Ж. К. Сүйінжанова 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы



бет28/48
Дата28.01.2022
өлшемі428 Kb.
#115353
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Байланысты:
стилистика лекция

Іс қағаздары туралы

1990 жылғы шілдеде «Тіл туралы заң» қабылданып, күшіне енуіне байланысты, төл тіліміздің дамуына жол ашылды, тілді дамытудың түрлі шаралары жан- жақты қарастырылды.

Қазақ тілінің мәртебесі артып, іс- қағаздарының қазақ тілінде жүргізілу әрекеттері жасалынуда. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық т.б. мәселелерде маңызы зор, яғни іс қағаздары арқылы қарым- қатынастың мәні артып отырады. Іс қағаздарын дұрыс жүргізу нәтижесінде, ұйымның мекеменің, үкіметтің қоғам дамуындағы адамдармен қарым- қатынасы, ынтымағы, бірлігі артады.

Іс қағаздарын қазақша жүргізу- пән ретінде жоғары және орта дәрежелі арнаулы оқу орындарында оқытылып келеді.

Іс қағаздарының түрлері өте көп. Мақсаты мен мазмұнына қарай жеке адамға қатысты және қызметтік деп бөлінеді. Қызметтік іс қағаздары мекеменің немесе мекеме басшысының атынан жазылса, жеке іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады.

Қызметтік іс қағаздарына мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізу барысында дайындайтын барлық құжаттарын жатқызуға болады. Мысалы қызметтік хаттардың барлығы, бұйрықтың түрлері, хаттама, қауы, жарғы т.б. Жеке адамға қатысты іс қағаздарына- өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, төлқұжат, куәліктің түрлері т.б.

Іс қағаздары формасына қарай типтік, трафареттік, еркін мәтінді болып үшке бөлінеді. 1) Типтік іс қағаздары- қалыптасқан мәтін- үлгі бойынша, А4 форматты іс- қағазына жазылатын іс қағаздары. Мысалы: өтініш, арыз т.б.

2) Трафареттік іс қағаздары- мәтіннің белгілі бөлігі алдын- ала типографиялық әдіспен басылып, дайындалған құжат түрлері. Мысалы: анықтама т.б.

3) Еркін мәтінді- қалыптасқан үлгі бойынша емес, оны жазушы адамның еркінше, яғни мәтіні еркін түрде жазылатын құжат түрі. Мысалы: пікір, күнделік т.б. Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары екіге бөлінеді.

1) Түпнұсқалық 2) Көшірмелік.

Түпнұсқалық іс қағаздарына- кез- келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригиналы) жатады. Көшірмелік іс қағаздарына- түпнұсқаның мәтіні ол күйінде, өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. Оған кез- келген құжат көшірмесі (диплом, бұйрық) үзіндісін (хаттамадан, бұйрықтан үзінді т.б. орыс тілінде выписка из протокола деген сөз тіркесі қолданылатын.), дубликатын жатқызуға болады.

Үзінді дегеніміз- құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы Дубликат дегеніміз- құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі. Мысалы: сынақ кітапшасын жоғалтып алсаңыз, орнына дубликат беріледі.

Адамдардың күнделікті қарым- қатынасы қарапайым тұрмыстық деңгейде өмірдің әртүрлі жағын қамтиды. Осыған орай сөйлеу лексикасында аузекі сөйлеу тілі мен әдеби сөздер көптеп қолданылады.

Мәдениеті жоғары, білімді, парасатты адамдар ауызекі дөрекі, былапыт сөздерді аластырмай, өз ойын мәдениетті түрде жеткізуге дағдыланады. Ауызша әдеби сөйлеу адамдардың әр түрлі тақырыпта өзара сұхбаттасуынан, лекция оқуынан, интервью берген кезеңінен, теледидарда сөйлеуінен көрінеді. Ауызша әдеби сөйлеу лексикасының қолданылу реті, оның жазба түрімен бірдей болмайды. Іс қағаздарының түрі боп саналатын ауызекі сөйлеу тілі элементінде интонациялық, эмоциялық ерекшеліктер көзге көрініп тұрады. Іс қағаздарының жазба түрінде бұндай ерекшкліктер болмайды.

Іс қағаздар тілінің ерекшелігі, онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Іс қағаздары тілінің міндеті- барлық адамдарға практикалық маңызы бар мағлұматтарды хабарлау, нақты жол көрсету. Іс қағаздарының тіліне ресмилік, дәлдік, сіреспелік, илікпеушілік тән. Іс қағаздарының үлгісін жалаң түрде көрсетуден гөрі, олардың әрқайсысымен жеке-жеке тілдік формасы, мазмұны, грамматикалық ерекшеліктері ескере отырып танысу қажет. Іс қағаздарының негізі XVIII ғасырдың екінші жартысында хандардың, патшаның жарлық- өкілдері хаттары т.б. арқылы қаланып, күні бүгінгі дейін (XVIII, ХІХ, ХХ, ХІ) маңызын жоймай келеді.

Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздарының әрқайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады. Іс-қағаздарын жазу-жаттығу, дағдылану арқылы меңгеріледі. Іс қағаздарында қолданылып отырған ақпарат, мәліметтердің барлығы да мұқият тексерілуі керек.

Өтініш- ресми іс-қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасуда, демалыс сұрауда, қандай да бір көмек сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен екінші қызметке ауысуда және тағы басқа жағдайларда мекеме басшысы атына белгілі бір тәртіп бойынша жазылады. Ең алдымен, қағаздың оң жақ бұрышына кімге және кімнен екені жазылады. Онда мынадай мәліметтер болуы керек: мекеменің атауы, мекеме басшысының және өтініш иесінің қызметі, атақ- дәрежесі және аты- жөні (барыс және шығыс септіктерінде). Соңынан өтініш иесінің қолы, күні, айы, жылы көрсетіледі. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол бойынша бұйрық шығарылады. Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбекті демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс), мерзімі көрсетілуі тиіс.

Өтініш таза қағазға, кейде арнайы бланкке жазылады.

Іс қағаздары деген тіркестің ұғымы кең: олар-адамның күнбе-күнгі өмірінде жиі қолданылатын үлгілер. Іс қағаздары, әдетте, ресми құжаттар деп те аталады. Соған орай, ресми құжаттар, іс қағаздары стилі деп те айтыла береді. Бұл тіркестердің мән-мағынасы бір-біріне жақын, бір-бірімен синонимдес деуге де болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет