Keywords: students, personal growth, professional training, motivation, psychological technologies, specialist, psychodiagnostics, training.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын қоғамдағы көкейкесті мәселелерге арнайды. Жолдаудың жетінші бағытында «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуі», ең алдымен, білім беру жүйесін жаңғырту қажеттігі, сол мақсатта нақты іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор екендігі туралы айтылады. Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісіне пайдалана білуге де үйрету керек. Білім шыңына шығатын тұлғаны дайындау үшін, тұлғаны жетілдіру жолдарын қарастыру, тұлғаның дамуын, өзін-өзі белсендіруін, ұйымдастыруын, қалыптастыру және жетістікке жету жолдарын ұйымдастыру қажет. Сондықтан да мектептерде және ЖОО-да «Акмеология» сияқты пәндерді қолданып, тұлғаның білім шыңына жетуіне әсер ететін аспектілермен терең таныстыру керек [1].
Кәсіби маман болудың басты шарты ретінде психологиялық сауаттылық маңызды рөл атқарады. Психологиялық сауаттылық тұлға үшін аса қажеттілігін Намазбаева Ж.Ы. былай жазады: «...адам психикасының негізгі заңдылықтары мен мазмұнын білу әрқайсымыздың психологиялық құзырымызды өсіруге, өз мәселелерімізге сауатты тұрғыдан қарауға, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау және тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік береді. Күнделікті өмірдегі сәтсіздіктер мен уайымдар, дау-дамайлар көбінесе психологиялық сауатсыздықтың салдарынан пайда болады». Сонымен қатар, психологиялық сауат арқасында «...Сіз айналаңыздығы ақиқатқа, ең бастысы, өзіңізге немқұрайлы емес, белсенді қарайтын боласыз» - деп, оны субъектілік ұстанымның пайда болу, жетілу көзі ретінде түйін жасайды [2].
Студенттің өсуі психологиясына жалпылай алғанда тұлға ретінде – сыртқы ортамен, басқа адам-дармен және өз-өзімен қатынас үшін жауап бере алатын, өз өмірінің субъекті болып келеді. Тұлға – өзін реттеудің ішкі жүйесі. Ол басқа детерминациялайтын күштердің әсер етуін бастан кешіп, оларды ішкі әлем немесе ағза деп атауымызға болады. Және одан басқа сыртқы әлем болады, ол аумақты түсінікте қолданылады, соның ішінде басқа адамдар да. Осы үш басқаратын күштің арасындағы байланыс адамның өмір жолын анықтайды; оны дамудың үшбұрышы деп қарастыруға болады.
Студент мотивациясы адамның рухани белсенділігінің тарихи өзгермелі нысаны болып табылады, ол арқылы, өзін жеке тұлға ретінде, әлеуметтік қатынастар мен қызметтің субъектісі ретінде көрсетеді.
«Студент» адамның рухани өмірінің осы формаларын тану және бағалау әрқашанда түрлі философиялық мектептер мен жүйелердің назарында болды. Адамның рухани белсенділігін ұғыну және түсіндіру философияның "Мәңгілік" мәселелеріне жатады, өйткені философиялық таным, адамның мінез-құлқын ұйымдастыру және басқару қажеттілігі әрқашан өзекті болып қала береді [3].
Тарихи-философиялық мән мәтіннен үзіндіде қаралған мотивация табиғаты туралы ой-пікірлер тек абстрактілі тұжырымдарға ғана әкеледі, олар жеке тұлғаны тәрбиелеуде қолданғанда өзін ақтамайды. Тарихи тәсіл әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің негізгі диалектика-материалистік әдістерінің бірі болып табылады, оның мәні адамдарды зерттеу теориясында және практикалық қызметінде асыра бағалау мүмкін емес. "Тек мәдениеттін дәл білуімен ғана С.Л. Рубинштейн - адамзаттың барлық дамуымен жасалған, тек оны қайта мотивациялау арқылы мәдениетін құруға болады..." [4].
Тұлғалық өсуді талдау кезінде біз біріншіден, адамның рухани дүниесінің жоғарыда көрсетілген компоненттерінің өзара байланысы, өзара кірігуі және өзара өтуі идеясынан; екіншіден, белгілі бір ортада қалыптасуы мен дамуы болатын тарихи дамушы адамның, оның жеке тұлғасының интеллектінің, мотивациясының нақты-тарихи сипаты туралы нанымнан шыға аламыз. Біз сондай-ақ мотивациясының әлеуметтік детерминациялану фактісінен және оның әлеуметтік белсенділігінен өзгерту қабілеттілігі ретінде қаралады [5].
Барлық маманның өзіндік субъективті көзқарасы, пәнге деген белсенділігі (өзіндік жүзеге асыру), өз бетімен қорытынды жасауға, мәселені жеке шешу барысындағы басым ықыласы, білім беру үдерісіндегі мәндік контекстің басымдылығы (өмірлік-жағдай), тұлғалық көзқарастың болуы, өз тәжірибесін дұрыс пайдалана алуы тиіс [6].
Жаңа ғылым – акмеология (грекше acme – шың) пайда болып, дами бастады. Қазіргі кезде акмео-логия жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндердің торабында туындаған, адамның кемелдік сатысындағы, әсіресе осы дамудағы жоғарғы деңгейге қол жеткізуде адамның дамуының заңдылықтары мен феномендерін зерттейтін ғылым ретінде анықталады. Акмеология адамның кемелденуіндегі дамуын зерттейтіндігі назар аудартады [7].
Студенттің тұлғалық өсуі төмендегі психологиялық технологиялар қамтамасыз етеді:
1. Ойын (ойын модельдері).
2. Психодиагностика және психоконсультация технологиялары.
3. Тренингтік технологиялар.
4. Дамыта оқыту технологиялары.
5. Инфокоммуникациялық технологиялар және т.б. технологияларды пайдалана отырып тұлғаның жетістікке жетуіне ықпал етеміз.
Тұлғаның жетістікке жетуіне ықпал ететін психологиялық технологияларды 1-суреттен көруге болады.
№
Түрлері
Мазмұны
1
Ойын технологиясы
Тұлғаның дүни танымын, тәуелсіздігін, ойын кезіндегі белсенділігін, ойлауын, қарым-қатынасын, қимыл-қозғалысын, білімін, біліктілігін, тез шешім қабылдауын дамытады.
2
Психодиагностика және психоконсультация технологиясы
Тұлға туралы ақпатар алу, танымдық процестердің ерекшеліктерін анықтау, тұлғаны комплексті зерттеу. Диагностика психоконсультацияны жүргізудің негізгі ұйымдастырушысы. Психоконсультацияны жоспарлап жүргізу психодиагностикадан алынған нәтижеге байланысты.
3
Тренинг технологиясы
Тұлғаны машықтандыру және қандай да бір саладағы жүйелі тапсырмаларды, әрекеттерді немесе ойындарды орындай білуіне дағдыландыру.
4
Оқытудың дамытушы технологиясы
Тұлғаны оқыта отырып, жалпы дамыту. Яғни, тұлғаның бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, дербестік, адамгершілік, еңбек сүйгіштік, белсенділік және т.б. қасиеттерін дамыту. Негізгі талабы: жоғары деңгейлі қиындықпен, теориялық білімнің жетекші міндетін ескере отырып, жылдам темппен оқыту.
5
Инфокоммуникациялық технология
Оқу үрдісінде компьютерлерді, жаңа оқу технологияларын, электорндық оқулықтарды кеңінен пайдалану. Бұл ақпараттық технология адамның іскерлік белсенділігіне, білімділігіне, мәдениетіне және ғылымның дамуына түбегейлі әсер етеді.