Keywords: student, consciousness, ethnic consciousness, development, quality, personality.
«Студент» термині латын тілінен аударғанда, ынтамен жұмыс істеуші, білімді меңгеруші дегенді білдіреді.
Студенттер жоғары оқу орындарында ұйымдасқан, біріктірілген өзіндік ерекшелігі бар жастар қауымдастығы, ерекше әлеуметтік топ болып табылады. Бұл әлеуметтік кәсіби категория тарихи тұрғы-дан XI-XII ғасырларда алғашқы университеттер пайда болған кезеңдерде пайда болған.
Студенттер мәселесі ерекше әлеуметтік психологиялық және жас ерекшелігі сатысында қойылуы көрнекті орыс ғалымы Б.Г. Ананьевтің зерттеулерінде және оның шәкірттері Н.В. Кузминаның, Ю.Н. Кулюткиннің, А.А. Реанның, Е.А. Степановтың, сондай-ақ, П.А. Простецкидің, Е.М. Никреевтің, В.А. Сластениннің, В.А. Якушиннің сияқты ғалымдардың еңбектерінде осы мәселелерге қатысты көптеген теориялық тұжырымдамалар, эмпирикалық материалдар, бақылау мен сынақ нәтижелері бар [1,49б.]. Барлық еңбектерде студенттік жас адам өмірінің ерекше бір кезеңі болатындығы сипатталады.
Орыс психологтары Б.Г. Ананьев, А.В. Дмитриев, И.С. Кон, Т.И. Лисовский, т.б. зерттеулері бойынша жоғары оқу орнында оқу уақыты жасөспірім шақтың екінші кезеңімен және ержету шағының бірінші кезеңіне сәйкес келеді. Бұл кезең психологиялық дамудың, қалыптасудың күрделілігімен ерекше-ленеді. Солай болғанмен, 18-ден 25-ке дейінгі жас аралығы тұлға дамуының, танымдық жетілудің жалпы заңдылықтарына және негізгі психологиялық механизмдеріне сәйкес адамның кемелдену, толысу кезеңі-нің оптимумы деп саналады [2]. З.Эриксонның пікірі бойынша, жастық шақ, социалды және жеке – тұлға-лы, идентификациялы және өзін-өзі анықтаудағы сериялық таңдаулардан тұратын, ұқсастық дағдарысы айналасында қалыптасады. Адамның көптеген арнайы-спецификалық қажеттіліктері, қарым-қатынас жасау мен тұлға болып қалыптасу қажеттіліктерін қоса есептегенде, адамға туа бітеді. Әдетте адамның тұлға болып қалыптасуының қайнар көзі ретінде қоғам, ал оның дамуына әсер етуші күш ретінде заттық құбылыс жүйесіндегі қарама-қайшылық қарастырылады [3].
Әдебиетке жасалған талдау студенттің жеке басының қалыптасып, дамуына үш жақты факторлар әсер ететіндігін көрсетті. Олар:
1. Психологиялық фактор жеке тұлғаның қалпы мен қасиеттерін, психологиялық процестердің бірлігін білдіреді. Бұл факторлардың негізгісі – психологиялық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, қасиет, мүмкіншілік). Оған психологиялық процестердің ағымы мен психикалық жағдайдың пайда болуы тәуелді.
2. Әлеуметтік фактор студентке қатысты белгілі бір әлеуметтік топқа, ұлтқа, т.б. қатыстылығынан туындайтын қоғамдық қатынастар арқылы әсер етеді.
3. Биологиялық факторларға жүйке жүйесінің типін, анализаторлар құрылысын, шартсыз рефлекстер, түйсіктер, физикалық күш, тұла бойы, бет әлпеті, терісінің түсі және т.б. кіреді. Әрине, даму негізінен тұқым қуалаушылық және туа біткен қабілеттерге байланысты болғанымен, адамның өмір сүру жағдайы-ның өзгеруіне байланысты болып келетіні даусыз [4].
Бұл әсерлерді жан-жақты және өзара байланыстырып зерттеу студенттің сапалық ерекшеліктері мен этностық өзіндік санасының даму мүмкіншіліктерін анықтауға болатындығын көрсетті [5]. Сонымен, тұлғаның этностық өзіндік санасы дегеніміз-субьектінің этнофора (этностық сананы алып жүруші) ретін-де өзінің нақты бір этностық топқа қатыстылығын саналы түсінуі мен оған қанағаттану сезімінің көрінуі, соның нәтижесінде этностық ішкі бағдары мен ұстанымының пайда болып, этностық дүниетанымының қалыптасуы, өзінің ойларын, мінез-құлық мотивтерін саналы ұғыну мен бағалай отырып, ұлтішілік және ұлтаралық қарым-қатынаста нақты ұлт өкілі тұрғысынан әрекет етуі [6,7]. Әдебиеттерді қарастыру бары-сында этностық өзіндік сананы тұлғалық деңгейде зерттеу ТМД елдеріндегі психология ғылымында әлі де жеткіліксіз екендігі анықталып отыр. Зерттеулерде оның индивидтік деңгейде қалыптасуына О.Л. Романованың «тұлғаның этностық өзіндік санасы субъектінің өзінің ұлттық қатыстылығын, этнос-тық қауымдастығы өзінің орнын, сонымен қатар этностық байланыстар мен қатынастар саласындағы мотивтерін, мүдделерін және сезімдерін саналы түсінуі» деген анықтамасы қолданылуда. Этностық өзін-дік сана жалпы өзіндік сананың бір жағы болғандықтан, біз оның ғылыми-теориялық негіздерін психо-логиядағы өзіндік сананың құрылымы мен қалыптасуының, адамның адамды қабылдауының механизм-дерінен (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леоньтев, Б.Г. Ананьев, Б.М. Теплов, А.А. Смирнов, А.Г. Спиркин, А.Р. Лурия, М.И. Лисина, А.И. Силвестру, Л.И. Божович, В.С. Мухина, А.А. Бодалев) іздестіре отырып, оның индивидтік деңгейдегі психологиялық механизмі мен анықтамасын соған сәйкес түсініп, нақтыладық [8]. Этностық өзіндік сананың қалыптасуының психологиялық механизмі-индивид-тің санасы мен іс-әрекетінің дамып, өзге ұлт өкілі мен өзінің этностық қыры туралы ұғымдық білімдердің жинақталуының арқасында айыру және біріктіру процесінің, эмоциялық-бағалау мен қабылдаудың, өз мінез-құлқы мен әрекетін реттеудің жоғарғы дәрежеде қорытылуы болып саналады.
Этностық өзіндік сананың ғылыми-теориялық негіздерін талдай келіп, оның студенттерде ұлттық мәдениет арқылы қалыптасуының өзара байланысты басты үш психологиялық механизмнен тұратын тұжырымдамалық кескінін құруға болады деп есептейміз. а) этномәдени сәйкестену («ұлт», «ұлттық» ұғымдарын, ұлттық материалдық және рухани құндылықтар мен оларды этнобіріктіру және этноажырату белгілерін меңгерумен байланысты); ә) этномәдени бағыттылық (белгілі бір ұлт өкілі ретінде өзіне, өзге адамдарға, қоршаған дүниеге, мәдениет құндылықтарына ерекше (жартылай ұғынылмаған және ұғыныл-ған) эмоциялық-бағалу қатынасының, этностық автотаптаурындардың қалыптасуымен байланысты) [9]; б) ұлттық мәдениетке сәйкес әрекет ету (танымдық, эмоциялық-мотивациялық және сезімдік саланың дамып, өз жас шамасына лайық дүниені түйсінуі мен этностық дүниетанымының қалыптасуымен байла-нысты). Психология этностық өзіндік сана онтогенезін қарастыруда осы феноменнің құрылымдану ерекшеліктерін терең түсінуге, сонымен қатар ересек адам мінез-құлқының әлеуметтік механизмдер табиғатын түсінуге мүмкіндік алады [10]. Этностық өзіндік сананың онтогенетикалық динамикасының ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар келесі берілгендерден бастау алады:
– этностық өзіндік сана тұлғалық өзіндік сана дамуы арнасында қалыптасады;
– ол этномәдени ақпаратты саналанған және саналанбаған түрде игеру процесінде қалыптасады;
– отбасы және мектепте этностық өзіндік сананың қалыптасуының маңызы зор. Отбасы этномәдени құндылықтар мен нормаларды игертсе, ал мектеп этномәдени ақпараттарды таратушы болып табылады [11,12,13].;
– этностық өзіндік сана қалыптасуы этнодифференциялаушы және этноинтеграциялаушы белгілерін қабылдау қабілетінің қалыптасуынан басталады. Бұл «Мен – Олар» қарама-қайшылығымен мәнделетін танымдық функциясының қалыптасу механизмінің жалпы теориясына енеді;
– этностық өзіндік сананың өзінің қалыптасу динамикасы бар және қалыптасқандық деңгейінде құрылымданудың нақты жағдайына бағынады. Зерттеушілердің көпшілігі этностық өзіндік сананы тұлға-лық өзіндік сана құрылымында жалпы ұғым ретінде қарастырады [14].
