Қоян: Жіберіңдерші, деп жылап келеді
Түлкі: мен қуырдақ жеймін.
Қасқыр: мен қақталған ет жейтін боламын. Рахатын ай
Қоян: Оны қайдан аласыңдар? Ал мен сәбізді жақсы көремін.
Түлкі: ақымақ.
Қасқыр Хмм, Иә, жейсің. Біз сені жейміз, хахахха
Қоян: Жоооқ менің жемеңдерші, мен мүлдем тәті емеспін.
Қасқыр: мен басынан былай қарай жесем, былай қарай сен жейсін. 70% маған 30% саған
Түлкі: Тоқта, тоқта. Мен сонда рахаттанбаймын ба?
Қасқыр: Сенің менің рахатымда шаруаң болмасын.
Түлкі: Шаруаң болмасын? Сенің есін дұрыс па? Қоян біреу ақ қой.
Қасқыр: Иә, біреу. Өз рахатынды өзің жасап ал. Біреу болғандықтан өзім жеймін.
Түлкі: Неге сен, мен жеймін.
Қасқыр: мен жеймін. Ой, қанекей былай тұршы, деп қоянды итеріп жібереді де түлкімен таласып жатады. Қоян қашып кетеді.. де іздеп жүрген аңдарды кездестіріп, аман қалады.
Аю: Тотти, ақ қояным аман есеңсін бе? Еш жерің жарақаттанбады ма?
Қоян: Аю мырза, менің Түлкі мен Қасқыр қақтап, қуырдақ қылып жей жаздады. Сіздерді кездестіргенім қандай жақсы болды. Сіздер мені құтқарып қалдыңыздар.
Аңдар: ИӘ.ИӘ
Аю: Қап ай, екеуін енді ұстап алсам, аямаймын. Жарайды жүріңдер шырша жанына жақындайық. Мерекеміз жақындап қалды. Көңіл көтерейік.
Ән: Жаңа жыл Аққала: Балалар жаңа жылымыз келіп қалды. Аяз ата мен Ақшақарымызды қарсы алайық.
Бірге бәріміз шақырайық.
Аяз ата Ақшақар , Аяз ата Ақшақар,
Барлығы: Алақай, Алақай
Аяз ата: Амансыңдар ма балақайлар! Амансыңдар ма ата аналар!
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, менің көңілді достарым!
Аяз ата: Қандай керемет әсем шыршамыз. Қандай әдемі балақайлар. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ақшақар: Аяз ата, әсем шыршамыздың шамы жағылмай қалыпты ғой..
Аяз ата: Дұрыс айтасың, Ақшақар қызым, шыршамыздың шамын жағуға Жаңа жылымыз келсін. Ұлуым келе ғой, өзің жақ.