Ж. С. Баймункина №2 семинар


Құқықтық қорғау функциясы



бет3/7
Дата13.09.2020
өлшемі21,85 Kb.
#78396
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Құқық №2

Құқықтық қорғау функциясы- нормативтік актілердің қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Құқық жүйесі- бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқықтың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.

Құқық саласы- бұл белгілі бір қоғамдық қатынастар түрін реттейтін заң нормаларының жиынтығы.
2. Конституциялық-құқықтық нормалар:

1. мазмұнымен (реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың аясымен);

2. неғұрлым көбірек заң күшіне ие болумен; Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне қайшы келетін нормалардың күшін жоюымен;

3. сол арқылы білдірілген дерек көздеріменен (неғұрлым маңызды нормалар Қазақстан Республикасының Конституциясында түзілген);

4. нормалардың өзіне тән түрлерімен (норма-қағидалардың, норма-міндеттердің, ресми мәлімделген (декларативті) ережелердің болуы);

5. жүзеге асырудың айрықша механизмімен (қоғамдық қатынастардың түбегейлі, басты тұстарын ғана реттейді);

6. қатынастарды реттейтін (халық, мемлекет, ұлттар, жоғары мемлекеттік органдар) субъектілердің өзіндік сипатымен;

7. құрылымдардың ерекшеліктерімен (ғылыми болжам мен диспозицияға және жекелеген жағдайларда ғана – санкцияға ие);

8. нұсқаулардан тұратын құрылтайшылық сипатпен өзгешеленеді.

Конституциялық-құқықтық нормалардың негізгі жіктеуі (классификациясы).





Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.

Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.

      Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.



               














Начало формы












  






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет