09.12.2013ж
Пән: Қазақстан тарихы
Сынып: « 10 в »
Тақырып: Монғол шапқыншылығы,Алтын Орда
Мақсаты : Оқушыларға адам мәселесі туралы түсінікмеме беру,шығу тарихын ,даму туралы жуйелі білім беру
Білімділік: Оқушыларға адамзат туралы туралы бағдар беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау ,талдау,салыстыру қорытынды жасау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыдардың өздігімен жумыс жасауына ,жауапкершілікті болуына тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту,
Аралалас сабақ
Сабақтың барысы:
І Ұйымдасытыру а) сәлемдесу,тугелдеу,бала назарын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Қимақ мемлекеті, Қыпшақ хандығы
1. Этникалық құрамы және қоныстанған аймақтары.
2. Қоғамдық құрылысы
3. Шаруашылығы
4. Қыпшақтардың саяси жағдайы.
А) Венн диаграммасы; Қымақтар мен Қыпшақтар.
Б) Бекіту сұрақтары
1.Қимақтардың VII ғасырдың басында мекендеген жері:
А) Монғолия В) Алтай С ) Қытай Д) Сыр бойы
2. Қимақ қағанатының астанасы:
А) Отырар В) Жанкент С) Имақия Д) Суяб
3. Қимақтар туралы жазған парсы тарихшысы
А) Әль-Якуби В) Әль-Фараби С) Бируни Д) Гардизи
4. Қимақ шонжарларының ислам дінін қабылдай бастаған кезі:
А) IX ғасыр В) Х ғасыр С) ХІ ғасыр Д) ХІІ ғасыр
5. Қимақтардың жеке дара тайпа көсемінің атағы:
А) Ябғу В) Қаған С) Шад- түтік Г) Ұлы бек
6. ХІ-ХІІІ ғ.ғ. Алтайдан Еділге дейінгі аумақтың аталуы
А)Сарыарқа В) Қыпшақ даласы С) Ұлы дала D) Ұлы Жібек жолы
7. Махмуд Қашғари қыпшақ тілінде «яланкуг» деп кімдерді атаған?
А) Құлдарды В) Егіншілерді С) Малшыларды D) Әскерилерді
8. Қыпшақтардың Орыс далалары, Орта Азия базары мен Қазақстанның оңтүстігіне баруына кедергі келтірген мемлекет
А) Қарлұқ мемлекеті В) Оғыз мемлекеті
С) Қарахан мемлекеті D) Найман мемлекеті
9. Венгерлер қыпшақтарды қалай атаған
А)Далалықтар В)Варварлар С)Кундар D) Дулулар
10. «Қыпшақтар аздап бидай, арпа өсіреді, көп өсіретіні-тары…» деген мәлімет кімнің еңбегінде кездеседі?
А) әл-Марвази В) әл-Бируни С) әл-Фараби D) әл-Омари
ІІІ Жаңа материалды түсіндіру.. Монғол шапқыншылығы
Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Тэмуджин болды. Ол 1155 ж. ірі ноян Есүхей батыр отбасында туылған.
Тэмуджин ер жете келе қол астына монғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 ж.ы көктемде Онан өзені жағасында Тэмуджинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды.
1207—1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжінді) бағындырды.Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.Шыңғыс ханҚазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді.Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан ұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді.
1)Шыңғысханның жорықтары Картамен жұмыс
2)Шыңғысханның ұрпақтарының ұлыстары Картамен жұмыс
3) Отырыр шайқасы
4)Видео ролик «Шыңғыс хан»
Қорытынды:.
Хронологиялық диктант: 1206 жыл ----------------------------------------------
1155-1227 жыл ----------------------------------------
1207-1211 жыл ----------------------------------------
1215 жыл ------------------------------------------------
1217 жыл ------------------------------------------------
1210-1211 жыл ------------------------------------------
1219 ж қыркүйек ----------------------------------------
1219-1224 жыл -------------------------------------------
Бекіту: а) Жаулап алудың зардаптары
Білемін
|
Білгім келеді
|
Не ұқтым
|
|
|
|
Бағалау: «5»- «4»- «3»-
Үйге тапсырма : Монғол шапқыншылығы , Алтын Орда
Достарыңызбен бөлісу: |