Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары


кесте. Кіші мектеп жасындағы толеранттылықты қалыптастырудың



бет68/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

3 кесте. Кіші мектеп жасындағы толеранттылықты қалыптастырудың
алғышарттары мен шарттары



Толеранттылық қалыптастыру алғышарттары



Толеранттылықты қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары

Рефлексия, өзін-өзі бақылау, мінез-құлықты саналы реттеу үшін негіз болатын қозу мен тежеудің нерв процестерінің арақатынасындағы өзгерістер;
баланың мектепке келуімен әр түрлі әлеуметтік және этникалық топтардың өкілдері болып табылатын оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас кеңейеде;
мінез-құлқы мен ойлауының, дүниетанымының белсенді қалыптасуына байланысты ұлттық және аймақтық мәдениетті меңгеру;
әдеп негіздері қаланады, өзіне, қоршаған ортаға басқа адамдарға қарым-қатынастың жеке нұсқалары ресімделеді және бекітіледі.

Мектептің білім беру кеңістігі шеңберінде ашықтық, нақты мәдени айырмашылықтарға қызығушылық;
әр баланың этникалық, діни қатыстылығына, денсаулық жағдайына және т. б. қарамастан психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
мектеп педагогикалық ұжымының оқушыларға толерантты қатынасы;
басқаға қатысты теріс, агрессивті немесе дұшпандық реакциялардың жолын кесу;
оқыту және тәрбиелеу процесінде балалар алдында шығармашылық міндеттер қою;
балаларды бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастыру ережелеріне оқыту;
педагогикалық үдерісте диалогты базалық әдіс ретінде қолдану;
тұлғаның әлеуметтік бағытын қалыптастыру, оқушыларды әлеуметтік маңызы бар қызметке тарту;
көпмәдениетті тәрбие



4 кесте. Жас өспірімдердегі толеранттылықты қалыптастырудың алғышарттары мен шарттары



Толеранттылық қалыптастыру алғышарттары



Толеранттылықты қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары



«+»
Өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігінің жоғары болуы;
Сәйкестіктің (идентичность) барлық түрлерін қалыптастыру (Э. Эриксон: «сәйкестіктің дағдарысы»);
өзін – өзі бағалау және оның орталық компонентін қалыптастыру;
ой-өрісін кеңейту, құндылықты бағдарларды, дүниетанымдық ұстанымды қалыптастыру;
әлеуметтік маңызы бар нормалар мен мінез-құлық ережелерін қалыптастыру, ересектер әлеміне белсенді бейімделу;
абстрактілі ойлауды дамыту.
«–»
психологиялық тұрақсыздық пен әлеуметтік жетілмеушілік жасөспірімдердің түрлі ұлтшылдық, псевдопатриотикалық идеялардың ықпалына бейімділігін тудырады;
қалыптастан тыс деңгейдегі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу экстремистік мінез-құлық үшін негіз болуы мүмкін;
гормональды өзгерістер назар аудару, мотивация және өзін-өзі реттеу қызметінің уақытша төмендеуін тудырады;
тәуекелдік және девианттық мінез-құлықтың жоғары ықтималдығы.

Білім беру мекемесінің толерантты ортасын дамыту;
гуманизм және толеранттылық қағидаттарына негізделген мәдениетаралық, тұлғааралық өзара іс-әрекетті ұйымдастыру;
жеке тұлғаның толеранттылығын дамыту бойынша тәрбиелік және оқыту бағдарламаларын іске асыру;
қарым-қатынастың конструктивті тәсілдерін, тұлғаның эмоционалдық тұрақтылығын, рефлексия дағдыларын қалыптастыру;
жасөспірімнің позитивті мен-тұжырымдамасын қалыптастыру;
сәйкестік дағдарысының өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасау

Осылайша, толеранттылықты қалыптастыру процесі жасөспірімнің жеке басының сапасы ретінде нәтижелі болуы үшін, осы жас кезеңінің жағымсыз сипаттарын жойып, позитивті сипаттарын күшейтетін психологиялық-педагогикалық жағдайларды жасау қажет. "Сәйкестілік дағдарысының өтуі үшін қолайлы жағдайлар жасау" деген тармаққа ерекше тоқталайық. М.Б. Хомяковтың пікірінше, "сәйкестілік қалыптастыру процесі толеранттылықты қалыптастыру процесіне тікелей қарама-қарсы. Шын мәнінде, бірінші жағдайда біз айырмашылықтарға – мәдениетке, пікірге, мінез-құлыққа назар аударамыз, ал екінші сөз "толеранттылық субъектісіне «тең» басқа адамды құрметтеуге және айырмашылықтарды уақытша ұмыту туралы болып отыр. Сонымен бірге, сәйкестік пен толеранттылықты қалыптастыру үдерістері бір-біріне қарама-қарсы, олардың өзара байланысын білдірмейді. Керісінше, сәйкестік оң және тұрақты болған сайын, жеке тұлғаның толеранттылығы соғұрлым жоғары. Өйткені, басқа пікірге, дүниетанымға, мінез-құлыққа деген құрмет олармен міндетті түрде келісуді көздемейді. Тиісінше, жасөспірімдерде толеранттылықты қалыптастыру бойынша жұмысты жоспарлай отырып, оң тұлғалық сәйкестікті дамыту үшін барынша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету қажет.


Тұлғаның қалыптасуында маңызды рөл атқаратын келесі кезең – жастық шағы. Бұл кезеңде толеранттылық жеке тұлғаның сапасы ретінде жаңа сипаттамаларға ие болады, бұл бірінші кезекте адамның кәсіби қалыптасуымен байланысты. Бұл тезис жасөспірімдік жастағы тұлғалық және кәсіби дамуына арналған көптеген зерттеулерді растайды (В.И. Долгова, Г.Ю. Гольева, Е.В. Мельник және т.б.). Және алдыңғы жас кезеңдерінде толеранттылықты қалыптастыру міндеттері табысты шешілген жағдай-да, жастық шақты осы сапаның барлық компоненттері (когнитивті, аффективті, әрекеттік) қалыптасуы-ның жоғары деңгейіне жетеді. 5 кестеде осы кезеңде толеранттылықты қалыптастырудың алғышарттары мен шарттары ұсынылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет