Ж. К. Сүйінжанова 5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы


Модуль3. №12 -13 практикалық сабақ



бет27/48
Дата28.01.2022
өлшемі428 Kb.
#115353
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48
Байланысты:
стилистика лекция

Модуль3.

№12 -13 практикалық сабақ

Практикалық сабақ тақырыбы: Ресми-іскери стиль, қолданыс аймағы. Ғылыми стиль, қолданыс аймағы

Практикалық сабақ жоспары:

1.Іскери стильдің қолданыс аймағы мен қызметі

2.Іскери стильдің түрлері

3.Іскери стильдің стандарттану дәрежесі

4.Ресми-іскери стильдің тілдік белгілері

Сабақтың мақсаты: Студенттерге ресми-іскери стиль жайында түсінік беру.

Сабақтың мазмұны:

Ресми іс қағаздарының тарихы: Қазақ ресми іс қағаздарының тарихының дамуы  сонау ғасырлар қойнауына кетеді. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде ресми стильдің белгілері, іс қағаз тілінің элементтері кездеседі. Мәселен, көне жазба нұсқаларының тасқа қашалған мынадай сөз кездеседі: «Түркі бектері мен халық мұны естіңдер. Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа қалдырдым. Оларды көріңдер,  ұғыңдар» Бұл сөздер, әринеғ түркі халқының кейінгі ұрпағына арналған. Мазмұны, құрылымы жағынан қазір біз өсиет (завещание) деп атап жүрген іс қағазына сай келеді. ХІV ғасырда жазылған хан жарлықтарын да қазіргі қазақ іс қағаздар тілімен тікелей тариха байланысы бар мұра ретінде қарастыруымыз керек. ХІV ғасырда жазылған хан жарлықтарынан бізге жеткені он шақты ғана.

Қазақ тіл білімінде ресми-іскери стильдің ішкі тармақтары емес, түрлері ғана аталады:Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, шақыру билеті, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, міндеттеме, бұйрық, есеп т.б. жатады (М.Балақаев). Зерттеуші Б.Әбілқасымов «ресми іс қағаздар стиліне нені жатқызып, нені жатқызбау керек деген мәселеде әртүрлі пікірлер бар» екендігін айтыа, өз тарапынан «ХІХ ғасырдың екінші жартысында баспа бетінде жарияланып, көпшілікке тараған» құжаттардың тілін зерттейді, яғни осы аталғандарды ресми іс қағаздары үлгілерінің аясында қарайды. Ал зерттеуші Р.Сыздықова ХVІІІ ғ. мен ХІХ ғ. І жартысында әкімшілік, билік өкілдерінің, лауазымды адамдардың өзара жазысқан әр қилы сипаттағы (мазмұндағы) қағаздары мен хаттары болғандығын көркестіп, ХІХ ғасырдың екінші жартысында ресми тілдің бұйрық, жарлық, указ, үндеу тәріздес үлгілерінің көбейгені туралы түйіндейді (Р.Сыздықова).

Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан әр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады:

1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.

2. Лексика-фразеологияның құрамы (саяси-публицистикалық сипатта, әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, қысқарған сөздер) өзгеше болып келеді.

3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

Сонымен қатар, экспрессивті, бояулы тілдік құралдар қолданылатын кейбір текстер де бар. Мәселен, халықаралық ұйымдарды, даңқты қалаларды және жеке мекемелер мен белгілі қоғам қайраткерлерінің мүшелі тойына арналған құттықтаулар болады. Құттықтау текстерінің қайсысы болса да жігер, қуатқа толы, жақсы тілектер айтылып, жылы сезіммен жазылады. Сондықтан онда эмоциональды бояулы сөздердің қолданылуы заңды құбылыс.

Бұйрық- мекемедегі, ұйымдағы, ведомостводағы кадрларға байланыс мәселелерді- оларды іріктеу және орналастыру, азаматтарды жұмысқа қабылдау және босату, басқа жұмысқа ауыстыру мәселелерін шешуге бағытталған ресми құжаттардың бірі.

Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық-жарлық құжаттар арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық беру құқығына, әдетте, бірінші басшы-несиені реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары- құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар бере алады.

Кәсіпорынның ағымдағы қызметі бұйрық- жарлық құжаттары арқылы реттеліп басқарылып отырады. Бұйрық беру құқығына, әдетте, бірінші басшы- несиені реттеуші әкімшілік басшысы ие. Кәсіпорын директоры мен оның орынбасарлары – құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар бере алады.

Басшылықтың алқалық органдары (кеңестер, съездер, конференциялар т.б.) шешім қабылдау барысын қағазға түсіріп белгілейтін хаттаманың бір бөлігі болып табылатын шешімдер шығара алады.

Мазмұны жағынан бұйрықтар екі түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар өндіріс істері, жоспарлау, есеп беру, қаржыландыру, несие алу- беру, тауарлар өткізу мен қызмет көрсетуді ұсыну, ұйымдастыру мәселелері бойынша басқару жөніндегі шешімдерді белгілейді. Олар сондай- ақ, жоғары органдардың шешімдерін орындау, шаралар белгілеу, орындау мерзімі мен бақылауды және оған жауаптыларды анықтау керек болғанда шығарылады.

Бұйрық нормативті және жекелік болуы мүмкін. Мысалы, еңбек тәртібі ережелерін бекіту туралы бұйрық директордан бастап, барлық қызметкерлерге қатысты, сондықтан ол нормативті болады. Ал өтемақы төлеу туралы бұйрық жеке адамдарға қатысты болғандықтан жекелік болады.

Жарлық-басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Оған директордың орынбасарлары, өз өкілеттіктері шегінде

құрылымдық бөлімше басшылары қол қояды.

Жарлықтың мәтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады.

Жарлық құжатының сапалы болуы пішімі жағынан толық, анық, дәл болуына да байланысты.



Хаттама-жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім қабылдаудың барысы туралы мәлімет беретін құжат. Толтырудың тәсілі мен көлемі жағынан хаттамалар стенография, фонография, конспект түрінде және мазмұны жазылмаған ықшамды түрде болып келуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет