Ж. С. Баймункина №2 семинар



бет7/7
Дата13.09.2020
өлшемі21,85 Kb.
#78396
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Құқық №2
Құқық №2
Құқықтың қызметі - адамның іс-әрекетіне, мінезіне, тәрбиесіне, нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері. Сол арқылы қатынастарды дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.

Құқық жүйесі- бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі.

Құқық институты - бұл қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Мысалы, еңбек құқығында- еңбек тәртібі институты, жалақы институты, азаматтық құқықта - өкілдік институты, әкімшілік құқықта – мемлекеттік қызмет институты, қаржы құқығында – бюджеттік құқық институты т.б.

Нормативтік құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамды қабылданған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолдануын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Заңдар – белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік- құқықтық актілердің жиынтығы.

Құқық нормасы- нормативтік құқықтың актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.

Заң- қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Рестубликасы Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт.

Кодекс- біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар біріктіріліп, жүйеге келтірілген заң.
Бекіту сұрақтары:
Үй жұмысы:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет