Мемлекеттің функциясы- қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.
Мемлекеттік аппарат – қағамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нысандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады.
Мемлекеттік орган- мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттігі бар құрылымдық бөлшегі. Мемлекеттік органның өкімет билігін іске асыруы мемлекеттің мәжбүрлеу күші арқылы қамтамасыз етеді.
Құқық- адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты, тұлғаның бостандығын білдіретін, формалды түрде анықталған, қоғамдық қатынастары реттейтін, мемлекеттің күшімен қамтамасыз ететін жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.