|
Дидактикалық материал 6 сынып Шаңғы дайындығы сабақтарының қауіпсіздік ережелері
|
бет | 1/5 | Дата | 31.05.2024 | өлшемі | 47,38 Kb. | | #203052 | түрі | Сабақ |
| Байланысты: 1-nsa -ksh-pen-shydamdyly-damytu-zhattyulary -didaktikaly-material-59-saba
Дидактикалық материал 6 сынып
Шаңғы дайындығы сабақтарының
қауіпсіздік ережелері:
-
Шаңғышының киімі жеңіл және барынша ыңғайлы болуы керек.
-
Серуен жолы бойында асфальт жол кездессе, міндетті түрде шаңғыны шешіп, қолмен алып өту керек.
-
Егер серуен кезінде алда кетіп бара жатқан жолдасыңды қуып жетсең,оның шаңғысын баспауға тырыс.
-
Таудан сырғанап келе жатқанда оқыс құлау жағдына тап болып, жарақаттанып қалмау үшін шаңғы таяғын ұшымен ешқашан алға шығаруға болмайды.
-
Шаңғыны да дұрыс таңдап алу қажет. Сол себепті мына шарттар орындалуы қажет:
-
Шаңғы таяғының ұзындығы жанға түзу созған қолға тіреліп тоқтайтындай болғаны жөн.
-
Шаңғы аяқ киімі бір өлшем (размер) үлкен болуы шарт. Аяққа таза, құрғақ жәй шұлық пен жүн байпақ киген абзал.
-
Қолға міндетті түрде қолғап кию керек.
-
Қыз балалар құлақтарындағы сырғаларын міндетті түрде шешу керек.
-
Қатты суық күндері балалар бірін-бірі қадағалап жүру керек. Үси бастаған жерін көрсе міндетті түрде мұғалімге хабарлау керек.
-
Қозғалыс барысында ара-қашықтықты сақтау керек Кем дегенде 5-10 метр.
-
Шаңғыны қолға ұстап жүргенде өкшесін жерге ұрмай ұстау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|