Ж. С. Нурпеисова аж – дегі мәліметтер базасы


Дәріс 3: Деректер базасымен жұмыс технологиясы



Pdf көрінісі
бет12/106
Дата27.10.2023
өлшемі3,46 Mb.
#188624
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   106
Байланысты:
Нурпеисова-Ж.С.-АЖ-дегі-мәліметтер-базасы

 
Дәріс 3: Деректер базасымен жұмыс технологиясы 
 
Деректерді интеграциялау концепциясына негізделген қазіргі ақпараттық 
жүйелер үлкен көлемді және құрылымы жағынан күрделі болып келеді. Олар 
көптеген пайдаланушылардың әртүрлі деңгейдегі талаптарын қанағаттандыруы 
тиіс. Кеңінен түсіндірер болсақ, 
деректер базасы дегеніміз
– шынайы өмірдегі 
белгілі бір сала бойынша бар объектілер жайлы мағұлматтар жиынтығы. 
Шынайы өмірдің бір бөлігін пәндік аймақ деп айтуға болады. Бұл бөлік 
басқарудағы ұйымдастыру мәселелерін зерттеу үшін және соңында оның 
жұмыстарын автоматтандыру үшін қажет. Мысалы, кәсіпорын, жоғарғы оқу 
орындары және т.б. Деректер базасын құрғанда пайдаланушы әртүрлі белгілері 
бойынша реттеп, одан көптеген басқа да белгілердің жинақталуы бойынша 
таңдау жүргізе алады. Мұндай жұмысты деректер құрылымы тәртіптелген 
жағдайда ғана жүргізуге болады.
Қажетті деректер базасын жылдам жасауға рұқсат ететін әртүрлі 
программалар жиыны бар: 
Microsoft Access, Microsoft FoxPro, Paradox, dBase, 
InterBase, Oracle
. Олардың ішінде Paradox пен dBase-да деректер базасы 
папкалар сияқты, ал әрбір кесте жеке файл сияқты анықталады, ал Access, 
InterBase және SQL-серверлерінің көпшілігі деректер базасынан тұратын бір 
үлкен файлды қолданады.
Деректер базасы үшін ақпаратты өңдеу және рұқсат алу тәсілдері 
бойынша, сонымен қатар деректер базасының орналасқан орны бойынша 
қосымшалар архитектурасы бірнеше түрлерге бөлінеді.

Жергілікті архитектура
– программа және деректер базасы бір 
компьютерде орналасқан.

Файл-серверлік архитектура
– деректер базасы сервер деп аталатын 
желідегі негізгі (орталық) болып бөлінген компьютерде орналасады. Ал 
клиенттік программалар орнатылған дербес компьютерлер оған жергілікті желі 


15 
бойынша қосылған. Бұл архитектура бірнеше пайдаланушыларға бір деректер 
базасымен бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігін береді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет