Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары


THEORETICAL BASES OF PSYCHOLOGICAL TRAINING OF ATHLETES



бет87/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

THEORETICAL BASES OF PSYCHOLOGICAL TRAINING OF ATHLETES


Abstract
In this article the analysis of problems of psychological and pedagogical preparation of athletes allows to achieve results through pedagogical approaches and training sessions in the solution of psychological preparation of athletes.
Research, related to the improvement of the structure and development of psychological training of athletes for competitions, the main methods used in the psychological training of qualified coaches, began to be considered in our country before the Soviet government. In this regard, the accelerated development of sport has become necessary and psychology in this area, coupled with sports and psychology.
Under psychological preparation of athletes understand high organizational and managerial process of realization of the athlete, his equal opportunities as a result of potential opportunities. Therefore, psychological training is an auxiliary part of the system-wide-sports exercises and depends on other types of physical, technical, tactical.
Key words: sport psychology, physical performance, athlete followers, physical culture, special physical training, physical exercises.

Қазіргі таңда тұлғаның қалыптасуы мен тәрбиелеу үрдісінің құрамдас бөліктері болып табылатын бірлік, өзара ықпал ету, өзара үйлесімділік мәселелерінде педагогикалық үрдістің жаңаруын дәлелдейтін тұжырымдар анықталады.


«Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының толық мәтінін жариялады. Денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар [1].
Спорт психологиясының қазіргі кездегі спортшының дене, техникалық, тактикалық және психо-логиялық даярлығы, ерік-жігер, спорттық іс-әрекеттің психикалық күйі, спорт түрлерінің психологиялық ерекшелігі, жарыс пен жаттығудың сипаты, психогигиеналық мәселелері, психодиагностикалық әдістер т.б. өзекті мәселелері Н.А. Айманбетова , М.Т. Бегалин, А.Я. Глывяк , А.М. Кимнің еңбектерінде кеңінен қарастырылады.
Спортшыдан ерекше жинақтылықты, күштерін жұмылдырып, барын салуда, жоғары шеберлікті қажет ететін психологиялық дайындық жоспарлы түрде іске асырылады. 1920-30 жылдары спорт психологиясында негізгі мәселе-дағдылар болды. Одан кейін 1950-60 жылдардың басында бірінші орынға спортшы ерік-жігері қойылды. Ал қазір міне, жиырма жылдан көп уақыттан бері, басқа көптеген мәселелерді артта қалдырып, психологиялық дайындық мәселесі ғылыми-практикалық да, ғылыми зерттеу жұмыстарында да алдыңғы орынға шықты. Спортшының психологиялық дайындығы – бұл спорттағы оқу-тәрбие жұмыстарының үлкен бір бөлігі. Психологиялық дайындықтың түпкі мақсаты-спортшы қарым-қатынас жүйесін өзгерте отырып, жеке тұлғада спорт үшін маңызы бар қасиеттерді қалыптастыру және жетілдіруді айтамыз. Жарыс алдында жаттықтырушының міндеті спортшының тиімді әрекет етуін қамтамасыз ететін көңіл-күйін қолдап қана қою емес, сонымен қатар спортшының экстремалдық жағдай кезінде туындауы мүмкін жағымсыз психикалық жағдайын жедел реттейтін тәсілдерді қолдануға дайын болу. Жарыс үдерісі кезінде спортшының мінез-құлқы мен әрекетін басқарудың психологиялық әдістері мынандай мәселелерді шешеді:
Спортшының дәл осы спорттық карьерасы кезіндегі ең жетекші болып табылатын әлеуметтік құндылықтарына бағытталуы керек:
– Олимпиадада сәтті өнер көрсету немесе кәсіпқой клубқа мүше болу.
– Өз күшіне, жедел әрекет ете білетініне сену және т.б..
– Психологиялық кедергілерді, әртүрлі қорқыныштарды, әсіресе нақты бір бақталаспен кездесу кезінде пайда болатын қорқыныштарды жеңе білу.
– Өз бейнесін қалыптастыру.
– Бақталасының образын қалыптастыру.
– Алдағы тартысты жағдайдың психологиялық моделін жасау.
– Жарыс басталар алдындағы әрекеттің психологиялық бағдарламасын жасау [2].
Спортшының психологиялық дайындығында негізгі психологиялық құбылыстардың үш тобын: процестер, жай-күйлермен қасиеттерді жетілдіру негізінде психика дамуының классикалық жалпы кестесі айқын көрініс табады. Тәрбиелену мен өзін-өзі тәрбиелеу барысында психикалық жай-күйлер мен процес-тердің өзгерулері болып тұрады. Осы айтылғандардың бәрі спортшының психологиялық дайындығының мақсаты-спорттық жарыс пен жаттығудың табыстылығын білдіреді. Жеке тұлға қасиеттерін қалыптас-тыру мен жетілдіру болып табылатындығы дәлелдейді. Сонымен қатар спортшылардың психологиялық дайындығы мәселесін қарастырғанда спорт психологиясына соқпай кетуге болмайды.
Спорт психологиясы - жарыс және жаттығу әрекетіндегі адам психикасының білінуі мен дамуының, сондай-ақ топтық өзара әрекеттестіктердің заңдылықтарын зерттейтін психология ғылымының саласы. Спорт психологиясының қазіргі уақыттағы негізгі міндеттері-спортшылардың спорттық жоғары нәтиже-лерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық жарыстардың алдында спортшылардың психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру.
Спорт психологиясының негізгі міндеттері – спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес, сонымен қатар, спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психо-логиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық жарыстардың алдында спортшылардың психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жарыс барысында өзін-өзі басқара алатын дәрежеге жеткізу. Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болды [3]. Сондай-ақ психологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортшыларды психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс тәсілдері өңдеу – спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:
а) жарыс жағдайында психика қызметінің заңдылықтарын зерттеу және жарыстық әрекеттің тұрақтылығы мен сенімділігін арттыратын әдістерді өндеу;
б) жарыс алдындағы және жарыс жағдайында пайда болатын психикалық қалыпты зерттеу;
в) психопрофилактиканы дамыту, спортшыларды шынықтырудың психологиялық жолдарын, әдістерін және тәсілдерін қалыптастыру және психологиялық жарақатқа төзімділігін арттыру [4].
Спортшылардың психологиялық дайындығы-спортшыларға жарыстарда жеңіске жету мақсатымен, өзінің күнделікті физикалық және психологиялық жүктеме салуға мүмкіндік береді.
Спортшылардың дайындығын жетілдіру үшін психологиялық жаттығулардың тиімділігін арттыру керек. Ол үшін психологтар ұсынған төмендегі әдіс-тәсілдерді қолдану керек:
- спорттық жаттығулардың әдіс-тәсілдерін психологиялық негіздеу;
- психологиялық функцияны дамыту арқылы және жаттығудың аппараттық әдісін жасау арқылы спортшы ағзасының барлық мүмкіндіктерін максималды қолдана алу үшін жолдарды қарастыру;
- спорттың жеке түрлерін психологиялық сипаттау әдісін, әлеуметтік құрылым және спорттық команданың психологиялық ахуалын, спорттық мүмкіндіктерді психодиогностикалау әдісін өңдеу;
- жаттығу жағдайында жарыстық жағдайды ғылыыми негізделген модельдеу әдісін өңдеу [5].
Спортшыны дайындау процесі көп қырлы. Шартты түрде оны үйрету және жаттығу кезеңі деп екіге бөледі, дегенмен, ол бірегей және үзіліссіз педагогикалық процесс. Жаттығу деп-осы меңгерілген дағды-лар, білімдер мен тәсілдерді пысықтап, жетілдіруге бағытталған дайындық кезеңін айтамыз. Жаттығудың негізгі міндеті-әдістерді жекелей және топтық тәсілдік қимылдарды жетілдіру, дене шынықтыру дағды-ларын, психологиялық процестерде дамыту, адамгершілік және ерік-жігерді тәрбиелеу болып табылады.
Спортшыны жарысқа психологиялық дайындау жүйесі оның психикалық қалыптарының реттеу мен өзін-өзі реттеудің алуан түрлі тәсілдерін біріктіреді. Бұл тәрсілдердің көп түрлілігін төмендегідей топтастыруға болады:
– мақсаты жүйкені шаршатпай, бұлшық еттер ширығуын әлсірететін жаттығулар жиынтығы;
– жарыс алдындағы қолайсыз қалыптарды, көңіл-күйді жоятын сергіту және де сергіту жаттығу-ларының ырғағын, ұзақтығын спортшы көңіл-күйіне қарай таңдалады;
– жаттықтырушы беделінің әсерлі күші. Спортшының әсіресе жас спортшының спорттық жарыстарға қатысу тәжірибесі болмағандықтан, бұл фактордың маңызы ерекше болады.
Спортшының жарысқа психологиялық дайындығы деп жарыстарда табысты өнер көрсету мүмкіндігі түсініледі. Психикалық дайындыққа сенімділік, ерік және т.б. үлкен рөл беріледі, олар өлшеуге және формализациялауға келмейді және сондықтан алынған зерттеулердің объективті деректерін толықтыра алады.
Көптеген спорт психологтары жарыстың экстремалды жағдайларына әсер ететін спортшының психологиялық дайындығының мәнін және нақты жағдайда, іс-әрекет пен жай-күй бірлігінде, үздіксіз бақылауда және мінез-құлықты реттеуде уақтылы оңтайлы шешім қабылдау мүмкіндігін қарастырады.
Жаттықтырушының негізгі міндеті – спортшылардың мақсаткерлігін дамыту, бұл психологиялық дайындықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Оны спортшының өнерге деген терең қызығушылығын және спорттық жетістіктерге деген жеке қызығушылығын танытатын жағдайда тәрбиелеуге болады. Жаттықтырушы спортшымен оның барлық оң және теріс тұстарын бөлшектеуге міндетті.
Спорттағы «психологиялық кедергілерге» мыналар жатады:
- жарыс алдында қорқыныш (ол өзін-өзі сүйгіштікке және мұқият болуға, команданы немесе ұжымды көтеруден қауіптенуге, жақын адамдардың немесе жаттықтырушының нашар сөзін теріс бағалау туралы ойға себеп болуы мүмкін);
- қарсылас алдындағы қорқыныш, оның күшті жақтарын білу немесе оның жетістіктері туралы дұрыс емес ақпарат, немесе ырымшылдық, немесе өз мүмкіндіктерін жете бағаламау;
- жоғары қарқынға төтеп бермеуден қорқу;
- жаңа жарақат немесе қайта жарақат алуға қорқу;
- төрешіліктен, олардың қарсыластарға субъективті қарауынан қорқу;
- барлық мүмкін ақылсыз суеверия (ырымға сену), әлі күнге дейін спортшылар арасында кең тараған.
Жаттықтырушы әр спортшының темпераментін білуі тиіс, өйткені спорттық қызмет барысында темперамент маңызды рөл атқарады. Бір спортшының спорттық іс-әрекет барысында өмірге қарағанда мүлдем басқа сипаттағы психикалық қасиеттерді көрсете алатынын ескеру керек. Нақты жарысқа психологиялық дайындықтың негізгі факторлары:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет