Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлын (люмбальды) ПУНКЦИЯСЫНА дайындау
Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін).
Қолдану көрсетілімдері: менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы).
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шприцтерді (5 мл, 10 мл, 20 мл) инелермен, тесуге арналған инені мандренімен, пинцеттерді, салфеткаларды және мақта шариктерін, лотокты, қөректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, манометриялық түтікті, 70 спиртті, 5 спирттелген йод ерітіндісін, 0,5 новокаин ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Достарыңызбен бөлісу: |