Құқықтың қызметі- адамның іс-әрекетіне, мінезіне, тәрбиесіне, нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері. Сол арқылы қатынастарды дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.
Құқық институты - бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Мысалы, еңбек құқығында- еңбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта - өкілдік институты, әкімшілік құқықта – мемлекеттік қызмет институты, қаржы құқығында – бюджеттік құқық институты т.б.
Нормативтік құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамды қабылданған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолдануын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Заңдар – белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік- құқықтық актілердің жиынтығы.
Құқық нормасы- нормативтік құқықтың актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.
Заң- қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Рестубликасы Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт.
Кодекс- біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң.
Бекіту сұрақтары: Үй жұмысы: