Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.
Дайындаңыз: таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды (дәрінің флакондарын) шыны ыдысты, судноны, шыны қалақшаны, жолдаманы жазып ыдысқа жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеу алдында науқасқа емшара барасы мен мақсатын түсіндіріңіз.
3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады деп науқасқа мәлімет беріңіз. Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кенуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады. 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.
Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу арнайы емдәмді қолданылады, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге 5 күн қалғанда. 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.
Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.
Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:
Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады.
Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз.
Ескерту:
тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;
клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |