Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.
Қоятын жерлері
бет 78/220 Дата 27.01.2022 өлшемі 296,97 Kb. #115097
Байланысты:
алгоритм Асқынулар : күйіп қалу, денеде дақ болу.
Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы , балтыр бұлшық ет аймағы , оң жақ қабырға асты аймағы.
Дайындаңыз: резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700 С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты , шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа ем шара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шара жасауға рұқсатын алыңыз.
Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700 С) құйыңыз.
Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.
Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп , саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.
Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.
Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып , оны салқындағанша ұстаңыз.
Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.
Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).
Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз , жылы жабыңыз.
Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.
Жылытқышты сумен жуып , құрғатып , арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып , құрғатыңыз.
Ескерту: жылытқышты жиі және ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: