Қоян: тоса тұрыңыздар, Менің Жаңа жыл иесіне беретін сыйлығым бар еді. Қазір. А міне, осы саған шыршаны жағуға көмектеседі.
Ұлу: Рахмет, қоянжан.
Бір, екі, үш, төрт
Шырша шамы жарқыра
Бәрі: Алақай, керемет, УУУУУ
Ақшақар: Кәне бәріміз шыршамызға арнап ән айтайық . Дөңгелене тұрайық
“Орманда шырша туыпты” әні хоровод Аяз ата: Ааауу ана екеуі не істеп тығылып жүр. Аңдардың жанына Түлкі мен Қасқыр келеді. Аю: Олар қоянды күні бойы ұстап алып, қулық жасағадары үшін қуып жібердік.
Аяз ата: Ееее, бұларың болмады енді. Балалар бұл екеуі енді олай жасамайды. Солай ма?
Қасқыр мен Түлкі: Жасамаймыз.
Аяз ата: Тәртіпті боласыңдар ғой. Ендеше біз кешірейік оларды.
Қоян: Жоооқ.
Аю: Тотти, өзіміз айтқан жоқпыз ба кешірімді болу қажет деп.
Қоян: иә, жарайды.
Түлкі: Иә, бәріне кінәлі мынау қасқыр. Екеуі тағы төбелесейін деп жатады.
Аяз ата: Қарақтарым қойындар. Жаңа жыл мерекесінде ұрыспай, тату тәтті болайық.
Ал , балалардың өнерлерін тамашалайық!
Қасқыр: Аяз ата, ендеше біздің сіздерге дайындаған өнеріміз бар. Кішкентай санта клаустар келіп жетті. Тамаша билерін алып келіпті.
Аяз ата: Ау, жарайсыңдар. Тамашалайық!
Санта Клаустар биі.