3.Құқық салаларының түрлері:
1)Негізгі салалары: бұлар басты құқықтың режимдерді қамтиды, жалпы алғанда, құқық салаларының жүйесінің ең басында Конституциялық құқық, одан кейінгі материалдық құқықтар- азаматтық, әкімшілік құқықтар және оларға сәйкес іс-жүргізушілік салалар, азаматтық іс-жүргізушілік, қылмыстық іс- жүргізушілік және әкімшілік іс- жүргізушілік құқықтары орналасқан.
2) Арнайы салалар: бұларда құқықтық режимдер қоғамның ерекше сфераларына бағытталған- еңбек құқығы, жер құқығы, қылмыстық құқық, әлеуметтік қамсыздану құқығы, отбасы құқығы;
3) Кешенді салалар: бұларға негізгі және арнайы салалардың әр түрлі институттарының бірігуі тән- шаруашылық құқық, аграрлық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы.
Достарыңызбен бөлісу: |