Сабақ жоспары Топ № кб II сабақтың аты Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру



Дата23.08.2017
өлшемі51,23 Kb.
#25091
түріСабақ
Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

____________Г.Г.Исмагулова

"__"_________ 2016 ж.
Сабақ жоспары
Топ № КБ II

Сабақтың аты Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Сабақтың тақырыбы: 1.1. Қызмет көрсету үдерісінің жалпы сипаттамасы

Сабақ мақсаты:



Біліктілігі: Оқушыларға қызмет көрсету үдерісінің жалпы сипаттамасы туралы мәлімет беру.

Тәрбиелік: Оқушылардың таңдаған мамандығына деген қызығушылығын арттырып, еңбекке деген жауапкершілігін жақсарту.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жаңа материалдарды меңгеру дәрежесін, жүйелі ойлауын және пәнге, мамандығына қызығушылығын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас

Көрнекілігі: оқытудың техникалық жабдықтары (мультимедиялық аппарат, проектор, слайдтар, оқу материалдары)
Сабақтың барысы

Ұйымдастыру бөлімі:

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу

3. Сабаққа дайындықты тексеру

Жаңа сабақты түсіндіру

1. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру пәнінің мақсаты.

2. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындағы қызмет көрсету ерекшеліктері.

“Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсету ұйымдастыру” пәнінің ролі: қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнындағы тұтынушыға қызмет көрсету деңгейін көтеру.

Пәннің енгізілу мақсаты: оқушылардың теория және практика жүзінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының классификациясы, типтері және түрлері жөнінде мәлімет алуы. Оқу барысында оқушылар сервис және қызмет көрсету аймағындағы негізгі терминдермен, түсініктемелерімен танысып; қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындардағы қызмет көрсету әдістерін, оларға қойылатын талаптарын; сауда бөлмелердің сипаттамаларын; ыдыс - аяқ, құрал-аспап, дастарқан, майлық түрлерін оқып меңгере шығады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында объект ретінде тұтынушыларға қызмет көрсетуге және кулинарлық өнімдерді сатуға бағытталған іс-әрекеттер қарастырылады.

Кулинарлық өнім – тұтынушылардың қажеттілігін ескеретін, кулинарлық жартылай өнімдер және тағамдардың бірлестігін құрайтын өнім.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындардағы қызмет көрсету – тамақтандырумен қамтамасыз ететін кәсіпкерлер мен кәсіпорынның қызмет ету нәтижесі болып табылады.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсету аясындағы субъект екі топқа жіктеледі:

1. тұтынушылар;

2. басқарушылар және қызмет көрсететін қызметкерлер.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары функционалдық тағайындалуына, тағамдар ассортиментіне, олардың дайындалу технологиясының күрделілігіне, технологиялық жабдықталуына, қызмет көрсету түрі мен сапасына, қызметкерлер квалификациясына байланысты келесі типтерге бөлінеді:

- мейрамхана;

- бар;

- кафе;


- асхана.

Мейрамхана және барлар – қызмет көрсету деңгейі бойынша люкс, жоғарғы және 1-ші деңгейлі болып жіктеледі.

Люкс – қоғамдық тамақтандыру кәсіпорнындағы сауда залдарының архитекторлық ансамбілі мен интерьері аналогсыз көркем әшекейленген және комфорттылық ең жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылған. Мейрамханаларда фирмалық және тапсырыстық тағамдардың, тәтті және ұнды-кондитерлі өнімдердің, барларда фирмалық және тапсырыстық сусындар мен басытқылардың түрлері көп болу керек.

Жоғары дәрежелі - интерьері жақсы талғаммен орындалған, тағамдар мен сусындардың түрлі ассортименттілігі, залдардың комфорттылығы ескерілген болу керек.

Бірінші дәрежелі – үйлесімділікпен орындалған, күрделі және жай дайындылықтағы тағамдар мен сусындар қарастырылған.



Вагон-мейрамхана – ұзақ мерзімді поездардағы жолаушыларға арналған кәсіпорын. Олар тұтынушылар залымен, өндіріс бөлмесімен, жуу бөлмесімен, сервизді бөлмесімен, бармен жабдықталған. Қызмет көрсету даяшы және буфетшімен жүзеге асырылады.

Вагон-кафе – вагонның жартысын алатын, 20 орынды кәсіпорын. Өндіріс бөлмесінің қоймаларымен және жуу бөлмесімен жабдықталған. Өз - өзіне қызмет көрсету әдісі қолданылады. Кей – кезде қызмет көрсету буфетшімен де жүзеге асырылады.

Вагон-бар – вагон ішінде бар стойкасымен жабдықталған, әртүрлі алкогольді, алкогольсіз сусындар, нан-тоқаш өнімдері, десерт сатылатын кәсіпорын. Қызмет көрсету барменмен жүргізіледі.

Вагон-буфет. Қызмет көрсету әдісі - өз-өзіне қызмет көрсету.

Кафе – мейрамханамен салыстырғанда тағамдар мен сусындар ассортиментінің кем болуымен сипатталатын кәсіпорын. Металдан, фарфордан, жартылай фарфордан, шыныдан жасалған ыдыс-аяқтар, тот басылмайтын болаттан жасалған құрал-аспаптар, мата және қағаз майлықтар қолданылады.

Асхана – қоғамдық тамақтандыруда ең көп таралған кәсіпорын түрі. Орналасуына және тұтынушылар контингентіне байланысты жалпы типті және өндірістік болып екіге бөлінеді.

Тағамдар ассортиментіне: салқын тағамдар мен басытқылар, бірінші және екінші ыстық тағамдар, сүт және сүтті өнімдер, ыстық және салқын сусындар, тәтті және ұнды-кондитер өнімдері кіреді.



Дәмхана - жай дайындылықтағы өнімнің жіберілуі мен тұтынушыларға тез арада қызмет көрсетуді ескеретін кәсіпорын. Дәмхана жалпы және арнайы типті болып екіге бөлінеді. Арнайы типті дәмханаға тұшпарахана, самсахана, шайхана, кәуапхана және т.б. жатады. Металдан, жартылай фарфордан, фаянстан, шыныдан жасалған ыдыс-аяқтар қолданылады. Картон мен пластмасса ыдыстары да қолданылады. Өз-өзіне қызмет көрсету әдісі жүргізіледі.
Жаңа сабақты бекіту

Сұрақ-жауап.

1. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қандай түрлерге бөлінеді?

2. Мейрамхана және барлардың қандай ерекшеліктері бар?

3. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының объектісіне не жатады?
Үйге тапсырма: оқу, мазмұндау.

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.



Оқытушы: Умьянова С.Ж. _______________
Каталог: uploads -> doc -> 0842
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0842 -> Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің техногиялық картасы №3 «Балбұлақ» ересек тобы «30» қыркүйек 2014 ж Білім беру саласы
0842 -> Өтініш қағазы Баяндаманың тақырыбы
0842 -> Сабақ №2 Сабақ тақырыбы: Талантты және дарынды балалармен жұмыс Жалпы мақсат
0842 -> Жарық негізгі мектебі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет