ТӘлімгерлік туралы қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»



Дата22.10.2019
өлшемі19,17 Kb.
#50500
Байланысты:
Тәлімгерлік туралы

ТӘЛІМГЕРЛІК ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлер бекіту нормасы қарастырылған.

Сондай-ақ, тәлімгерлерді бекіту тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 11 «Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттарын және тәлімгерлерді белгілеудің тәртібін бекіту туралы» бұйрығымен реттелген.



Тәлімгерлік – мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға бейімдеу мен кәсіби дайындау үрдісі болып табылады, ал тәлімгер - қызметшіге бекітілген, оның кәсіби даярлығына практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші.

Ауданда тәлімгерлердің қызметін үйлестіру, персоналдың кәсіби деңгейін және оның сабақтастығын нығайту мақсатында тәлімгерлер кеңесі құрылып.



тәлімгерлер резерві қалыптастырылған және ағымдағы жылдың басынан бастап 4 - мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлер бекітілген.

Тәлімгерліктің міндеттері:

  • тәлімгерлік бекітілген қызметшіге кәсіби және лауазымдық бейімделуіне және лауазымдық міндеттерді орындау кезінде туындаған кәсіби қиындықтарды жеңуде көмек көрсету;

  • тәлімгерлік бекітілген қызметшіге кәсіби білім мен дағдылардың қалыптасу және даму процесін оңтайландыру;

  • тәлімгерлік бекітілген қызметшіге кәсіби қалыптасу және даму үрдісін жылдамдату, атқарып отырған лауазымдарына сәйкес оларға жүктелген функционалдық міндеттерді сапалы және жоғары жауапкершілікпен орындау қабілетін дамыту;

  • тәлімгерлік бекітілген қызметші бойында кәсіби - әдептілік принциптеріне, қызметтік тәртіп ережелеріне, сонымен қатар, заңнамада бекітілген талаптарға сәйкес кәсіби дағдылардың қалыптасуына ықпал ету;

  • тәлімгерлік бекітілген қызметшіге өзбетімен және әріптестермен жұмыс жасаудың тиімді нысандары мен әдістерін үйрету, оларға жүктелген қызметтік міндеттерін өзбетімен және сапалы орындау қабілетін дамыту, өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

  • тәлімгерлік бекітілген қызметші бойында келесі жеке қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету: жоғары түсінік, тәртіптілік, еңбек сүйгіштік, қызметке шынайы берілгіштік, өз ісіне және жүктелген тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіну, әріптестермен, азаматтар және басқа да тұлғалармен мейірімділік және сыйластық қарым-қатынаста болу;

  • тәлімгерлік бекітілген қызметші бойында белсенді азаматтық және өмірлік ұстанымды қалыптастыру, қызметке деген жауапты және саналы қатынасты дамыту.

Тәлімгердің міндеттері:

  • тәлімгерлік бойынша жұмыс жағдайы үшін, сондай-ақ оларға қойылған міндеттерге сәйкес қызметші жұмысының қорытынды нәтижелері үшін дербес жауапты болады;

  • қызметшінің бейімдеу жоспарын орындауына күнделікті бақылауды жүзеге асырады;

  • қызметшіге таңдалған мамандықты игеруге көмектеседі, оған қызметтік міндеттерді түсіндіріп, оларды сапалы орындаудың әдістері мен тәсілдерін көрсетеді, жіберілген қателерді анықтап, бірлесіп талдайды және жояды;

  • қызметшіге қызметтік істі тиімді жүзеге асырудың, сондай-ақ қойылған міндеттерді өздігімен шешудің оң үлгісі болып табылады;

  • қызметшіні ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады, салауатты өмір салтын жүргізуге үгіттейді, жалпы мәдени және кәсіби зерденің дамуына көмектеседі, патриотизмге тәрбиелейді;

  • қызметшінің жігерлігін, іскерлік және рухани қаиеттерін, оның жұмысқа, ұжымға, азаматтарға көзқарасын, сондай-ақ оның құштарлықтарын, дағдыларын, бос уақытта қатынасу тобын зерделейді;

  • қызметшіге қиыншылықтардан өтуге, лауазымдық міндеттерді орындау кезінде моральдық-психологиялық тұрақтылығын күшейтуге көмектеседі;

  • қызметшінің тәртіп пен заңдылықты бұзуын болдырмау бойынша уақытылы шаралар қолданады;

  • қажеттілік болған жағдайларда қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына оған тәрбиелік және тәртіптік әсер ету шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізеді.


Тәлімгердің құқықтары:

  • жұмыс бабына қатысты сұрақтарды талқылауға қатысуға, тәлімгерлік бекітілген қызметшіні көтермелеу жөнінде бөлім басшысына ұсыныс енгізуге, тәрбиелік және тәртіптік шараларды қолдануға, сондай-ақ басшының шешімін қажет ететін басқа да сұрақтарды талқылауға қатысуға;

  • қызметшіні ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады, салауатты өмір салтын ұстауға шақырады, кәсіби және жалпы мәдени дамуына ықпал етеді, патриотизмді дарытады;

  • қызметшінің сәйкес жұмыс орнымен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілуін қадағалайды, қызметке қажет жағдай жасауға ықпал етеді.

Тәлімгерлік міндеттерін қажет деңгейде орындамағаны үшін тәлімгер тәлімгерлік қызметінен босатылуы, сондай-ақ белгіленген тәртіпте тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Тәлімгерлік бекітілген қызметшінің міндеттері:

  • оған берілген тапсырмаларды орындайды, бейімделу жоспарында көзделген іс-шараларды жүзеге асырады;

  • өзінің тәлімгерінен көмек сұрай алады;

  • өзінің кәсіби біліктілік деңгейін жоғарлатуға, дағдылары мен қабілеттерін дамытуға, білім алуға күш салады;

  • ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады;

  • тәлімгерден жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін қабылдайды;

  • лауазымдық міндеттерін орындауда тәлімгердің ұсынымдарын басшылыққа алады.


Тәлімгерлік бекітілген қызметшінің құқығы:

  • құрылымдық бөлімшедегі қызметтік, нормативтік, ғылыми методикалық құжаттарды қолдануға;

  • тәлімгерден қызмет барысында пайда болған сұрақтар бойынша кеңес алуға;

  • тәлімгермен жеке байланысты орната алмаған жадайда құрылымдық бөлімшенің басшысына оны ауыстыру жөнініде өтініш жасауға.

Тәлімгердің тиімді қызметінің нәтижесі болып келесілер табылады:

  • тәлімгерлік өтіп жатқан тұлғалармен лауазымдық міндеттерінің орындалуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді практикалық тұрғыда үйрену және қолдану, қызмет ету барысында үйренген теориялық білімін қолдана білу;

  • тәлімгерлік бекітілген қызметшінің лауазымдық міндеттерін орындау және шешім қабылдауда дербестілігі;

  • жұмыс бабымен байланысты тапсырмаларды орындау барысында тәртіптілік және орындаушылық.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет