Секіру жаттығуларына мыналар жатады: 1. Алға қарай орташа адымдау қалпынан екі аяқпен кезек секіру.
2. Жартылай жүрелеп отырып секіру.
3. Бірте-бірте жүрелеп отыра және қайтадан жоғары көтеріле секіру.
4. Біресе сол,біресе оң аяқты бір жақ жанға көтере сілтеу арқылы секіру.
5. Аяқты алшақ қойып тұрған қалпыта секіру.
6. Бұл да сондай, бірақ бір жақ жанға қарай үлкен адым жасап тұрған қалыпта секіру.
7. Баяу және тездетіп «төрт аяқтап» жүру.
8. Бастапқы қалыптан артқа жата қалып, төрт аяқтап, алға, артқа баяу жүру. 9. Қолды еденге иық кеңдігіндей алшақтықта тіреп ұстап, ал екі аяқты бірге ұстап, нәтиже есебі үшін тез-тез бүгіп жазу .
10. 100-110см биіктіктен секіріп түсу.
11. Кедергіден және « терезеден » секіру.