3.Секірудің құрамына кіретін жаттығулар? Секірудің - көптеген түрлері бар. Солардың ішіндегі ең қарапайымы – бір орында ұзындыққа секіру. Секірудің бұл түрі кезінде дененің оң жақ және сол жақ жартылары тепе- тең қозғалады. Аяқ алдын – ала бүгіледі, осы кезде бұлшық еттер жиырылып осы төменгі жақтың барлық бөліктері жазылады, соның нәтижесінде дене әуеге көтеріле лақтырылады, сөйтіп ытқы алған бұрышына сәйкес өзінің ауырлық орталығымен доға сызық (парабола) бойымен ұшады.
Физикалық дене үшін де, жануарлар организмі үшін де дененің ауырлық орталығы ұшатын деңгейі мен ауырлық орталық ытқу алатын бұрышы бірдей болады. Бұл байланыстылық мынада, егер ауырлық орталық тірек бетінен оған 900 бұырш жасай ытқитын болса, онда дене есеппен жоғары көтеріле де, қайтадан сол өз орнына түседі. Егер серпу 450 – қа келсе басқа жағдайлар бірдей болғанымен ұшу қашықтығы ең көп болады. Егер, бұл бұрыш 450-тан үлкен, бірақ 900 – тан кіші болса, ұшу төменде, түсу қашықтығы да алыс болмайды. Бірақ, іс жүзінде бірқатар қосымша жағдайлардың ырқ ұшу қашықтығын алыстатуға мүмкіндік бар. Мысалы, қашықтыққа жүріп барып секіретін болса 450- тан аз бұрыш жасай секіргеннің өзінде барынша алысқа ұшып түсуге болады. Бұлай болатын себебі – екпінімен секіргенде ытқу бағыты ғана емес, сонымен бірге дененің екпін алар алдындағы әрекет қимылында үлкен маңызы соққан жел мен арттан қуалай соққан жел де әсер етуі мүмкін.
Секірдің қандай түрі болмасын солардың біреуін орындаған кезде негізгі әсер ететін күштер – жерден күш ала тіреніп жылжып кету күші мен дененің өзінің ауырлық күші болып саналады. Ауырлық орталықтың қалықтау жолын осы екі күштің шамасы мен бағытына байланысты тең әрекет ететін қалықтау жолы деп есептеуге болады. Бүкіл секірісті негізгі төрт кезеңге бөлуге болады. Олар: дайындық кезеңі, ытқу кезеңі, ауада қалықтау және жерге түсу кезеңі деп аталады.
Дайындық кезеңі – тізені бүгуден және осымен бірге мезгілде ауырлық орталық тігінің алға, тірек ауданының шетіне қарай аусуынан басталады.
Ытқу кезеңі - немесе ырғу кезеңі аяқ буындарының бірден тез жазылуынан тұрады. Буындардың осындай шапшаң жазылуы нәтижесінде тіреніп жылжуы дененің ауырлық орталығына беріледі, сөйтіп осының ізінше қалықтау кезеңі басталады. Ытқу сәті өте – мөте жауапты сәт болып табылады, өйткені бүкіл дене бұлшық еттерінің; солардың ішінде аяқ бұлшық еттерінің барынша жиырылуын талап етеді. Табандағы барлық бұлшық еттер жиырылып, балтырдың артқы және сыртқы бетіндегі бұлшық еттер, санның төрт басты бұлшық еттердің бастары ұршық буынының артындағы бұлшық еттер күшті жиырылады.
Қалықтау – кезде дененің ауырлық күшінің доға сызық (траэкториясы) алдын – ала (ытқу кезеңінде) берілгендіктен оның тек сырттан әсер ететін күш арқылы ғана (мысалы, қарсы алдынан соққан неме жолай соққан желдердің күшімен ғана) өзгертуге болады. Секірудің әдетегі жағдайлары кезінде сыртқы күштер денеге айтарлықтай әсер етпейді. Бірақ бұлшық еттердің қозғалыстары арқылы дененің қалпын оның өз ауырлық ортылығының қалықтау деңгейін өзгертуге болады. Дененің көлденең немесе бүгілу қалыптарын келтіруге мүмкіндік бар. Дененің қалпын осылай өзгерту арқылы дәл осы траекторияда қалықтау биіктігі мен қашықтығы белгілі дәрежеде арттыруға немесе азайтуға болады. Таяқшадан асып секірген уақытта дененің бүгу арқылы дененің таяқшадан үстімен өтсе де оның ауырлық орталығын таяқшаның астынан өткізуге болады дейтін пікір бар. Теориялық тұрғыдан бүкіл дененің қозғалысы мен оның ауырлық орталығының қозғалысы арасындай мұндай ара қатынасты мүмкіндеуге болады. Секірген кезде қолдарды қозғалтудың белгілі маңызы бар. Егер түрегеп тұрып қолды шапшаң әрі күшті сермейтін болса, онда бүкіл дененің қозғалысын орын ауыстырып байқауға болады. Қолдарын жұлқып сермеу арқылы спортшы дене өз қалпын қозғалыстарға келтіреді. Сөйтіп солжақ қолдың салмағы дененің салмағынан көп болмағанымен бүкіл дененің, массалық екпінімен жеңеді. Сол себептен секірудің ытқу кезеңінде сермеуі дененің жалпы ауырлық орталығының траекториясы біраз әсер етеді. Қалықтау кезеңінде бүкіл дене өз қалпын ептеп өзгертеді. Егер ұзындыққа секірудің ытқу сәті кезінде ауырлық орталығының тік сызығы тірек ауданының алдынан өтетін болса, жерге түсу сәтінде ол оның арт жағынан өтеді.
Секіру жерге түсу кезеңімен – аяқталады. Жерге түсу кезінде аяқтың бұлшық еттері дене жерге түскенде алатын соққыны жеңілдету жұмыстарын атқарды. Жерге түсу кезінде кезінде аяқ тиетін жер немесе алаң ауырлық орталығының қалықтау доғасының жалғасына орналасса ғана тепе – теңдік сақтауға болады. Басқаша айтқанда, бұл жалғас жерге түсу алаңының ішімен өтуге тиіс. Әдетте ұзындыққа секіоген кезде жерге алдымен өкше тиеді, соның салдарынан аяқ басының солқылдақтық қасиеті толық пайдаланылады. Жерге аяқтың ұшымен түсу аяқ басын қатты бүгуді талап ететіндіктен іс жүзінде оны орындау мүмкін емес. Ытқу сәтінде қолдың жоғары қарай сілтенуі демді ішке қарай алуға ықпал етеді, қалықтау кезінде тыныс біраз тоқталып қалатыны байқалады, ал жерге түсу кезеңі демді іштен шығаруға ықпал етеді.
Дененің айналма қозғалыстардың тәнтанулық сипатамасы – біз жоғарыда айтқандай дененің үдемелі қозғалысынан басқа айналма қозғалыстары да болады. Мұндай қозғалыстар кезінде бүкіл дене өзінің жекелеген нүктелерімен кейбір біліктердің маңында сызып шығады. Айналмалы қазғалыстар көбінесе гимнастикада, коньки мәнерлеп тебуде, суға секіруде және тағы басқа спорт түрлерінде кездеседі.