Ұлттың өзін-өзі бағалауының келесідей деңгейлері бар:
• төмен, немесе адекватты емес төмен. Мұнда адам өз ұлты мен өзінің мүмкіндіктері мен потенциа-лын саналы түсінбейді не төмендетеді. Соған байланысты өзінің осы этносқа жататындығын жиі мойын-дамайды. Ұлттың өзін-өзі бағалауының төмен дәрежесі тұлға мен ұлтқа айтарлықтай ықпал етеді және ол келесідей көрініс береді:
▪ кейбір адамдарда өзін төмендету, шаршау, еріксіз мойынсыну сияқты эмоциялық күйлер пайда болуы мүмкін және мұндай күйлер ұзақ мерзімге сақталып, ұлттың эмоциялық күйіне тұтас ықпал тигізуі мүмкін;
• тұтас ұлтта немесе оның кейбір өкілдерінде пассивтілік, инерттілік, өзінің, ұлттың болашағына немқұрайлы қараушылық сияқты қасиеттер байқалуы мүмкін [15,16].
• адекватты төмен, бағалаудың мұндай түрінде ұлт өкілі өзінің және жалпы ұлттың артықшылығы мен потенциалын саналы түсіне алады, сонымен қатар актуалды даму деңгейінің жеткіліксіздігін, ұлттың этникааралық және ұлтаралық өзара әрекетке қосатын үлесінің жеткіліксіздігін де түсінеді. Бірақ осыған қарамастан осы ұлттың маңыздылығы мен құндылығы жоғарыламайды, оның өкілдерінің барлық ақыл-ой және әрекеттік белсенділіктері ұлттың потенциалын дамытуға бағытталған;
• адекватты жоғары – бағалаудың мұндай түрінде ұлт өкілдері өздерінің осы ұлтқа жататындығын мақтан етеді, себебі оның маңыздылығы мен құндылығын, этникааралық және мемлекетаралық қатынас-қа қосар үлесін саналы ұғынып, түсінеді. Бұл ұлттың құндылығы мен маңыздылығы өзге ұлттардың артықшылығы мен мүмкіндіктерін төмендетпей, адаекватты түрде бағаланады. Ұлтты адекватты жоғары бағалай алатын адамдарға өзіне, және өз ұлтына деген сый мен мақтаныш сияқты қасиеттер тән [17].
• өте жоғары немесе адекватты емес жоғары, осындай бағалаудың нәтижесінде индивид өзге ұлттар-ды төмендете отырып, ұлттың және өзінің артықшылығы мен маңыздылығын асыра бағалайды. Асыра бағалау ұлтқа және оның өкілдеріне келесідей ықпал етеді [18,19]:
▪ өзіне және өзге ұлттарға қатысты өркөкіректік, менмендік, жоғары амбиция сияқты қасиетер қалып-тасуы мүмкін,
▪ өзге халықтармен қарым-қатынас кезінде әр түрлі этникааралық дау-дамайлар туындауы мүмкін [20].
Достарыңызбен бөлісу: |