Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары


КОЛЛЕДЖДЕ БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ



бет121/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

КОЛЛЕДЖДЕ БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Аңдатпа
Мақалада колледжде болашақ маманның кәсіби құзыреттілігі мәселелесінің ғылыми теориялық негіздері сипатталып, болашақ мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттіліктерін дуальды оқыту арқылы жоғарылатудың маңызы қарастырылады.
Кілттік сөздер: кәсіби құзіреттілік, дуальды оқыту, тұлғалық жетілдіру, білім беру моделі.


Джонисова Г.К. 1, Сралиева А.А. 2
1,2Западно Казахстанский инновационно-технологический университет


РОЛЬ ДУАЛЬНОГО ОБУЧЕНИЯ В ФОРМИРОВАНИЙ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОМПЕТЕНТНОСТИ БУДУЩИХ СПЕЦИАЛИСТОВ


Аннотация
В статье рассматривается научно теоретические основы профессиональной компетентности будущих воспитателей дошкольных учреждений и пути повышения профессиональной компетентности с помощью дуального обучения.
Ключевые слова: профессиональная компетентность, ключевые компетентности, личностное развитие, модель образования.


Jonissova G.K. 1 , Sralieva A.A. 2
1,2West Kazakhstan University of innovation and technology


THE ROLE OF DUAL TRAINING IN THE FORMATION OF PROFESSIONAL COMPETENCE OF FUTURE SPECIALISTS


Abstract
The article discusses the scientific and theoretical foundations of professional competence of future preschool teachers and ways to improve professional competence through dual training.
Key words: professional competence, the key competences, personal development, the model of education.


Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңының 1-бабында «...білікті жұмыс күші мен қоғам-ның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау...» мемлекеттік білім беру тапсырысы ретінде қарастырылады 1. Осыған орай, еліміздегі білім беру саясатының басты мақсаты білім беруді әлемдік деңгейге жеткізу, әлеуметтік және кәсіптік жинақылыққа, үнемі кәсіби тұрғыда өсуге дайын, өз кәсібін еркін меңгерген және қызметтің ұқсас салаларында бағыт таба білетін, жауапты, құзыретті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті мамандарды даярлау.
Елбасы «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ елінің болашағын білікті, білімді жастармен байланыстыратынын айтады. Өркениетті елдердің озық ойлы, сыннан өткен тәжірбие-сін зерттеп, үлгі алу-табиғи құбылыс. Білім берудің тұлғаның кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға және дамытуға бағытталуы оны ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келудің пайда болуын айқындады және ол қазіргі білім жүйесінің әдіснамасы мен нақты білімдік технологиялардың негізі ретінде танылуда. Соңғы жылдары болашақ мамандардың құзыреттіліктерін сипаттап көрсету кәсіби педагогика мәселесі-мен шұғылданатын ғалымдардың талқылау пәніне айналып отыр. Бұл құбылыстың философиялық, психологиялық және педагогикалық қырлары қарастырылуда.
«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады. «Методикалық терминдер сөздігінде» «Құзыреттілік (латынның competentis-бейім сөзінен) – қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі», – делінген. Құзыреттілік - жеке тұлғаның білімі, икемділігі мен іс-әрекеттерінің жиынтығы. Білім мен икемділікпен қаруланған, негізгі ой-тұжырым жасайтын және өзіндік әрекет ете алатын тұлғаны құзыретті деп есептеуге болады 2.
Ғалым В.С. Безрукова: құзыреттілік – бұл кәсіби, сауатты пайымдау, баға беру, пікір айтуларға мүмкіндік беретін білімдер мен ептіліктерді игеру деп тұжырымдайды. М.А. Чошановтың пайым-дауынша құзыреттілік – жекеленген, интегралданған, заттық, құрал-саймандық ерекшеліктерінен құрау-шылардан тұратын жүйедегі қабілеттілік, білімді игеру ғана емес, ол сол білімдерін үздіксіз дамытып, жаңартуға тырысу және оны нақты жағдайларға қолдана білу, яғни жедел және ұтымды білімдерді меңгеру, икемді әдіс пен сын көзбен қарай білу жүзінде анағұрлым ұшқыр және тиімді шешімдерді таңдау қабілетін танытып, жалғандарынан бас тарту. Еуропа елдерінде, мысалы, Францияда «құзыретті-лік» пен «икемділік» ұғымдары синоним болып табылады. Демек, құзыреттілік деп белгілі бір сала бойынша маман дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал, құзырет деп олардың қалыптасқан тұлғалық сапасы мен сол іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін түсінген жөн. Оқу үрдісінде жеке тұлғаны білікті маман етуге бағытталған оқыту тәсілдерін озық тәжірибемен сабақтастыру бүгінде күн тәртібіне шықты [3].
Колледжде болашақ тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігін білім берудің түрлі қырларына қатысты тәрбиешінің қызметіне жеке тұлғасына, іс-әрекет тәсілдеріне қарай бөліп қарастыруға болады:

  1. жеке тұлғасына қатысты:

  • зерделенетін объектілерге қатысты жеке-дара ойын еркін бейнелейді;

  • білім берудегі іс-әрекеттік икемділігін сипаттайды;

  • күнделікті өмірдегі тұрмыстық мәселелерді шешу мүмкіндіктерін дамытады;

  • дамитын тұлғалық сапаларының барлық негізгі топтарын қамтиды;

  • дайындық сапасының интеграциялық сипаттамасын көрсетеді.

  1. білім, икемділік, дағдыға қатысты:

  • білім, икемділік, дағдымен ұштасып жатады;

  • іс-әрекет тәсілдері жиынтығын қолдана алу қабілеттілігімен байланысты.

  1. білім берудің мазмұны мен құрылымына қатысты:

- көп қызметтік, яғни, балаларға өмірдің түрлі салаларындағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

  1. іс-әрекет тәсілдеріне қатысты:

  • нақты бір міндеттерді шешу үшін білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді;

  • белгілі бір іс-әрекетті орындау үрдісі кезінде тексеріледі [4].

Осындай құзіреттіліктерді қалыптастыруда колледждегі дуальды білім берудің маңызы зор. Дуальды оқыту жүйесі арқылы білім беру мектепке дейінгі мекеме мен колледж арасында тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді. Кәсіптік білім берудің негізгі мақсаты – тұлғаның қабілеті мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оның кәсіби сапаларын жетілдіру. Сондықтан тұлғаның ішкі жан дүние-сіне, ақыл-ойына, дүниетанымына, мәдениетінің дамуына жағдай туғызатын жұмыс бағыттарының бірі дуальды білім беруді жүзеге асыру. Дуальді оқыту жүйесі дегеніміз теорияны тәжірибемен ұштастыра оқыту технологиясы. Дуальды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – кәсіптік-техникалық оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарлама-ларды меңгеруге дайын мамандар даярлау [5].
Колледж студенттері оқу уақытының үштен екі бөлігінде еңбек ете жүріп, өндірістен қол үзбей оқиды. Дуальдық оқыту жүйесі маман даярлаудың тиімді әрі жаңаша тәсілі болып табылады. Бұл жүйе Германия, Австрия, Швейцария елдерінде өз нәтижелерін беруде. Дуальді жүйенің негізі - болашақ жас маманды оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Дуальді жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды
Дуальды білім берудің оң нәтижелері:

  1. Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері жоғары болады, себебі оқу барысында тығыз байланыста болған студент жұмыс берушінің барлық талаптарын меңгереді.

  2. Жақсы білімді болашақ маман психологиялық жағынан жаңа ортаға бейімделген болып шығады.

  3. Теория мен тәжірибені ұштастыра біледі, жұмысқа жауапкершілік сезімі жоғарылайды.

  4. Тәжірибеден теорияға принципімен жұмыс жүреді. Теориялық білімін нақты іс жүзінде шешеді. 

  5. Жұмыс берушінің студентке берген бағасы дайындалған маманның біліктілігімен сипатталады. Студент білімі мен жұмысқа деген ынтасын пайдалануға мүмкіндік алады.

  6. Жұмыс саласы бойынша соңғы жаңалықтарды біліп, заманауй талаптарды меңгереді [6].

Дуальды оқыту жүйесіндегі өткен сабақтың тиімділігі-студент өндіріске келіп, қажетті құрал-жабдықтарды өз көзімен көріп алған теориялық білімнің практика жүзінде іске асыра алады. Осы әдіспен оқыту болашақ маманның қабілетін, икемділігін, жауапкершілігін, белсенділігін және қызығушылығын дамытады. Білім алу үрдісінде студенттің интеллектуалдық және психикалық қабілеттерін арттырады. Білім алушы білімнің жан-жақты дамуына, ойлау қабілетінің артуына пайдасы зор. Білім алушылар қорытынды тұжырым, салыстырулар жасауға үйренеді.
Орал гуманитарлық колледжінде білім берудегі жаңа талаптарға сәйкес қаладағы мектептермен, балабақшалармен әлеуметтік серіктестік жөнінде келісім шарттар жасалып, көптеген істер атқарылуда. Колледж жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының білім алушылары колледжінің оқу процесінің жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі педагогика, мектепке дейінгі психология және жеке пәндер әдістемесінен алған білімдерін тәжірибе кезінде, балабақшаға барып, әр білім алушы өзінің қабілетін, жауапкершілігін, икемділігін, белсенділігін сынап көруде.
Колледжде білім алып жатқан мамандарды кәсіби бағыттағы стандарттарға негіздей отырып даярлау және білім тәрбие мекемелерінің қажеттіліктермен өзара байланыстыру қатаң түрде сақталып келеді. Бұл тұрғыдан әлеуметтік әріптестермен келісім-шарт негізінде жүйелі байланыстар орнатылған. Атап айтатын болсақ, дуальды оқыту жүйесіне негізделген әлеуметтік серіктестермен Кәсіпорын - Колледж - Студент үш жақты келісім-шарт жасалды. Олардың қатарында «Балбөбек», №40 «Болашақ», №49 «Ақниет» т.б. мектепке дейінгі ұйымдары бар. Келісім шарт білім берудің оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларының негізінде құрылды. Ондағы басты негіздер – оқу процесінің ғылыми және әдістемелік жұмыстарын бірігіп орындауы, оқу процесіне өндіріс мамандарын араластыруы, кәсіпорындарда өндірістік оқыту орындары-ның ұйымдастырылуы. Жаңа ортаға бейімделген дайын маман шығуға жұмыстанудамыз.
Дуальды оқу жүйесі негізінде ұйымдастырылған оқу-тәжірибе жұмысы өз нәтижесін беруде. Соңғы жылдары бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жақсы деңгейде. Осы аталған жетістіктер дуальды оқыту жүйесі нәтижесінде іске асатынына біз көз жеткізіп отырмыз. 010100–«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығының бітіруші түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткішінің үш жылдық нәтижелерін салыстыра отырып, жағымды динамиканың бар екенін айтуға болады. (Сурет 1 ).







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет