жатқызуға болады [6]. бұл концепциялардың барлығы психоаналитикаға қарама-қайшы келеді, бастапқыда адамға тән шынайы өзара жеке тұлғалық қарым-қатынасқа, сыйластыққа т.б. қажетті-ліктерде көрінетін адамның гуманистік табиғатына көп көңіл қойды. Көптеген шет елдік зерттеулерде өзіндік бағалауды жеке жоғарғы құнды қабілеттілікті өзіндік бағалаумен байланыстырады.
К.Роджерс өзіндік бағалау теориясын және өзіндік бағалауға психотерапиялы әсер ету курсын ұйым-дастырады. Оның ойынша өмірлік жағдайларға ең оңай бейімделу өзіндік бағалаудың икемділігін дамыту болып табылады, яғни өзіне деген адекватты қатынасты дамыту, бұл басқа адамдармен қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыруға, өзін-өзі сыйлаудың жоғарылауына әкеледі. Адам үшін «Меннің» саналы компоненттері адамның мінез-құлқын реттеудің негізгі құралы болып табылады [3].
Ауытқуы бар балалар мен балалардың мінез-құлықтары психикалық дамуы уақытша тежелген, баяулаған, тез ашуланшақ, уайымшыл, өзін төмен санайтын, мінезінде психопатиялық формалар кездесетін, козу күйін дәрі- дәрмек беру арқылы тежейтін, кәмелетке жасы толмаған құқықтық тәртіп бұзушы, ақыл-ойы кем жасөспірімдер мен балалар жатады. Басқаша айтсақ жағымсыз дау жанжал шығаратындар. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың психикалык даму ерекшеліктерінде кездесетін кемшіліктеріді іздестіріп, одан әрі оларды өрістету үшін қалыпты дамыған балалардың мінез-құлығымен салыстыра отырып, зерттеу қажеттілігіне аударады.
Мінез-құлық ауытқушылығын сипаттау үшін арнайы терминдер қолданылады – делинквенттілік және девианттылық. Делинквентті мінез-құлық – заң арқылы жазаланатын күрделі заң бұзушылық пен қылмыстан өзге ұсақ заң бұзушылықтар, тәртіпсіздіктер, айыптылықтар. Девиантты мінез-құлық дегеніміз – қоғамда қабылданған ережелерге бағынбау, ауытқу. Бұл ұғым өте кең, оған делинквентті мінез-құлық және т.б. мінез-құлық ауытқушылықтары (ерте маскүнемдіктен суицидті мінез-құлыққа дейін) жатады. «Мінез-құлық ауытқушылығы» ұғымын «дамудағы ауытқушылық», «дамудың жеткілік-сіздігі» ұғымдарынан айыра білу керек. Соңғы екі термин ғылыми әдебиеттерде синонимдер ретінде қолданылады. Бұл терминдер дамуында ауытқушылықтар бар балаларды бейнелейді.
Көптеген ғылымдарда «қалыпты» және «аномалды» құбылыстар деген ұғымдар бар. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» «аномалды» мінез-құлық түсініктерінің анықтамасы қиындай түсуде. Бірақ ғылымда және үйреншікті өмірде бұл түсініктер барлық жерде қолданылады. Қалыпты мінез-құлықты көптеген адамдарға тән, ауру бұзылыстарға байланысты емес, нормативті-қабылдаулы мінез-құлық деп түсіндіреді. Осыған ұқсас, қалыпсыз мінез-құлықты: нормативті-қабылданбаған, патологиялық, стандарт-қа сай емес деп бөлуге болады. Сөздің тура мағынасында «қалыпты» қазіргі кезде ғылымда норма- эталонына сәйкес келуі болып саналады. Нормаларды алу тәсілдерін әдетте критерийлер деп атайды. Популяцияда кездесетін жиілік есептеу арқылы әр құбылыс үшін норманы анықтай алатын, кең таралған және жалпы болып статистикалық критерий (әдіс) табылады. Математикалық статистика көзқарасы бойынша жиі кездесетіннің барлығы қалыпты. Статистикалық критерий мінез-құлықтың сапалық- сандық бағасымен оның айқындық деңгейімен және өмір үшін қауіп деңгейімен байланысады. Статистикалықпен бірге гуманитарлық ғылымдарда жеке адам мінез- құлығының нормалды аномалды бағасының арнайы критерилері қолданылады: психопатологиялық, әлеуметтік- нормативті және даралық- психологиялық.
Баланың жоғарғы дәрежедегі мінез-құлқындағы психологиялық қызмет деңгейінің де түрліше болатындығын ескеру керек. Мінез-құлық бірден пайда болмайды, өсе келе пайда болады. Алайда осы мінез- құықтарды байқағанда кемістігін аңғарып қалғандай болсақ, ондай олқылықтарды қалайша толықтыруға болады және сол кемістіктерді бұдан, былайғы даму кезеңдерін де жоюды, жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіру керек.
Осы орайда бала кемістігін қарапайым психологиялық жаттығулар арқылы түзетуге болады.Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінез-құлқы мен тұлғасын зерттей отыра, олардың құрылы-мындағы сақталған компоненттерді ашуға мүмкіндік туады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар, қасиеттерінің қалыптасуымен оның даму деңгейі және мінез-құлқының тұрақтылығы үшін керекті коррекциялық жұмыстарды және шараларды ұйымдастыруға болады.
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың мінез-құлық бағытарына - мотивтер, қажеттіліктер, қызығу жүйелері кіреді. Осыған байланысты айтып кететін жәйт, ақыл-ойларының жеткілікті дамымауы-мен себебінен, олардың қажеттіліктері кедей және сана тұрғысында реттеуі әлсіз болып келеді. Бұл жәйт, оның қарапайым органикалық қажеттіліктерінің (тамақ ішу, ұйықтау, т.б.) үстем болуында нақты көрініп отырады.
Ауытқушы мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді:
Біріншіден, бұл анық немесе жасырын психопатологияның барлығын білдіретін психикалық денсау-лық қалыптарынан ауытқыған мінез-құлық.
Екіншіден, бұл әлеуметтік, мәдени және әсіресе құқықтық қалыптарды бұзатын ассоциалды мінез-құлық. Мұндай әрекеттер аз болса да олар құқық бұзушылық, ал салмақты болса, әрі жазаланса - қылмыс деп аталады. Бұл жерде делинквенттік (құқыққа қарсы) және қылмыстық іс-әрекеттер туралы айтылып отыр.
С.А. Беличева ауытқушы мінез-құлықты былайша жіктейді [7].
1. Пайдакүнемдік бағытта: құқық бұзушылық, материалдық, қаржылық, дүние - мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты (ұрлау, тонау, алаяқтық және т.б.) жасаған теріс әрекеттері.
2. Агрессиялық бағытта: адамға қарсы бағытталған әрекеттер (бағыттану, бұзақылық, ұрып-соғу, өлтіру, зорлау)
3. Енжар тип: белсенді өмір сүруден қашуға, азаматтық борыштарын өтеуден қашуға, жеке мәселе-лерді шешкісі келмеуге ұмтылу (жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, өзіне-өзі қол жұмсау)
Балалардың ауытқушы мінез-құлқының себептері мен факторлары:
а) тәрбиеленбегендігінің себебінен қажетті білімдердің, біліктердің, дағдылардың жоқтығынан немесе теріс тәрбиеден бұзылғандығынан, мінез-құлқындағы жағымсыз таптаурындардың қалыптасқан-дығынан баланың, жеткіншектің өзін дұрыс ұстамайтындығынан туындайтын әлеуметтік-педагогикалық олқылықтар;
ә) жайсыз отбасылық қарым-қатынастардан, баланы тәрбиелеуде ұлттық салт-санада қалыптасқан этнофункционалдық ерекшеліктерді мүлдем ескермеуден, отбасыдағы жағымсыз психологиялық ахуалдан, оқудағы жүйелі сәтсіздіктерден, сынып ұжымындағы құрбыларымен өзара қарым-қатынастың орнамағандығынан, ата-аналарының, мұғалімдердің, сыныптас жолдастарының және т.б. дұрыс емес әділетсіз, дөрекі, қатал қатынастарынан туындайтын тереі психологиялық жайсыздықтардан;
б) психикалық және физикалық денсаулығы мен дамуы дағдайындағы ауытқушылықтарымен, жас ерекшелік дағдарыстарымен, мінез акцентуациясымен және басқа да физиологиялық және психо- неврологиялық ерекшеліктер себептерімен;
в) қараусыз қалуымен, қоршаған ортаның кері ықпал етуімен және осының негізінде дамитын әлеуметтік-психологиялық ауытқушыбен, әлеуметтік және жеке құндылықтарының жағымсыз түрге ауысуымен.
Мінез-құлқында ауытқушылғы бар балалардың мінезін, қарым-қатынасын, өзін-өзі бағалау ауытқу-шылығының алдын алу, оларды психологиялық иммунизациялауды қажет етеді, яғни, әлеуметтік – құзырлы адам болып қалыптасуы үшін мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, өзін-өзін бағалауының психогенетикалық дағдыларына, дұрыс таңдау жасай алу біліктерін үйрету. Бұл мақсаттарды орындау үшін қоғамдық дағдарыстың жағымсыз әсерлерін жоятын және түзейтін әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды құруға бағытталған мектеп саясатын шығару қажет.
В.В. Ковалев, А.Е. Личко өз еңбектерінде, қоршаған ортамен әрекеттестікте пайда болатын және осы кезеңде мінез-құлықтарын қалыптасуына ықпалын тигізетін, жеткіншек жасына тән психологиялық реакцияларындағы балалық және ересектік ерекшеліктерінің бір уақытта үйлесуі жөніндегі мәселені зерттеген [1]. Авторлар жасөспірім жасына тән мінез-құлықтың бірнеше реакцияларын сипаттайды:
Эмансипация реакциясы – бұл балалардың дербестікке, үлкендердің қамқорлығынан босануына талаптануын бейнелейді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайында бұл реакция мектептен немесе үйден қашудың негізінде, мұғалімдер мен ата-аналарға бағытталған ашудың әсерінде және жеке әлеуметтікке қарсы қылықтардың негізінде болуы мүмкін.
«Теріс нәрсеге еліктеу» (иммитация) реакциясы – бұл баланың мінез-құлқында, әсіресе отбасы мүшелерінің қолайсыз мінез-құлықтарына қарсылығын білдіру кезінде айқын көрінеді. Сонымен қатар, тәуелсіздікке күресу мен эмансипация реакциясының құрылуын бейнелейді.
Топталу реакциясы – бұл мінез-құлықтың белгілі бір стилмен жеткіншектер және топ аралық, әсіресе өзінің лидерімен қарым-қатынастың жүйелігін сипаттайды.
4. Әуестену реакциясы–жеткіншектің тұлғасының ішкі құрылымының ерекшеліктерін бейнелейді.
5. Жыныстық әуестігімен қалыптасатын реакциялар (органанизм, ерте жыныс қатынас өмірі, жыныстық мәселелерге қызығушылықтың жоғары болуы).
Балалардың қырық төрт пайызы толық отбасы болмағанын, яғни тек ата-анасының біреуі ғана болғанын, отыз пайызда жақын туыстарының біреуі (әкесі, шешесі немесе ағасы) заң алдында жауапқа тартылғандар, он бес пайызы әке шешесінің ішімдікке салынғанын анықтаған. Бұдан шығатын қорытынды мінез-құлқы ауытқушы болған балалардың негізгі себебі отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы. Сонымен бірге физиологиялық, психосоматикалық негіздер бар екенін ескертеді.
Екіншіден, бала жағдайы толық жасалған ешқандай өмір қиындығын көрмеген. Мұндай балалар өздігінен еш нәрсе істей алмайды. Қарым-қатынаста алаңдаушылық қасиеттері жоғары.
Үшіншіден, отбасы мүшелері тек қана осы балада. Оның қылықтарын мақтан тұтады. Мектептен тыс ерікті, ешнәрсеге тиым салынбайды. Ата-ана баланың айтқанын орындайды.
Төртіншіден, ата-аналар өте қатал. Балаға шамасынан тыс талаптар қояды. Өзіне сенімсіз, өз пікірін, ойын айта алмайды. Қорқақ, алаңдаушылық қасиеттерге берік болады.
Осыған байланысты орта мектептерде ауытқуы бар балалардың мінез-құлқына, ақыл-ойына,қылық-тарына байланысты жеке сабақ өтілді. Бұндай балалармен педагогтар, психологтар, әлеуметтік педагог-тар, дефектологтармен жұмыс жасайды. Түсінігі, ақыл-ойы, мінезі арнайы мектептегі бірінші сынып оқушысына тән.
Ең маңыздысы мінез-құлқын анықтау, оны емдеуге жіберу, емделіп келгеннен кейін оған ерекше көңіл бөлу болып табылады. Мұндай сырқатқа ұшыраған балаларды көмекші мектептерде емдеп, білім беру керек. Бұл аурудың басты себебі, белгісі эмоция жігер сферасының өзіне тән өзгермеуі.
Мінез-құлқы ауытқушы болған балалардың мінез-құлқы бұзылған жағдайда біріншіден қоршаған ортамен байланысы бұзылып, өзінше тұйықталып, көңілге қонымсыз істер істейді, сандырақ сөздер айтады, үнемі алаңдай береді, ешбір себепсіз қорқады. Мінез-құлықтың ауытқыған формаларының арасы-нан мектептен, интернаттан қашу, қанғыру жиі байқалады. Жасөспірімдер оқуға немқұрайлы немесе жағымсыз түрде қарайды. Зерттелген балалардың барлығы 3 топқа бөлінеді:
– бұл балалардың мінез-құлық ауытқылары мектеп интернатының қабырғасында ғана, яғни тәртіп бұзу, тыңдамау, темекі шегу, ұсақ ұрлық жасаумен шектеледі. Олардың психикалық дамымаушылықтары таяз, бірдей емес немесе дисгармониялық болып келеді.
– оқушылардың мінез-құлық ауытқылары мектеп қабырғасында шектеліп, белгілі бір әлеуметтік қауіп-қатерді тудырады.
Бұл жасөспірімдерге мектептен қашу, қанғыру, ұрлық жасау, бұзақылық қылықтар мен әрекеттер жасау, жыныстық мінез-құлық ауытқылары, өзін-өзі өлтіруге талаптану ниетін көрсетуі тән болып табылады. Балалардың көңіл-күйлері қимыл, қозғалыстың зақымдалу салдарынан жиі шиеленіседі. Қимыл, қозғалыстың үнемі абыржуына байланысты бұл балалардың басқарылуы күрделі болып келеді, өйткені оларға мінез-құлықтың тәртіпсіздігі, өз қылықтарын сын көзбен қарап, жете түсінуінің жеткілік-сіздігі тән. Әрине, мұндай қылықтар мұғалімдер мен құрбыларының арасында қарым-қатынастың бұзылуына әкелетіні сөзсіз.
Ал, осы топтағы кейбір оқушыларда эмоционалды ауытқылар, аффектінің үнемі күшею тұрғысынан көрініп, ауық-ауық дисфориялық күйлер пайда болды. Бұл кезде балаларда ашулы, көңілсіз күйлер және ауытқыған әрекеттерге бейімділік байқалады. Кейде эмоционалды шиеленісудің тұрғысынан, оларда көтерінкі көңіл-күй пайда болады, бірақ агрессивті әрекеттерде сақталуы мүмкін. Сонымен қатар, садистік әрекеттер мен өзін-өзі өлтіруге талаптануы (суицидтік) байқалады.
Бұл жасөспірімдерге екінші топтағы ауытқылар мен нашақорлық, уланудың (токсикоманияның) үйлесуі тән болып келеді. Бұл топқа әртүрлі формадағы олигофрен балалар жатады.
Мінез-құлықтың пайда болуына себепші сыртқы қолайсыз факторларға; туған кезде болған жарақат, ұрықтың жатырдағы даму кезінде және жас шақта миға инфекцияның түсуі, ұзаққа созылған асқазан - ішек немесе басқа соматикалық ауруларға байланысты токсикоз, сондай-ақ ұрықтың өсіп-өнуіне зиянды әсер ететін (мерез, маскүнемдік, сәуле қуаты, ананың ұзаққа созылған ауруы, эндокрендік кемістіктер және т.б.) жағдайлар жатады.
Мiнез-құлықтарында ауытқуы бар балалардың өзiн-өзi бағалауы деңгейiнiң ерекшелiктерiн анықтау, эксперименталдық тұрғыда зерттеуді ұйымдастырудың міндеттері:
1. Мінез-құлқы ауытқушы бар балаларды тәрбиелеу, оқыту, қоғамдық өмірге қосу біздің алдымыз-дағы маңызды қоғамдық міндеттердің бірі.
2. Сонымен қатар баланың отбасысына, өз тұлғасына, мінез-құлқына, қарым-қатынасына қарай мінез-құлқындағы ауытқушылығы бар балаларды алға қарай тарту.
3. Медициналық, педагогикалық, мәдени, әлеуметтік көмек көрсетіп, әр түрлі психологиялық әдістерді қолдану арқылы өмірге бейімдеу.
4. Балалардың, ата-аналардың пікірлерін зерттеудің нәтижелерін талдау және соның негізінде анықталған ерекшелікті ескере отырып оқушылардың тұлғасы, қарым-қатынасы, өзін-өзі бағалауы мен мінез-құлқындағы ауытқушылықтардың алдын алу және түзету бағдарламаларын құру;
5. Жасөспірім тұлғасының және қарым-қатынас, өзін-өзі бағалауы, мінез-құлқының дамуындағы ауытқушылықтардың алдын алу мен түзету әдістерін, балаларда тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілетін қалыптастыруға, жауапты шешім қабылдауға, қақтығыстарды шеше алуға, стрессті жеңе білу және жағымды, барабар түрде өзін-өзі бағалауын дамытуға, салауатты өмір сүруге бағытталған психотехникалық тәсілдерді ұйымдастыру.
Өзін-өзі бағалаудың когнитивтік компоненттінің көрсеткіштері: оның шынайылығының өлшемі, негіздеу тәсілдері – өз тәжірибесін немесе өзін-өзі бағалау жағдайын талдауға сүйену, өзінің немесе айналасындығылардың пікіріне сүйену, эмоциялық қалауларына бет бұру, өзін-өзі бағалауда рефлексифтіліктің болуы немесе болмауы.
Адам ішкі жан дүниесінің қай сипаты ықпал етуді талап етуге байланысты психотерапияның негізгі 4 моделін бөлуге болады:
1. Психотерапия емдеу әдісі. Психикалық және соматикалық функция (медицин.модель) сферасында организмнің функциональды жүйе қалпына ықпал ету;
2. Психотерапия - үйрету процесін әрекетке әкеледі (психотерапияның психологиялық моделі);
3. Психотерапия манипуляциялаушы әдіс, инструмент сипатты және қоғамдық тексеру мақсатына қызмет етеді (әлеуметтік модель);
4. Психотерапия адамдар арасында ықпал ету барысында жүзеге асатын құбылыстар жиынтығы;
Музыкатерапия - музыканы тыңдау, библиотерапия - кітап оқу арқылы ауруға ықпал ету. Имаго-терапия - бейнелермен ойнау (imago: лат. - бейне) арттерапия - өнермен терапия. Көбінесе өнердің қолданбалы түрі пайдаланылады.
Арттерапиялық тапсырмалар екі вариант түрінде жүзеге асырылады: белгілі бір тақырыпта тапсырмалар орындау және берілген тапсырманың материасын еркін тақырыпта, еркін материалмен жұмыс жасайды. Тапсырма соңында тақырыпты орындау манерасын талқыға салады.
Жүріс-тұрыстық психотерапия – (шартты рефлекстер) ықпал ету техникасы ретінде кеңінен қолданылады(қорқынышты жою).
Жеке психотерапия. Бұл психолог пен клиент арасындағы өзара әрекеттесу мәнінің құрылу ерекшелігін көрсету болып табылады, яғни медициналық дигнозы бар. Психолог клиентпен қандай да бір өзара әрекет ету ситуациясын құрады. Ол адам мәні жөніндегі кәсіби білімі негізінде жасалады. Басқалай айтқанда психотерапевт жұмысы адам мәні туралы философиялық көзқарастарына сүйенеді.
Топтық психотерапия – бұл әр түрлі аурулармен ауыратын адамдар арасында жүргізілетін психо-терапиялық ықпал жасау формасы ретінде қазір кеңінен қолданылады. Топтық психотерапия ерте жастан – мектепке дейінгі, ең кәрілік шаққа дейін қолданылады.
Көптеген психотерапевт пікірлері бойынша топтық психотерапия қоршаған адамдармен өзара қатынас құрылуына негізделеді немесе қоршаған ортамен шиеленіс. Топтық психотерапия ашық немесе жабық 25-30 адам құрамында жүреді және 8-12 адам (шағын топ).
Психотерапиялық сабақтар бір уақытта, бір жайлы жерде өтуі тиіс. Психотерапевт басқалардан ерекшеленіп тұруы тиіс. Топта оған қатысушылардың жекелік жетілуі деп атауға болатын құбылыстар жүреді. Олар жаңа формадағы әрекетте, өз танымдарын кеңейте ситуацияларды бастан кешіреді. Психо-терапияны жүргізгеннен кейін жүріс-тұрыстық өзгерістер (ым-ишара, дене тұрысы, жүріс-тұрысы) байқа-лады. Олар өзіндік сана және санада өзгерістерінің сырттай көрінуі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың өзін өзі бағалауын зерттеу мақсатында төмендегі-дей әдістемелер мен терапияларды жүргізуге болады: би терапиясы, «Бейнелеу» би терапиясы, «Басқарушының соңынан ер» би терапиясы, «Менің өмірім» тренингі, «Медитация» тренингі, «Мақтаулар» жаттығуы.
Бұл жүргізілген психокоррекциялық жұмыстар мінез-құлқында ацытқушылығы бар балалардың өзін өзі дұрыс бағалауға мүмкіндік жасау, міне-құлқын түзетуде үлкен көмегі болады.