ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, қасағадағы шашты қыру.
Қолдану көрсетілімдері: операция жасау алдында.
Дайындаңыз: жаққышты, сұйық сабынды, қыруға арналған станокты, жеке ұстараны, қолғаптарды, сүрткілерді, суды, Эсмарх крушкасын, судноны.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқасқа судноны беріңіз.
Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қасаға аймағына жағыңыз.
Қасаға аймағындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.
Науқастың астын жуыңыз.
Қасаға аймағының терісін сүрткілермен құрғатыңыз.
Судноны жинап алыңыз.
Қолғаптарды шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |