Адамның кез келген шешімді қабылдауы мен әрекет етуіне әсер ететін жағдайлар: 1) оның жеке басының ерекшеліктері;
2) оған генетикалық немесе жаттығу кезінде дамыған мүмкіндіктер;
3) өзіндік өмірлік тәжірибе барысында қалыптасқан көзқарастар;
4) қызметке қатысты мотивация деңгейі [7].
Тәжірибелі басшы адам табиғатының ұйым қызметін тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда маңызды орын алатынын түсінеді. Егер ұйымдастырушылық мінез-құлықты басқару процесі ретінде қарастыратын болсақ, ең алдымен мәні мен ұйымдастырылуына қарай басшыларға тиесілі рөлді анықтау керек.
Қазіргі білім беру саласын басқарудың өзіндік ерекшеліктері: 1. Педагогикалық талаптар арқылы жүзеге асырылатын біртұтас жүйе, құндылық бағдарларының біртұтас жүйесі.
2. Ситуациялық тәсіл, басқарушылық шешімдер ағымдағы жағдайдың негізінде жүзеге асырылады. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл шешімдер қабылдау үшін жоспардан тыс жиналыстар өткізіледі.
3. Ұйымдастырушылық мәдениетті үздіксіз жетілдіру мақсатында білім беру ұйымына басқарушы-оқытушы құраммен, жоғары деңгейдегі мамандарды тарту арқылы кәсіби және жалпы мәдени деңгейді жоғарылату.
4. Жеке тұлғаға бағдарланған және индивидуалды тәсіл, ұжымның әрбір мүшесінің мүмкіндігін анықтау және пайдалану, білім беру процесінің барлық қатысушыларының таңдау еркіндігін құрметтеу, қолайлы моральдық-психологиялық климатты құру, оқу орнының психологиялық қызметінің зерттеу жүргізуі, білім беру ұйымының қызметін жетілдіру мәселесінде басшының қызметкерлермен жеке пікір алмасуы.
5. Шешімдер қабылдауда қызметкерлердің пікірін қарастыруға мүмкіндік беруге бағытталған демократиялық тәсіл [8].
Осылайша, педагогикалық ұжымның жұмысына психологиялық қолдау көрсету - білім беру ұйымы басшыларының басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Білім беру ұйымының басшысы ұйымда тиімді психологиялық-педагогикалық жағдайларды ұйым-дастыруы қажет. Оған сәйкес ұжымның әр мүшесі өзін жұмыс орнында ұйымдастырушы ретінде қалып-тастыруға мүмкіндік беру керек, ол қызметкерлермен және студенттердің іскерлік қарым-қатынас проце-сін басқарудың тиімді модельдері мен стильдерін енгізу арқылы қол жеткізіледі. Басқару стилі – бұл басшының (жетекшінің) ұжымға әсер ету немесе оларды әрекетке талпындыру мақсатындағы қарым-қатынасы бойынша мінез-құлық манерасы [9]. Сондықтан басқару стилі басқару әрекетін тиімді және сапалы орындау мақсатында ұжымға әсер ету тәсілдері, әдістері, амалдарының тұрақты, тұтас жүйесі болып табылады. Сол себепті стратегиялық мақсаттар қоюға қабілетті, күрделі міндеттерді шеше алатын пікірлес адамдар тобын құру – көпқырлылық өнерін меңгерген басшыларға тән қасиет.
Демек, кәсіби біріккен адамдар тобы ретінде педагогикалық құрам жалпы ұжымдық қасиеттерге ие. Педагогикалық ұжымның өзіне тән ерекшеліктері: жұмыс уақытының дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни жұмысты орындау уақыт бойынша дұрыс шектелмегендігі, қызметтің ұжымдық сипатта көрініс табуы мен жұмыс нәтижесіне ұжымдық жауапкершілік. Бұл мәселе өз кезегінде педагогикалық ұжым әрекетінің деңгейін төмендете отырып, мұғалімдерге көптеген міндеттердің жүктелуіне, олардың кәсіптік дамуына бос уақытының жетіспеуіне себепші болады, ал бұл өз кезегінде мұғалімнің күйзеліске түсуіне, шиеле-ністі жағдайлардың артуына және де ұжымдағы адамдардың қызығушылықтары мен мақсаттарының келіспеушілік кезеңінде туындайтын қақтығыстарға түрткі болады. Осы орайда, ұйым басшысының атқаратын қызметі аса маңызды сипатта болады.
Қорыта келе, басқарушы өз қол астындағы қызметкерлерге дұрыс басшылық ету стилін таңдай білсе, қызметкерлерді ынталандыра отырып, қызметкерлердің жұмысқа ынтасының төмендеуі мәселесіне алдын-ала болжам жасаса, шиеленісті жағдайларды болдырмау жолдарын ашық қарастырса - тек қарапайым басшы емес, көшбасшы атауына лайық болады. Сондықтан да, басшының алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жұмыс процесін тиімді ұйымдастыру болып табылады. Білім беру саласының орталық тұлғасы - мұғалім болғандықтан, мақалада мұғалімнің жеке басына ерекше көңіл бөлінеді, сонымен қатар мұғалімдердің іріктелуі мен ұйымдастырылуындағы, олардың кәсіби дайындығының маңыздылығына тоқталдық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы. – Алматы, 1999. – 272 б. 2. Сагадеева А.В. О ДУШЕ / пер. П.С. Попова., исправленный и дополненный М.И. Иткиным с примечаниями // В кн.: Аристотель: Соч.: в 4 т. – М.: Мысль, 1976. - Т. 1. – С. 371-448. 3. Әбу Насыр әл-Фараби Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы, 1975. – 272 б. 4. Х. Сүйіншәлиев VIII-ХVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1989. – 279 б. 5. Умбиталиев А.Д., Сатымбекова К.Б., Керімбек Ғ.Е. Басқару психологиясы: оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2017. - 464 б. 6. А.П. Егоршин. Персоналды басқару: жоғары оқу орындарына арналған оқулық / 3-басылым. – Новгород, 2013. 7. Антонова Н.В. Психология управления. М, 2010. 8. Н.С.Ахтаева., А.И.Абдигапбарова., З.Н.Бекбаева. Басқару психологиясы / Оқу құралы. – Алматы, 2018. 9. Усенова А.М., Құралбаев С.А. Басшының басқару стилінің еңбек ұжымына психологиялық әсері Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы // «Психология» сериясы №1(58), 2019. – 82-87 б. МНРТИ 15.31