3.2.2 ҚТЖСӨҚКЖ жолымен бұйымдар мен өнімдер өндірісі
Қалдықтардың әртүрлі компоненттерін (полимерлік, қатты қағаз, қағаз, тоқыма, резеңке, шыны және басқ.) экструдирлеу жолымен мына материалдарды: ҚР №ЦП-751/1, 2001ж. темір жолдарының қармен күрес жөніндегі нұсқаулығына сәйкес темір жол бұйымдарын, тұрақты қар ұстайтын шарбақтар құрылымын алуға болады.
3.1-кесте – қалдықтардың жеңіл үлгісінен жасалған шарбақтың негізгі элементтері
Шарбақтың биіктігі, м
|
Бағанның диаметрі, см
|
Бағанның ұзындығы, см
|
Тіреуіштің диаметрі, см
|
Прогонның көлемі, см
|
Тор көлемі, см
|
3,0
|
25
|
460
|
20
|
6х10х325
|
1,5х10х100
|
4,0
|
25
|
56
|
20
|
6х10х325
|
1,5х10х140
|
5,0
|
25
|
660
|
20
|
6х10х325
|
1,5х10х180
|
3.2-кесте – Қалдықтардан жасалған қар үрлеуші шарбақтардың негізгі көлемі
Шарбақтың биіктігі, м
|
Биіктігі панели, м
|
Үрлеу ойығының биіктігі, м
|
Бағанның диаметрі, см
|
Тіреуіштің диаметрі, см
|
Прогондарының көлемі, см
|
5
|
3
|
2
|
25
|
20
|
60х130х330, 1,5х10х300
|
Темір жолдар үшін жоғарыда аталған бұйымдардан өзге қалдықтарды экструдирлеу жолымен:
тасымалданатын торлы қалқандар;
темір және автомобиль өту жолдарының тану белгілерін алуға болады.
Өнім өндірісінің бастапқы шикізатына қоқыстың құрамдары: құм мен бояғыштар қосылған полиэтилен бұйымдары, қағаз, ескі киім, пластмасса қалдықтары болып табылады.
Қоқыс ҚТЖСӨҚКЖ цехына дейін жеткізілетін болады. Ол Астана қ. әкімінің кепілдік-рұқсат беруіне сәйкес «Астана Горкоммунхоз» АҚ полигонында орналасатын болады.
Жеңіл автомобильдер үшін бамперлер, ауа кескіші, терезе жақтаулары мен есік блоктарының өндіріс үшін негізгі шикізат қайталама полиэтилен болып табылады. Қайталама полиэтиленнен сұйық масса алған соң арнайы пресс-нысандарға массаны құю жүзеге асырылатын болады. Өнеркәсіп циклдерінің неғұрлым нақты сипаттамасы келіссөздер процесінде берілетін болады.
Негізгі өндіріске жылу оқшаулау материалдарын, электр оқшаулағыш таспа, қар ұстайтын шарбақ элементтері мен қалқандарын және басқ. алу болып табылады.
Цех келесі өнімді жыл ішінде шығаратын болады:
1. Жылу құбыржолдарын жабу үшін сыртқы қаптама 8 млн. теңгеге;
2. 2 млн. теңгеге жылу оқшаулау материалдары;
3. 6 млн. теңгеге электр оқшаулау таспаларын;
4. 46 млн. теңгеге темір жолдары мен басқ. үшін қар ұстайтын шарбақтар, карточка қалқандары;
5. Құрылыс материалдары (жабынқыш, жиекжол плиткалары және басқ.)
Достарыңызбен бөлісу: |