7 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
Жалпы деректер
ҚТҚ сұрыптау және өңдеу кезінде атмосфералық ауаны зиянды заттардың ластануынан қорғау қабылданған басшылық және анықтама құжаттары негізінде жүргізіледі:
– ҚНмЕ 1.02.01-85 «Кәсіпорын ғимараттарын, құрылыстарын келісу құрамы, тәртібі, әзірлемесі туралы нұсқаулық»;
– ҚНмЕ 245-71 «Өнеркәсіп кәсіпорындарын жобалаудың санитарлық нормалары»;
– МЕМСТ 17.2.302-78 «Табиғатты қорғау. Атмосфера. Рұқсат берілетін шығарындыларды белгулеу қағидасы»;
– ҚНмЕ 2,01,01-82 «Құрылыс климатологиясы және геофизика»;
– ҚНмЕ 2.04.05.- 91 «Ауаны жылыту, желдету, баптау»;
– ОНД-1-86 «Кәсіпорын шығарындыларындағы зиянды заттардың атмосфералық ауадағы шығырлануы есебінің әдістемесі».
№ 3086-84 елді-мекендердің атмосфера ауасында ластайтын заттары ПДК тізімі.
7.1.1 Ауданның физикалық-географиялық және климаттық жағдайлары мен құрылыс алаңы
Қоқысты көму полигоны ауданындағы құрылыс ауданы келесі климаттық деректермен сипатталады:
– есептік географиялық ендік –480С.Ш.;
– есептік барометриялық қысым – 715 мм сынап бағ.;
– сыртқы ауаның есептік температурасы:
– барынша суық бескүндік үшін орташа: -12,90С;
– ең ыстық айдағы орташа жоғары температура: +25,10С;
– жылыту кезеңінің ұзақтығы: 212 дней.
Суық және жылы кезеңдегі жел өлшемдері:
Суық кезең – қаңтар: желдің орташа жылдамдығы –5,6м/с;
Жылы кезең – шілде: желдің орташа жылдамдығы4,5м/с.
Ауытқуларға ие жергілікті жердің бедері. Аумақтың климаты –жазы құрғақ ыстық және қысы суық шұғыл континентальды. Ең жақын елді-мекен 1000 м қашықтықта.
7.1.2 Атомосфералық ауаға шығарылатын ластайтын заттардың сипаттамалары
Негізгі шығарындылар (тазалаусыз): жылу және шаң-тозаң бөлшектері (7.1-кесте).
7.1-кесте – Негізгі шығарындылар (тазалаусыз): жылу және шаң-тозаң бөлшектері
Зияндылық атауы
|
ПДК мах,Мг/м3
|
ЖҚП қабылданды Мг/м3
|
Шаң-тозаң
|
0,5
|
68
|
Күкіртті сутегі
|
0,0078
|
0,03
|
Кальций тотығы
|
1,3
|
-
|
Жобада шаң-тозаң шығарындылары болған кезде батареялық циклондарда ластанған ауаны тазартатын және көбікті сұйықтықты қондырғыларда түпкілікті тазартатын соратын желдету құрылғысы көзделген. Циклондарда тұндырылған шаң-тозаң компост өндірісі кезінде пайдаланылады (алдын ала ылғалдандыру).
Достарыңызбен бөлісу: |