IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары
1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.
2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.
3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.
V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары
1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.
2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.
3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.
4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.
Конькимен жүру сабақтарының
қауіпсіздік ережелері:
Конькимен жүру кезінде жарақат алып қалмау үшін міндетті түрде төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
Конькиді алғаннан кейін дұрыстығын тексеріп,резеңке төсеніш төселген жерде отырып аяққа кию керек.
Мектептен шыққанда, сатыдан түскенде ара-қашықтықты сақтап (2-3м) оң жақ қанатпен түсу керек.
Мұз айынында сағат тіліне қарсы буғытпен қозғалу керек.
Конькимен жүре алмайтын оқушылар айналымның ішкі жағымен сағат тіліне қарсы буғытпен қозғалу керек.
Жолды тиісті жерде кесіп өту ережесін ұмытпаған абзал.
Мұз айдынына конкисіз шығуга болмайды.
Бірін-бірі итеріп, қуып ойнауға болмайды.
Шаңғы тебудің пайдасы, шаңғышы киімі, қауіпсіздік техникасы ережелері, саптағы жаттығулары, шаңғы жабдықтары және оның күтімі туралы әңгіме жүргізу
А) Шаңғы спорты – қысқы спорт түрлері негізгілерінің бірі. Бұл спорт түрлерінің қатарына шаңғымен жарысу, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, биатлон түрлері енеді. Бұлардың барлығы да қысқы Азия ойындардың, Олимпиадалық ойындардың бағдарламаларында бар. Шаңғы спортынан жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетін болғандықтан адамның денсаулығына өте пайдалы. Ол адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, батылдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қасиеттерді өкпенің сыйымдылығы жан-жақты дамытады. Шаңғы спортымен айналысу кезінде адамның барлық дене мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан ол жан-жақты жетілуге, дамуға, шынығуға негіз салады. Шаңғы спортынан алғашқы ресми жарыс 1767 жылы Норвегияда өтті.
Ә) Шаңғы – қар бойынша адамның орын ауыстыруы үшін құрал-сайман, (150-220 см) екі ұзын ағаш пластиктен жасалған планктері болады. Шаңғылар қажетті арнайы шаңғы бәтеңкелер шаңғылардың қолдануы үшін аяқтарға бекіткіштер арқылы бекітіледі.
Бұл спорт түрімен айналысқанда киетін киім-кешекке де көңіл бөлген дұрыс. Ең бастысы, киетін киім жеңіл, ыңғайлы әрі жел өтпейтін жылы болуы тиіс. Шаңғы тебудегі ең ыңғайлы әрі жылы аяқ киім – табаны қатты, былғарыдан тігілген бәтеңке.
Б) Өз бойыңа лайықтап шаңғы мен шаңғы таяғын таңдап алу: - шаңғыны жаңына тігінен ұстап, бір қолыңды жоғарыға созғанда, алақаның шаңғының ұшына емін-еркін жету; - шаңғы таяғының ұзындығы жанға түзу созған қолға тірелу.
В) Шаңғының сырғанайтын бөлігінің бастапқы қалпын сақтау: шаңғының ортасындағы иін шаңғымен жүру кезінде аяққа серпімділік береді. Сондықтан оны неғұрлым ұзақ сақтауды естен шығармаған жөн. Ол үшін шаңғының табандарын беттестіріп, бас жағы мен аяқ жағын жіппен байлап, ортасына керіп ашып тұратындай ағаш қысып қою керек.
Шаңғыны дұрыс пайдаланып, табанына арнайы май жағылады. Ауа райына байланысты жағылатын майдың бірнеше түрі болады. Шаңғыны майлаған кезде бірнеше ереже есте сақтаған дұрыс: - шаңғы табаны құрғақ әрі таза болуы тиіс; - майды шаңғының табанына біркелкі етіп жағу керек.
Г) Шаңғы тепкен адам өзін шапшаңдық пен төзімділікке шыңдап қана қоймай, сонымен қатар жақсы тынығады. Бұл спорт түрі жасқа қарамайды, онымен жас та, кәрі де айналысады. Шаңғы тебуді үйрену арнайы ережелерді талап етпейді. Жаттығуларды қарапайым жай жүрістен бастаған дұрыс. Шаңғы тебуді үйренудің қарапайым тәсілі – екі аяқпен адымдап, алға қарай сырғанау. Осы әдіс екі аяққа салмақты алма-кезек түсіруге негізделген. Адам сол аяқпен адымдағанда таяқ ұстаған оң қолды алға, ал оң аяқпен адымдағанда сол қолды алға қарай сермейді. Осылайша, алма-кезек адымдау кезінде таяқ жерді бір рет қана тірейді.
Дене шынықтыру бойынша
рефлексивті карточка
Оқушының аты-жөні
Сынып
Сабақ күні
Мені таң қалдырды: .…
Сабақтың өмірде қолдануға бергені: .…
Мен орындағым келеді: .…
Дене шынықтыру бойынша
рефлексивті карточка
Оқушының аты-жөні
Сынып
Сабақ күні
Мені таң қалдырды: .…
Сабақтың өмірде қолдануға бергені: .…
Мен орындағым келеді: .…
Достарыңызбен бөлісу: |