Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем бойынша 5 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын дайындап келу.
Бағалау критерийлері:
5 дұрыс жауап- 3 жұлдызша
3-4 дұрыс жауап- 2 жұлдызша
1-2 дұрыс жауап – 1 жұлдызша
Сабақтың тақырыбы: Гендік инженерияның пайда болуы және ген инженериясы шешетін мәселелер. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау ;
9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
«Ой қозғау» 1.Гендік инженерия жайлы не білесіз?
2.Гендік инженерия керек пе? Маңызы неде?
Бағалау парағы
Белсенді қатысу – 2 жұлдызша
Орташа – 2 жұлдызша
Қатыспау – 0
Гендік инженерия жетістіктері
Қолданылу аясы
Жағдаят
Фразалар, сөздер
Монолог
Қоғамдық
-саяси
Сіз Қаржы министрлігіне жұмысқа орналасуға келдіңіз. Мекеме басшысы сізбен жеке танысқысы келеді. Жаңа басшыға өзіңіз туралы айтып беріңіз
Аты-жөні, туған жылы, айы, күні, ұлты, тұрмыста (үйленген), мамандығы, жұмыс орны, марапаттары, жеке қасиеттері.
Ғылыми
Сіз «Гендік инженерия» жайлы ғылыми жобаңызды қорғау үстінде тексерушілер жұмысыңызды жазу барысында қандай қиындықтар туғанын сұрайды. Жауабыңызды монолог ретінде құрыңыз.
Ғылыми жоба, ғылыми әдебиеттер, зерттеу жұмыстары, пайдаланылған әдебиеттер, талдау жұмыстары, қиыншылық
Коммуни-
кативтік
Сіз сыныпқа жаңа оқушы болып келдіңіз. Сыныптастарыңызбен жақсы қарым-қатынас орнату үшін, достасу үшін өзіңіз жайлы монолог ретінде айтып беріңіз.
Қызығушылығым, дос болғым келеді,мінезім, түсіністік, қарым-қатынас
Тапсырма. Қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындаңыз
Дескриптор:
- қажет сөздерді жағдаятқа сай қолдана алады;
-монолог құрай алады
ҚБ
«Қол шапалақтау» әдісі.
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлемде алғашқы сыңар басыңқыдағы іс-әрекеттің орындалу-орындалмау шартын көрсетеді.
Бағыныңқы сөйлем қайтсе? Не етсе? Қайтпейінше? Қайткенде? Не еткенде? Сияқты сұрақтарға жауап береді.
Бағыныңқы сыңарының баяндауыштары төмендегідей жасалады: -са (-се) шартты рай тұлғасы арқылы : Кім бұрын келсе, сол болады.
Болымсыз етістікке көсемшенің –а, -е, -й жұрнақтарының жалғануы арқылы: Сертті сенім болмай, құр сандалбайдан ештеңе шықпайды. -ған (-ген) есімшелі жұрнақтың жатыс септігінде келуі арқылы (егер сөзін қоюға болса, екінші сыңар баяндауышы келер шақта болуы керек): Арқада алты арыс түгел жиналғанда, Қазыбек би келер еді.
Тапсырма
Мысалда берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңыз. Әрбір жасалу жолына 1 мысалдан жазыңыз