Дайындаңыз: жылы суды (37-380С), сабынды немесе сусабынды, шылапшынды, крушканы, тісі жиі тарақты, сүлгіні, 6% сірке су ерітіндісін, таза бас орамалды (мақта-матадан жасалған) кірлеген іш киімдерді салатын қапшықты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Халі ауыр науқастың басын төсегінде жуыңыз.
Басына көтеріңкі қалып беріңіз, арнайы бастың астына қоятын құралды немесе матрацты валик тәрізді домалақтап, оны науқастың басының астына қарай қатты бұраңқырап қойыңыз, оның үстіне клеенка төсеңіз.
Науқастың басын мойын деңгейінде артқа қарай шалқайтыңыз.
Керуеттін бас жағындағы орындықтың үстіне науқастың мойын денгейінде ішінде жылы суы бар шылапшынды қойыңыз.
Науқастың басын сорғалып аққан сумен ылғалдаңыз, шашын сабындаңыз, бастың терісін мұқият түрде ысқылаңыз.
Шашты бастың маңдай бөлігінен артқа қараган бағытта сабынмен немесе сусабынмен жуыңыз.
Шашты сумен шайыңыз және оларды сүлгімен сығып құрғатыңыз.
Шашты тісі жиі тарақпен күнделікті тараңыз. Қысқа шаштарды шаштың түбірінен ұшына қарай , ал ұзын шаштарды бұрымға бөліп алып, ұшынан түбіріне қарай жайлымен тарайды. Оларды жұлмауға тырысыңыз.
Басына таза мақта-матадан жасалған орамалды тағыңыз.
Бас астындағы құралды орнына түсіріңіз, барлық күтім заттарын жинап алыңыз, матрацты түзетіңіз.