Ж.СМАҚОВ. «АҚ БҰЗАУ» . ЖУАН ДАУЫСТЫЛАР
Багимова А.Ш.
Быхин атындағы жалпы орта білім беретін
мектептің мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: төрт түлік, оның төлдері,өмірде пайдасы туралы түсініктерін пысықтай отырып, оқушыларға «Ақ бұзау» қлеңінің мазмұнын түсіндіру, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Дауысты дыбыстар оның әшәнде жуан дауысты дыбыстар жайлы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Сабақта оқушылардың білім құштарлығын, байқағыштығын арттырып, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: тазалыққа,әдемілікке баулу. Үй жануарларын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: сұрақ -жауап, әңгімелеу,түсіндіру.
Көрнекілігі: төрт түлік суреті, кесте, ертегі кейіпкерлерінің суреті, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
Түгендеу, оқушының назарын сабаққа аудару.
-
психологиялық дайындық.
-
Біз бүгінгі сабақта «Жеті лақ» ертегісі бойынша саяхат сабақ өтеміз.
«Жеті лақ» ертегісі
Оқушылар ертегіні айта отырып, жеті лақпен бірге тапсырманы орындайды.
(тақтада орман іші, ішкі , ешкі, жеті лақ, қасқыр бейнеленген)
-
Балалар, «Жеті лақ » ертегісін кім айтып береді? (Бір оқушы ертегіні айтып шығады)
Оқушы: Ерте, ерте, ертеде жеті лақпен ешкі болыпты....
Осылайша ертегі соңына дейін айтылады . Қасқырдың тапсырмасын орындау арқылы біз жеті лақты құтқарып алуымыз керек.
1- тапсырма (Пештегі лақты құтқарып алумыз керек)
Өткен сабақты еске түсіру.
Сөзжұмбақты шешу.
-
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ.
Мінсең – қанат,сүті – дәрі, ітң –тамақ.(Жылқы)
-
Кішкене ғана бойы бар.
Айналдыра киген тоны бар. (қой)
-
Үстінде екі тауы бар,
Өзі қызық жануар. (түйе)
-
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар (сиыр)
-
Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар, иегінде сақалы бар (ешкі)
-
Сөзжұмбақты шешкенде қандай сөздер шықты?
-
Жылқы, қой, сиыр, ешкі,түйе – барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?
-
Төрт түлік мал.
-
Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (Дауысты және дауыссыз дыбыс әріптері. Төрт түлік)
-
Үйге қандай тапсырма берілді?
-
«Құлыншақ» өлеңін мәнерлеп оқу
-
Алфавит деген не?
-
Әріп деген не?
-
Дыбыс дегеніміз не?
Мұғалім:Біз пеш ішіндегі лақты құтқардық. Балалар біз енді қасөырдан оның тапсырмасын орындай отырып,әр лақты құтқаруымыз керек.
2- тапсырма: Кестемен жұмыс.
ДЫБЫСТАР
ДАУЫСТЫ ДАУЫССЫЗ
а,ә,е,о,ө,ұ,ү,і б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,
и,у,ю,я,э,е м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ш,щ,ч
-
Неше дауысты дыбыс бар?
-
Неше дауыссыз дыбыс бар?
Дауысты дыбыстар дауыссыз дыбыстарға күн сәулесіндей үн береді.
Осы дыбыстарға сөз ойлап , сөйлем құра.
Тапсырманы орындау арқылы екінші лақты құтқарып, анасына тапсырдық.
3- тапсырма.
Жаңа сабақ.
Кестені әлу арқылы жуан дауысты дыбыстар туралы түсінік беру.
-
Қандай дыбыстарды көріп тұрмыз?
-
А,О,Ы,Ұ
-
Атаған дыбыстар дауысты ма, дауыссыз ба ?
-
Дәптермен жұмыс (күннің реті,сабақтың тақырыбы).
29 – жаттығу.
Сөздерді оқыңдар, жуан дауысты дыбысты табығдар.
(Қасқырдың тапсырмасын орындай отырып,үшінші лақты құтқарып анасына тапсырдық).
4- тапсырма . Сүт тағамдары ненің сүтінен жасалатынын табу үшін жұмбақ жасыру.
Екі айнасы бар , екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар. (Сиыр)
Сиыр – төрт түлік малдың бірі.
Сиырдың атасы – Зеңгі баба.
-
Сиырдың төлі қалай аталады?
-
Бұзау.
(Қасқырдың тапсырмасын орындай отырып, 4 лақты құтқарып анасына тапсырдық).
5- тапсырма.
- Біз бүгін ақын Жақан Смақовтың «Ақ бұзау»атты өлеңімен танысамыз.
Ж. Смақовтың өмір жолымен таныстыру.
Өлеңді мәнерлеп оқып. Мазмұнын түсіндіру.
Оқушыларға жеке жеке оқыту.
(Қасқырдың тапсырмасын орындай отырып, 5 лақты құтқарып, анасына тапсырдық).
6- тапсырма .Бұзауды сипаттау
1. Бұзау қандай?
2. Ол қалай дыбыс шығарады?
3. Бұзау қайда тұрады екен?
(Қасқырдың тапсырмасын орындай отырып, 6 лақты құтқарып, анасына тапсырдық).
7- тапсырма Сабақты қортындылау.
- Жуан дауысты дыбысты ата .
Сөз ойлап , сөз ішінен жуан дауысты дыбысты тап.
-
Төрт түлік малдың адам өміріне қандай пайдасы бар?
Бағалау
Үйге тапсырма : Өлеңді мәнерлеп оқу. 28- жаттығу.
Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
Алғабас ауылы
Достарыңызбен бөлісу: |