Қазақ тілі 7 класс Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім спортпен шұғылдану



Дата08.09.2017
өлшемі49,46 Kb.
#30908
Қазақ тілі 7 класс

Сабақтың тақырыбы: Менің әуес ісім - спортпен шұғылдану.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға тақырып бойынша мәлімет беріп, тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіру, грамматикалық ұғымдарды сауатты әрі дұрыс қолдану дағдыларын қалыптастыру. Пәнге қызығушылығын арттыру;
ә) дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру;
мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой – өрісін кеңейту.
б) тәрбиелік: спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, диалог, сөзжұмбақ, рөлге бөліп оқу, топтастыру
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене тәрбиесі
Сабақтың барысы: . Ұйымдастыру кезеңі: - оқушылармен сәлемдесу;
- оқушыларды түгендеу;- сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Жаңа сабақ 1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.
2. «Спорт» топтастыру.
3. 1 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңдар.
1. Менің әуес ісім -... шұғылдану.
2. Спорттың... көп.
3. Мен аптасына екі рет футболға....
4. Біз баскетболдан... орын алдық.
5. Спорттың қай - қайсысы да денсаулыққа....
4. 2 - тапсырма. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Шұғылдану, денсаулық, әуес ісім.

Ойын “Сөз жасау”: т,о,р,п,с,а,у,а, ,н,е,д,ы,ш,қ,н,т,ы,,у,р,а,ң,ы,ш,ғ,к,ь,о,н,и,к,

У,т,ф,б,о,л,р,а,қ,


5. 3 - тапсырма. Берілген өлеңді оқып, Қанаттың мінезіне сипаттама беріңдер.
Футбол түгіл, хоккейді
Біледі ғой көп адам.
Допты қыздар теппейді,
Ал мен болсам, тебе алам!-
Дейді Қанат, мақтанып.
Білгішін - ай, мынаның!
Жылауға да шақ қалып,
Мен ренжіп тұрамын.
Менде оның ісі жоқ,
Оған «мақтау» керегі.
Көп білетін кісі боп
Көрінгіі келеді.
6. Суретті диктант «Спорт».
7. 5 - тапсырма. Берілген диалогты оқып, Гүлнәрдің шахматқа әуестігі туралы өз түсінгендеріңді айтыңдар.
Шахматшы Гүлнәр
- Фәния апай, сәлеметсіз бе, Гүлнәр үйде болса, телефонға шақырып жіберіңізші.
- Есен - саусыз ба, таң атпай жатып телефон шалып тұрған кім дейін?
- Мен ғой, апай! Аида Мүсілімқызымын!
- Ә, Аида апайы екенсің ғой, қазір шақырайын.
- Гүл - л - нәр! Аида апайың сені телефонда тосып тұр.
- Гүлнәр, сүйінші! Киев қаласында өтетін чемпионатқа сен баратын болдың. Шахмат федерациясынан жеделхат менің жатыр.
- Менімен бірге сіз де барасыз ба?
- Ол жағын білмеймін, оны республикалық спорт комитеті шешетін болады. Кіммен барсаң да, әйтеуір, үлкен шах - матқа жолың енді ашылды білем. Ал қазір уақыт тығыз, комитетке тез кел.
- Қазір жетемін, апай!
8. Сергіту сәті «Берілген спортшыларды спорт түрлерімен сәйкестендір»
9. 6 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді мағынасына қарай құраңдар.
1. Шахмат V ғасырда...
2. Шахматтан тұңғыш рет дүниежүзілік бірін - шілік...
3. Шахматтан дүние жүзінің тұңғыш чемпионы...
4. Лондонда әйелдер арасында...
3. Вильгельм Стейниц болды.
4. дүниежүзілік біріншілік өтті.
2. АҚШ - та өтті.
1. Индияда пайда болған
Сабақты қорытындылау тест тапсырмасын орындаңдар.

1. Мына сөйлемдегі ырықсыз етісті тап

Қарағанды қаласында жаңа үй салынды.

а) Қарағанды қаласында; ә) жаңа үй; б) салынды;

2. Мына сөздерден еріндік дыбысы бар сөзді белгіле.

а) бұйымдыр; ә) алақай; б) алғашқы;

3. Термин сөзді сөз тіркесін белгіле.

а) таулы жер; ә) ауылдық аймақ; б) экологиялық мәселе;

4. Мына сөйлемге қажетті сөзді қой. .... түсіру – өнердің бір түрі.

а) сөйлемге; ә) фотоға; б) үйге;

5. Дұрыс жалғауын жалға. Сіздің әуес іс.... .

а) – ім; ә) – ің; б) - іңіз;

Бағалау критериялары:

«5»-1 «4»-2 «3»-3» «2»-4

Кілт жауабы:1.Б 2.А 3.Б 4.Ә 5.Б

ІҮ. Үйге тапсырма
4 - тапсырма, 152 - бет.
Ү. Бағалау



Аты-жөні

Мәтінмен жұмыс(+/-)

Аудару (жұптық, топтық)

диалог

кластер

Қорытынды баға

1

Кабылдин Тамерлан

+

+

+

+

5

2

Белькова Яна

_

+

_

+

3

Бағалау критериялары :

«5» - сабаққа үнемі белсенді қатысып, тапсырмаларды өз деңгейңнде толық орындағаны үшін, жауаптары толық, сөз қоры ауқымды



«4» - сұраққа жауабы толық ьолса, берілген тапсырмаларда аздаған қателіктер болса, сөз қоры жақсы болса, сұрақ қоя алса.

«3» - сұраққа жауаптарында қателіктер болса, орындалған тапсырмаларында қателіктер болса, сөздік қоры төмен болса.
Каталог: FF5538CCA0084C83
FF5538CCA0084C83 -> Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге
FF5538CCA0084C83 -> Күні: 19. 02. 2016жыл Сыныбы
FF5538CCA0084C83 -> Сынып: 8 «А» Сынып жетекшісі: Шерғозы Фариза Мәлікқызы Мақсаты: "Адам құқығы" деген не екенін түсіну
FF5538CCA0084C83 -> «Бекітемін» мектеп директоры: Н. Меркер тақырып: «Тіл тағдыры – ел тағдыры»
FF5538CCA0084C83 -> Сайыстың мақсаты Сайыстың жоспары
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ №: 171 Пәні: Математика Мұғалім: Шерғозы Фариза Мәлікқызы
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі : өткен сабақтардан алған күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау
FF5538CCA0084C83 -> Сабақ жоспары Күні: 09. 02. 2017 жыл Өткізілетін орны
FF5538CCA0084C83 -> «Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы бүгінгі мұғалімнің қолында»
FF5538CCA0084C83 -> Сабақтың тақырыбы: Көп мағыналы сөздер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет