Ж. З. Оразбаев, Т. Е. Ермеков, М. В. Долгов


ҚТЖСӨҚКЖ жобасының сипаттамасы



бет16/40
Дата14.12.2021
өлшемі10,16 Mb.
#126249
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40
Байланысты:
tutynu-zhane-ondiris

3.2.1 ҚТЖСӨҚКЖ жобасының сипаттамасы
ТМД елдері мен шет елдерде (АҚШ, Жапонияда, Италияда, Германияда және басқа да елдерде) құбырдың сыртқы жабыны және бастапқы полимер материалдары базасында құрылыс және жиһаз материалдарын алу мәселелерімен айналысады.

Соңғы бес жылда бастапқы полиэтилен қаптарынан, пакеттерінен, ликер-арақ-шарап зауыттары үшін сыйымдылықтар, жидекті сусындар мен басқа да сұйықтықтардан өнім шығар артып келеді. Қарағанды коммуналдық көлік басқармасының деректері бойынша ай сайын жалпы қалалық қоқысқа табиғи ортаны ластайтын 12000 тоннадан астам полимер, пластмасса, өнеркәсіптік-тұрмыстық қалдықтар түседі. Осының салдарынан Қазақстан Республикасының халқы мен халық шаруашылығына келтірілген нұқсаны жылына миллиард теңгеге жетіп отыр. Сонымен қатар, коммуналдық құбыржолдарының тоттануы халық шаруашылығына ірі нұқсандарға алып келіп отыр. Ол судың асыра шығынына, өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың ағынды суларға қосылуына алып келмекші. Осының нәтижесінде топырақтың құрамы бұзылады. Осының бәрі облыс пен өңірдің экологиялық ахуалына әсер етеді.

Ұсынылатын жобаны іске асыру қатты және сұйық қалдықтарды өңдеуге негізделген экологиялық таза өндірісті құру мүмкіндігін береді.

Жүргізілген зертханалық тәжірибелер полиэтилендерді қайталама өңдеудің физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерінің кеміту жағына қарай 17-21% өзгертетінін, ал қысымы мен температурасының өзгеріссіз қалатынын көрсетті. Қоқыстан жасалған бұйымды қайталама температуралық өңдеуден кейінгі өңделген өнімді терезе және есік жақтауларын, плиталар, бамперлер, фара қорғау торларын, сондай-ақ тоттанудың әсерін жою мақсатында металл құбырларды сыртқы және ішкі жабу үшін пайдалануға болады.

Салу ұсынылып отырған қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдейтін цех Los Angeles, Californian, USA тіркелген NSL International, Trading, Inc корпорациясының «NSL-HYDROMEX» қоқыс өңдеу зауыты негізінде, сондай-ақ № 1 қосымшада көрсетілген Қазақстандағы өнертабысты пайдалана отырып дайындалған.

Ұсынылып отырған қатты тұрмыстық және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу технологиясына сәйкес шығарылатын өнімдер тұрмыста, сондай-ақ өндірісте пайдалану үшін қауіпсіз. Аталған технологияның үлкен артықшылығы стронций, сынап тәрізді және басқа да көптеген сұйық ортадан ауыр металдарды алу болып табылады.

Аталған технология қатты және сұйық қалдықтарды, химиялық заттарды, полимер бұйымдарынан жасалатын қаптама материалдарды (әртүрлі сұйықтықтарды, қаптар, тамақ және спирт өнімдері мен т.т.), ластанған топырақты, коммуналдық қалдықтарды, емхана, ауруханалардың қалдықтарын, тоқыма материалдарын, пластика, шина, бояу, ерітінділер, мерзімі аяқталған майлар және қоспада әртүрлі арасалмақтағы (темір жол және темір-бетонды қалдықтардан өзге) басқаларын өңдеу мақсатында жетілдірілген.

Теориялық және тәжірибелік зерттеулер қалдықтарды сұрыптау, тазалау және өңдеу технологиялық процестерінің электростатикалық өрістегі механикалық, гидростатикалық бөлу операцияларымен және құрамы қалдықтардың әсіресе полимерлік қалдықтардың биологиялық ластануын бейтараптандыратын парамагниттік сұйықтықта гидростатикалық бөлу операцияларымен қамтамасыз етіледі. Қатты және сұйық қалдықтарды өңдеу жолымен

Қатты және сұйық қалдықтарды өңдеу арқылы:


  • Темір жол бұйымдары мен белгілері;

  • Автожол бұйымдары мен белгілері;

  • Жылу және электр оқшаулағыш материалдар;

  • Жиһаз материалдары (плиталар, панель, фурнитуралар);

  • Құрылыс материалдары (жабынқыш, жиекжол плиткалары мен басқ.).

Жоғарыда аталған өнімдердің негізгі тұтынушылары автомобиль, құрылыс, ағаш өңдеу, тоқыма зауыттары, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары бола алады. Аталған жобаның негізгі міндеті қалалық тұрмыстық қоқысты өңдеудің қалдықсыз, экологиялық таза технологиясын ұйымдастыру. Қара және түсті металдар металлургиялық комбинатпен жеткізілуі мүмкін.

2002 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» магистральды темір жолдары ЖАҚ рельсті жолдар үшін полимерлік қалдықтардан қар ұстайтын шарбақтарды, сондай-ақ, қалқандар, қоршау, жол белгілері мен карточкалар дайындау және енгізу жөніндегі тұтынушысы және тапсырыс берушісі болып табылады. Полимерлік қалдықтар өңдеуге, қағаз, резеңке және тоқыма қалдықтары темір жолдар, сондай-ақ полимерлі-құмды құрылыс құрылымдары үшін қатты қағаз немесе бұйым компоненттерінің өндірісі үшін шикізат бола алады.

Аталған жоба «Қарағанды-Пауэр» АҚ, «Караганда-Водоканал» АҚ, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖАҚ және басқаларының тапсырыстары бойынша өнім алу мақсатында қатты және сұйық өнеркәсіп қалдықтарын өңдеу жөніндегі цех өндірісі процесін ұйымдастыруды көздейді.

Өндіріске қажет өнеркәсіптік орынжайлар жер асты коммуникациялары бар екі қабатты ғимарат базасында салынады немесе салынатын болады.

Өйткені цехтар жиналмалы болғандықтан, монждық-құрылыс жұмыстарына жарты жылдан аз уақыт бөлінеді. Цех монтаждарымен қоса Порхоменко атындағы зауыт арқылы жабдықты сатып алу мен дайындау жүргізілетін болады.

Өндірісті ұйымдастыру үшін үлестік қатысуға негізделген бірлескен кәсіпорынды құру жоспарланады. Өйткені «Еңбекші» кәсіпорыны өзіндік капиталға ие емес, бірақ авторлық куәлік пен қатты және сұйық қалдықтарды өңдеу базасында құрылыс және басқа да материалдардың экологиялық таза өндірісін құру патенттеріне ие (3-қосымша), онда бірлескен кәсіпорынға салым ретінде $ 1 200 000 сомаға бағаланған патенттер мен авторлық куәліктердің бөлігі ұсынылады. Бұл жағдайда екінші жағынан 88 000 000 теңге сомаға капитал болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет