Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.
Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын 70 спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.
Жұмсақ тіндерге қабаттық инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыру) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін төс сүйегінің ортасына ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде жүргізіңіз.
Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.
Заттық әйнекті кептіріңіз.
Инені алған соң тесілген жерді 5 спирттелген йод немесе 70 спирт ерітіндісімен өңдеңіз, залалсыздандырылған дәке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз.
Қолғапты шешіңіз.
Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.