Ж. С. Нурпеисова аж – дегі мәліметтер базасы


 Деректер қорының пайда болу тарихы



Pdf көрінісі
бет7/106
Дата27.10.2023
өлшемі3,46 Mb.
#188624
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   106
Байланысты:
Нурпеисова-Ж.С.-АЖ-дегі-мәліметтер-базасы

1.2 Деректер қорының пайда болу тарихы 
Есептеуіш техника тарихында, оны пайдаланудың екі негізгі облысының 
дамуын байқауға болады.
Бірінші облысы 
- сандық есептеулерді орындау үшін есептеу техникасын 
қолдану. Есептеу техникасын қолданудың осы саласының ерекшелігі - көлемі 
салыстырмалы түрде үлкен емес, құрылымы бойынша қарапайым деректерге 
қолданылатын күрделі өңдеу алгоритмдерінің болуы болып табылады. 
Екінші облысы 
- бұл автоматты немесе автоматтандырылған ақпараттық 
жүйелерде есептеу техникасы құралдарын пайдалану.
Ақпараттық жүйе келесі функцияларды орындауды қамтамасыз ететін 
бағдарламалық - аппараттық кешені болып табылады: 
-
компьютер жадысында ақпаратты сенімді сақтау; 
-
осы қосымша үшін ерекше ақпарат және есептеу түрлендірулерін 
орындау; 
-
пайдаланушыларға ыңғайлы және оңай игерілетін интерфейсті ұсыну. 
Әдетте мұндай жүйелер өте күрделі құрылымы бар үлкен ақпарат 
көлемімен айналысады. 
Ақпараттық жүйелерді дамытудағы маңызды қадам файлдарды басқаруда 
орталықтандырылған жүйелерін пайдалануға көшу болып табылады. 
Қолданбалы бағдарлама тұрғысынан, файл - бұл деректерді жазуға болатын 
және оқуға болатын сыртқы жадтың атаулы аймағы. Файлдарды атау ережелері, 
файлда сақталған деректерге қол жеткізу тәсілі мен бұл деректердің құрылымы 
- нақты файл басқару жүйесіне және файл түріне байланысты болуы мүмкін. 
Файлдарды басқару жүйесі сыртқы жадтың таратылуын, файлдардың 
атауларын сыртқы жадқа сәйкес адрестерге бейнелеуді және деректерге қол 
жеткізуді қамтамасыз етуді іске асырады. 



Пайдаланушылар файлды жазбалардың сызықтық тізбегі ретінде көреді 
және оның үстіне бірқатар стандартты операцияларды орындай алады: 
-
файлды жасау (қажетті түрі мен өлшемі); 
-
алдында жасалған файлды ашу; 
-
файлдан кейбір жазбаны оқу (ағымдағы, келесі, алдыңғы, бірінші, 
соңғы); 
-
ағымдағы жазба орнына файлға жазу, файлдың соңына жаңа жазба 
қосу. 
Түрлі файлдық жүйелерде бұл операциялар бірнеше өзгеше болуы 
мүмкін, бірақ олардың жалпы мағынасы айтылғандай болады. 
Ең бастысы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет