Ж. И. Намазбаева Бас редактордың орынбасары


ACMEOLOGICAL TECHNOLOGIES OF PROFESSIONAL DEVELOPMENT



бет97/198
Дата29.08.2023
өлшемі4,65 Mb.
#179993
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   198
Байланысты:
2019 4(61)

ACMEOLOGICAL TECHNOLOGIES OF PROFESSIONAL DEVELOPMENT
OF FUTURE SPECIALISTS


Abstract
This article discusses the features of acmeological technologies used in the professional development of future specialists. It is obvious that acmeological technologies contribute to the development of the internal potential of future specialists, increase their professionalism and adaptation opportunities. Acmeological technologies are distinguished by their focus on the professional development of future specialists, the disclosure of their personal potential.
The article describes the essence of the concept of "acmeological technology", discusses their distinctive features from other technologies, as well as reveals the goals and objectives of Acme technologies, methods of their impact and ways of application
Key words: future specialist, acmeological technologies, acmeological approach, subjectivity, professional development.


Қазіргі кезде қоғам өмірінің барлық салаларында қарқынды өзгерістер орын алып, жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Бұл өзгерістерді дұрыс қабылдап, тиісінше, өз шығармашылық әлеуетін үнемі бел-сендіріп отыратын мамандар қажеттілігі күн санап артуда. Әсіресе қоғамның жаңа талаптарын орын-дайтын адамды тәрбиелеуде жаңашылдықпен ойлайтын, қиын педагогикалық шешімдерді қабылдайтын, мәселені тұжырымдай білетін, өзінің стереотиптерін өзгерте алатын шығармашыл педагог-мамандар дайындауда, болашақ мамандардың кәсіби дамуындағы акмеологиялық технологиялардың алатын орны маңызды. Болашақ педагогикалық мамандарды шығармашылық әрекетке дайындығын қалыптастыру қазіргі кездегі жоғары оқу орындары үшін өте өзекті мәселелердің бірі екендігі белгілі. Осы мәселеге байланысты әрбір болашақ маманның бойында қарқынды дамыған ғылыми техниканың жетістіктерін меңгере алу, жаңашылдық ізденіске ұмтылу, сияқты белгілері толығымен қалыптасуы тиіс.
Болашақ мамандарды шығармашылық өнімді еңбекке дайындаудың мазмұны анықталған соң, сол мазмұнды игертуде қолданылатын жаңашылдық әдістер мен технологиялардың алатын орны ерекше. Жоғары оқу орнынан кейін мамандар дайындауда акмеологиялық технологияларды қолдану арқылы оқу үдерісін белсенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Tек белсенділік қана тұлғаның кәсіби әрекетке дайын болуын нәтижелі ететіні белгілі.
Aкмеологиялық технологиялвар болашақ мамандардың оқу кезеңіндегі интегративті іс-әрекетін құралдармен қамтамасыз етуге бағытталған. Олардың көмегімен оқу үдерісі жүзеге асырылады. Бұл технологиялар кәсіби жауапкершілікті дамытады, яғни білім беру мамандарын даярлау сапасын арттыру мақсаты ретінде қызмет етеді.
«Aкмеологиялық технология - кәсіби дамудың жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін жеке тұлғаның ішкі әлеуетін ашуға, қасиеттері мен сапаларын дамытуға бағытталған құралдар жиынтығы. Бұл анықтамадан акмеологиялық технологиялар болашақ мамандардың ішкі әлеуетін дамытуға, кәсібилігін және бейімделу мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік беретіндігін анық байқауға болады.
A.А. Деркач пен В.Г. Зазыкин қысқаша акмеологиялық сөздікте «акмеологиялық технологияларды» «психологиялық технология» ұғымына жақын категория ретінде қарастырады, бірақ бұл ізгілікті мазмұн-ға ие болғанымен, барынша тар, яғни акмеологиялық технологиялар болашақ маманды кәсіби тұрғыда дамытуға, оның тұлғалық әлеуетін ашып көрсетуге бағыттылығымен ерекшеленеді [1].
A.П. Ситников акмеологиялық технологияларды психологиялық тұрғыда «психотехнология» ретінде қарастырады. Аталған ұғымды технологиялық тұрғыда қарастыру базалық акмеологиялық категория-ларды нақтылауға ықпал етеді, яғни мұнда кәсіби шеберлік ең алдымен өнімді психотехнологиялар мен кәсіптік іс-әрекет технологиялар кешенін меңгеру ретінде қарастырылады [2].
H.В. Кузьмина акмеологиялық технологиялар төмендегідей міндеттер жүйесін шешу барысында жүзеге асырылатындығын өз жұмыстарында қарастырады [3]:
- жоғары өнімді (білім алушылар көрсеткен нәтижелер бойынша); аз өнімді; орта өнімді іс-әрекеттер жүйесіне салыстырмалы бақылау жасау;
- іс-әрекетті өз бетімен қайта ұйымдастыруда ынталандыруға аз өнімді жұмыстардың мүмкін бола-тын стратегиясы туралы өз бетінше шешім қабылдау;
- жеке авторлық іс-әрекеттер жүйесі жобасында пайдалануға болатын салыстырмалы бақылауларда тұжырымдалған идеялар, стратегиялар, технологиялар туралы өз бетінше шешім қабылдау.
В.Н. Максимова акмеологиялық технологиялар білімді ізгілендіру факторы болып табылатындығын және олар жеке тұлғалардың әлеуметтік маңызды құндылықтарына (денсаулық, отбасы, адамгершілік, өмір, азаматтық) және субъектінің тіршілік әрекетіндегі акмеологиялық құндылықтарына (өзін-өзі да-мыту, өзін-өзі жетілдіру, біртұтас және орнықты даму, руханилық, өмірлік жетістік, даралық), сондай-ақ кәсіби сапаларға (қабілеттілік, құзырлылық, бағыттылық, эмпатиялық сапалар, ерік-жігер, іскерлік) басымдық беру негізінде жасалатындығын атап өтеді. Автор сонымен бірге оқытудың акмеологиялық технологиялары кез келген педагогикалық технологиялардың барлық қырлары мен рет-тәртібін жүзеге асырады және басқаларға қарағанда кешенді болып табылады деген пікір айтады [4].
В.Н. Тарасованың пікірінше, акмеологиялық технологиялардың белгілеріне мыналар жатады: креативтілікті дамытуға бағытталуы; кешенділік; қызмет етіп отырған жүйені жоғары жетістіктерге жетуге өзін- өзі жылжуына мүмкіндік беретін факторларға жүйелі ықпал етуді қамтамасыз етуі; жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуын және кәсіби іс-әрекет үдерістерін оңтайландыруы; қоршаған әлеммен және өзімен-өзі мақсатты қарым-қатынас орнатуы [5].
Л.E. Варфоломеева акмеологиялық технологиялардың төмендегідей ерекшеліктерін тұжырымдап берді [6]:
- инварианттылығы;
- комбинаторлығы (басқа да әдістемелердің элементтерімен бірлестікте болуы);
- көп қызметтілігі (білім беру үдерісі субъектілерінің әртүрлі рөлдік қызметтерді атқаруда пайда-ланылады);
- бейімділігі (олардың қолданудың нақты шарттарына икемділігі);
- болжаушылығы (қажет нәтижеге жетудің жолдарын іздестірудің бағыттарын көрсетеді).
Aкмеологиялық технологиялар басқа технологиялардан ізгілікті бағыттылығымен ерекшеленеді.
Акме-технологиялар жеке тұлғаны кәсіби маман тұрғысында дамытуға бағытталған. Акмеологиялық технологиялардың бағыттылығы жеке тұлғаны ізгілікті дамытуға негіз бола алады. Акмеологияда өзін-өзі танудың, өзін-өзі бағалаудың және өзін-өзі дамытудың ізгіліктік технологиялары жасалды және олар табысты қолданылуда. Осыған байланысты, акмеологиялық технологиялар қашанда әрбір білім алушыға бағытталған, олар нақты тұлғаны кәсіби тұрғыда дамыту үшін пайдаланылады.
Бұл технологиялардың мәні акмеологиялық ықпал болып табылады.
Cондықтан бұл технологиялардың басты әдісі іштей немесе сырттай жүзеге асатын акмеологиялық ықпал болып саналады. Акмеологиялық ықпал – тұлғаның немесе топтың дамуына әсер ететін ізгілікті мазмұнды және мақсатты бағытталған ықпал.
Бұл жағдайда психологиялыққа қарағанда акмеологиялық ықпал өз кезегінде сол әсердің мазмұнын анықтайды. Cонымен, тұлға мүддесін, оның дамуын көздейтін және ізгілікті бағыттылықты кез-келген психологиялық әсер акмеологиялық бола алады.
Aкмеологиялық ықпал нәтижесінде өзін-өзі реттеу деңгейін көтеру адамның өз-өзіне, күшіне сенімділігін қалыптастырып, олардың жұмыс істеу қабілетін, күйзеліске төзімділігін арттырады, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шешім қабылдау қабілетін дамыту тұлғаның сипаты ретінде әлеуметтік белсенділікпен бірге оның мақсатқа бағытталған мінезін тәрбиелеуге көмектеседі.
Сондай-ақ акмеологиялық ықпал тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашып көрсетуге жағдай жасайды.
Oсы талдаудың нәтижесіне сүйенетін болсақ, акмеологиялық ықпалдың мәні оның кәсіби маманды дамытудың қуатты құралы бола алатындығында. Технологиялық тұрғыдан алып қарағанда акмеология-лық ықпал құралдары анағұрлым әрқилылығымен ерекшеленеді.
Бұл өзіндік білім алу немесе өзін-өзі оқыту нұсқаларының бірі ретіндегі арнайы бағдарламалар мен әдістемелер көмегімен өзін-өзі дамыту бойынша арнайы тренингтер, практикумдар, іскерлік немесе рөлдік ойындар, жеке жұмыстар болуы мүмкін; бұл жұмыстар акмеологтың көмегімен немесе өз бетінше жүзеге асырыла алады. Oсылайша, акмеологиялық ықпалды қолдану маманның кәсіби деңгейін көтеруі-не және келешекте өсуіне мүмкіндік береді.
Aкмеологиялық технологиялардың басты мақсаты – субъектілік қасиеттердің дамуына ықпал ету. Осы жағдайда тұлғаға акмеологиялық ықпал мотивациялық және құндылықты-мағыналық тұрғыда жүзеге асырылады.
Aкмеологиялық технологиялардың негізгі міндеттерінің бірі - арнайы тәсілдермен, техникалармен тұлғалық және кәсіби менін өзектілендіруге мүмкіндік беретін адамның дамуында, өзіндік санасында, өзін - өзі жүзеге асыруында талап етілетін қажеттілікті қалыптастыру және бекіту .
Aкмеологиялық технологиялар білім алушыны біртұтас және орнықты дамытуға, әрбір магистрант-тың жетістіктерге жетуіне, ішкі мотивациясын қалыптастыруға бағытталған.
Oсылайша, акме-технологиялар:
- тұлғаға (кәсібилік жүйелі қасиетті дамыта отырып), іс-әрекетке (оны жасап шығаруға бағыттай отырып), шығармашылықпен өзін-өзі жүзеге асыруда таңдау еркіндігі бар түрлендіруші субъект (білім беру үдерісінің өнімді моделін құруға мүмкіндік бере отырып іс-әрекет шартын ауыстыра отырып) араласқан үдеріске көпқырлы жағымды ықпалдың сызықты емес, ретті жүйесі;
- тұлғаның ақыл-ойына бір тұтастықта әсер етеді. Акмеологиялық технологиялар магистранттардың болашақ кәсіби іс-әрекетінің жағымды жеке тәжірибесін (білім, білік және дағдыларын) молайтады;
- білім беру және педагогикалық технологиялармен үйлесімдікте болады және психотехниканы қамтиды. Сондай-ақ, акмеологиялық технологиялар түзету, өзін-өзі түзету, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетіл-діру үдерісін оңтайландырады, осы үдерістерді басқарады және кәсіби іс-әрекеттің тиімділігін арттырады.
Aкмеологиялық технологиялардың өзіндік ерекшеліктері бар, олар адам туралы, оның кәсібилік пен шеберлікке қарай өзіндік қозғалысының заңдылықтары, тұлға және жеке өзіндік тәсілмен шығармашы-лықпен жүзеге асырылатын іс-әрекет субъектісі қамтылатын білім беру және педагогикалық жүйелердің өнімді моделдері туралы білімнің жинағы болып табылатын акмеологиялық ғылымның пәнінен туындай-ды. Біз акмеологиялық технологияларды сапалы нәтижені болжауға, білім беру міндеттері сапасына бағдарланған және білім алушылардың ары қарай дамуына алғы шарт бола алатын стратегияны таңдауға мүмкіндік беретін магистрантармен өзара әрекеттесудің мақсатқа бағытталған логикалық тұрғыда құрыл-ған жүйе ретінде қарастырдық. Cонымен, акме-технологиялар маманның акмеологиялық дайындығының қалыптасуына ықпал ететін біртіндеп күрделеніп отыратын кәсіби практикалық міндеттерді шешуге бағдарланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   198




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет