Ж. З. Оразбаев, Т. Е. Ермеков, М. В. Долгов


Қорытындылар және ұсыныстар



бет37/40
Дата14.12.2021
өлшемі10,16 Mb.
#126249
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
tutynu-zhane-ondiris

Қорытындылар және ұсыныстар
1. ТМД елдері мен шет елдерде қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарды кәдеге жарату және өңдеудің жай-күйін шолу және талдау жүргізілді.

2. Зертханалық зерттеулер арқылы полимерлік қалдықтардың экструдирлеуге дейінгі және одан кейінгі режимдік параметрлері мен физикалық-механикалық қасиеттері анықталды.

3. Өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы темір жол және автомобиль жолдарына арналған шарбақтар мен қар ұстайтын құрылғы элементтерінің, сондай-ақ басқа да материалдардың және ҚТЖСӨҚКЖ зауыты шығаратын өнімдердің негізгі көлемдері белгіленді.

4. ТБЖО кәдеге жарату кезінде қатты тұрмыстық және сұйық қалдықтардың қойыртпақ түріндегі жаңа физикалық-химиялық қасиеттерге химиялық түрлену – кезекті реакциялары негізделді.

5. ҚТҚ жуу және кептіру, ҚТҚ ұнтаққтау, сондай-ақ әртүрлі шанаптар мен сыйымдылықтар үшін жабдықтар параметрлерінің есебі жүзеге асырылды.

6. Қалдықтардан дайындалатын темір және автомобиль жолдары үшін қар ұстайтын шарбақтардың аэродинамикалық қарсылықтарын есептеу жүргізілді.

7. Экологиялық, өндірістік қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ шығарылатын өнімнің экологиялық тазалығын есепке ала отырып ҚТҚ және сұйық қалдықтарды химиялау параметрлері негізделді.

8. ҚТЖСӨҚКЖ қойыртпағы құрамына қосылу үшін өнеркәсіп қалдықтарын (құрылыс, жол-асфальт жабыны, металлургиялық зауыт, ЖЭО және басқ.) өңдеудің технологиялық сызбасы ұсынылды.

9. ҚТЖСӨҚКЖ зауытының бизнес-жоспары әзірленді.

10. Қалалық көму полигондарының, қоқыс сұрыптау зауыттарының, сондай-ақ әртүрлі қоқыс жағу әдістерінің орнына ҚТЖСӨҚКЖ жаңа ұрпақ зауытының технологиялық сызбасы әзірленді.

11. Қалдықтарды химиялық әдіспен кәдеге жарату кезіндегі физикалық-химиялық қасиеттерін зертханалық зерттеу нәтижесінде мынадай жаңа материалдар алынды: қайталама түйіршіктер; темір және автомобиль жолдарыныңқар ұстайтын шарбақтары үшін тақтайшалар (рейкалар); құрылыс пликалары: жиектас, жол жиектастары,; 350 және одан жоғары вольтты жоғары кернеуге ие жерасты кабельдері үшін электр оқшаулау таспалары; жылыту үшін жылу оқшаулау таспалары; тозған металл құбырларды сыртқы және ішкі жабу үшін арнайы материалдарды; темір және автомобиль көлігі үшін әртүрлі тану белгілері және басқ.

12. Зертханалық зерттеулер бір тонна ҚТҚ химиялық қосылыстары мен сұйық өнеркәсіп қалдықтарынан ауысымда 100 мың киловатт электр энергиясын алуды қамтамасыз ететін 20м3 дейін метан, пропан алуға болатынын көрсетеді. Қойыртпақты өндірістің басқа да қалдықтарымен байланыстыруға мүмкіндік беретін өнеркәсіптің әртүрлі салалары үшін инновациялық материалдардың толық атауы қажет.

13. Зертханалық зерттеулер нәтижесінде шаруашылық қатты-тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын химияландыру есебінен инновациялық қойыртпақ алынды, ол өндіріс пен өнеркәсіптің басқа қалдықтары есебінен жаңа материалдар алу мүмкіндігін береді. Жаңа тәжірибелік технологиялық желі әртүрлі саладағы инновациялық материалдар мен бұйымдар алу үшін қолданылады. Барлық дайындамалар ҚР патенттері базасында өнертабысқа авторлық куәліктермен қорғалған.

14. Зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша Астана қаласының әкімдігінің бірінші орынбасары, Мәскеу қ. «ГИНЦВЕТМЕТ» институты» ФГУП және «Қазақ ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» ЖШС тәрізді мамандар мен ұйымдардың оң шешімдері мен пікірлері алынды, олар ҒЗТКЖ «Тұтыну, өндіру және өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу және кәдеге жарату параметрлерін зерттеу және негіздеудің» пайдалалылығын және жаңалығын атап өткен болатын. Сондай-ақ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғылыми қызметті дамыту үшін инерциялық материалдар мен бұйымдардың механикалық, физикалық, химиялық және басқа да қасиеттерін зерттеу және негіздеу бойынша тәжірибелік цех құру қажеттілігі атап өтілді. Конференция хаттамалары мен дипломдарының көшірмелері 1, 2, 3, 4-қосымшаларында берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет