12
Бақылау сұрақтары:
1.
Ақпараттық жүйе, пәндік аймақ анықтамаларын беріңіз..
2.
Деректер қоры дегеніміз не және оның АЖ-дегі орны қандай?
3.
Деректер мен метадеректер арасындағы айырмашылық неде?
4.
Деректер қорын басқару жүйесінің мақсаты қандай?
5.
Деректер сөздігі не үшін қолданылады?
6.
ДҚ даму кезеңдерін атаңыз.
7.
ДҚ пайда болуы, ДҚ технологиясын дамытуда қандай рөл атқарды?
8.
ДҚБЖ функциялары қандай?
Дәріс 2. Деректердің логикалық және физикалық тәуелсіздігі
Жоспар:
2.1
Деректер қорының архитектурасы
2.2
ДҚ-да сұраныстың орындалу механизмі
2.1 Деректер қорының архитектурасы
Ғылыми зерттеулер барысында
ДҚБЖ қалай жасалуға тиісті, жүзеге
асырудың түрлі тәсілдері ұсынылды.
Тәсілдердің ішінен америкалық стандарттау комитеті ұсынған ANSI
(American National Standards Institute) ДҚ ұйымдастырудың үш деңгейлі жүйес,
1-ші суретте көрсетілген, орын алды.
1 сурет - ANSI ұсынған деректер қорын басқару жүйесінің үш
деңгейлі моделі
Сыртқы модельдер деңгейі
- әрбір модель өз "көрінісіне" ие болатын, ең
жоғарғы деңгей. Бұл деңгей жеке қосымшалардың
ДҚ-на көзқарасын
13
анықтайды. Әрбір қосымша, осы қосымшаға қажетті
деректерді ғана көреді
және өңдейді.
Достарыңызбен бөлісу: