Биохимиялық зерттеуге көк тамырдан қан алу
Мақсаты: диагностикалық
Қолдану көрсетілімдері: науқасты зерттеу.
Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирустік гепатит, АҚТҚ.
Қан алатын жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік веналары.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 10-20 мл көлеміндегі бір рет қолданылатын шприцті, лотокты, мақта шариктерін, салфеткаларды, 70 этил спиртін, масканы, қолғапты, штативтегі таза пробиркаларды, резеңке бұрауды, клеенкалы жастықшаны, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.
Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өндеңіз.
Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.
Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, оны құрастырып, инеден қалпағын алмай тұрып, ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.
Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.
Бұрауды былай байлаңыз, оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.
Қаржілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).
Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.
Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.
Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.
Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.
Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.
Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).
Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.
Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.
Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.
Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.
Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз.
Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.
Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз.
Пробирканы қанмен бірге штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.
Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.
Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.
Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;
ЖҚТБ және RW қан алуды күннін әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;
қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;
шприцсіз қанды алуға тиым салынады. Тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).
жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;
қауіпсіз жүйесі бар қанды алу вакутайнер (BD VACUTAINER) медициналық қызметкерлерді максимальды сақтауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |